Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 32 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Бәсекеге қабілеттілік ауыл шаруашылығында


Жоспар
1 Ауыл шаруашылығындағы бәсекеге қабілеттілік 3
1.1 Бәсекелестік факторы 3
1.2 Бәсекеге қабілеттіліктің негізгі көрсеткіштері және оған әсер ететін факторлар 8
1.3 Өнімнің бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалау 10
2 «Алатау» ЖШС өнімінің бәсеке қабілеттілігіне баға беру 12
2.1 Қазақстан Республикасындағы құс еті және жұмыртқа өнімдері нарықтарын талдау 12
2.2 «Алатау» ЖШС-нің техника – экономикалық көрсеткіштерін талдау 15
2.3 «Алатау» ЖШС-нің маркетингтік қызметін және бәсекеге қабілеттілігін талдау 18
3 Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін жетілдіру жолдары 23
3.1 Бәсекеге қабілетті өнім өндірудің тиімді тетігі – кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру 23
3.2 «Алатау» ЖШС-нің бәсекеге қабілеттілігін көтеру жөніндегі ұсыныстар 24
Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиет көздері 32

1 Ауыл шаруашылығындағы бәсекеге қабілеттілік
1.1 Бәсекелестік факторы
Ауыл шаруашылық салалардың ел экономикасындағы маңыздылығы, оның ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін сақтауда, мемлекеттің экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуда, отандық өзара байланысты кәсіпорындардың тиімділігін арттыруда және олардың сыртқы өндірушілерге тәуелділігін төмендетуде, ауыл шаруашылығы өнімдерін мақсатты пайдалануда және бәсекеге қабілетті өнімдер шығару арқылы мемлекеттің әлемдік нарықтағы беделін арттыруда көрініс табады.
Қоғамдық қайта өндіруді анықтайтын фактор бәсекелестік болып табылады. Ол бәсекелестік процесске қатысушыларды сұраныспен бейнеленетін қоғамдық қажеттілікті жылдам қанағаттандыруға, инвестицияны меңгеруге, ғылыми-техникалық процессті дамытуға, шығындарды азайтуға, сапаны көтеруге итермелейді. Осылайша бәсекелестік процесске қатысушылар іріктеліп, халықаралық еңбек бөлінісіндегі ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетін көтереді.

1.2 Бәсекеге қабілеттіліктің негізгі көрсеткіштері және оған әсер ететін факторлар
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін құрайтын көрсеткіштерді толығымен қарастырып өтейік:
Техникалық көрсеткіш - нарықта тұтынушылар ұсынатын талаптарға өнімнің сапасының, техникалық деңгейінің сәйкес келуімен анықталады. Бұл талаптар біздің елімізде де, шет мемлекеттерде қол жеткізілген ғылыми техникалық прогресстің және әлеуметтік-экономикалық деңгейінің жеке және қоғамдық қажеттіліктерді сипаттайды.
Тұтынушылардың техникалық көрсеткіштерге талаптары ұлттық және халықаралық стандарттардан көрінеді.
Стандарттау дегеніміз – шығаруға дайындалған өніміне, оны маркировкалау әдістеріне, қорабына, тасымалдауына және сақтауына техникалық көрсеткіштерді (нормаларды) дайындау және белгілеу./5/.
Стандартталатын затпен анықталатын құжат – стандарт деп аталады. Стандарттар өнімнің толық сипаттамасын, оны өндірудің техникалық шарттары, қабылдау, сорттау, қораптау, тасымалдау және сақтау ережелерін қамтиды. Өнімнің сапасын бағалау кезінде ең бірінші оның стандартқа сәйкестігіне көңіл бөлінеді. Стандарттарға сәйкес келу – реттелетін тұтынуылық параметр. Оны бұзған жағдайда өнімнің бәсекеге қабілеттілігі нөлге теңеледі.

1.3 Өнімнің бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалау
Өнімнің бәсекелік қабілетін бағалау бүгінгі күні өндіруші үшін де, тұтынушы үшін де маңызды. Өнімнің бәсекелік қабілеті оның құрамындағы заттармен, сапасымен, беріктігімен, адам өміріне қауіпсіздігімен және сол сияқты көптеген жағдайлармен бағаланады. Өндіруші өз өнімінің бәсекеге қабілеттілігін бағалағанда тұтынушы тарапынан қойылатын талаптарды ескеруі қажет.

2 «Алатау» ЖШС өнімінің бәсеке қабілеттілігіне баға беру
2.1 Қазақстан Республикасындағы құс еті және жұмыртқа өнімдері нарықтарын талдау

Әлемде жұмыртқаны тұтыну динамикалық түрде дамуда. 2000 жылы жұмыртқаны тұтынудың орташа тұтыну көлемі 833 млрд. данаға жетті. Жұмыртқаны әлемдік өндіруден лидерлер болып Қытай (314 млрд. дана), АҚШ (83,5 млрд. дана), Жапония (41,8 млрд. дана), Ресей (34,5 млрд. дана) табылады.

2.2 «Алатау» ЖШС-нің техника – экономикалық көрсеткіштерін талдау
«Алатау» ЖШС-гі өзінің қызметін 1998 жылы наурыз айынан бастаған. «Алматы Құс» АҚ-ы франчайзингтік компания болып табылады және өз бетінше ет және жұмыртқа өндірумен айналыспайды. Компания активтерін жалға береді. Жалға алушылар бәсеке негізінде таңдалып ұйым оның қызметіне қатаң бақылау жасайды. Табыс құс фабрикасын жалға алушылардың төлемі мен жұмыртқаны өткізуден жиналады. Сонымен, «Алатау» ЖШС-і «Алматы Құс» АҚ-ның акционері болып келеді. «Алатау» ЖШС-і жарғылық қордағы қарапайым акцияның 1,7 құрайды. Бүгінгі күні «Алатау» ЖШС келесідей қуатқа ие: жылына 855 кг тауық еті және 12 511 000 дана жұмыртқа өндіріледі.

2.3 «Алатау» ЖШС-нің маркетингтік қызметін және бәсекеге қабілеттілігін талдау
«Алатау» ЖШС-нің маркетингтік қызметіне келетін болсақ компанияда маркетингпен “Маркетинг және Өткізу” бөлімі айналысады. Бұл бөлімнің өзі бірнеше бөлімдерден тұрады.
Маркетингті зерттеу бөлімі, мұнда ең бастысы әлеуетті тұтынушыларды анықтау. Олардың қажеттіліктерін зерттеу, нысаналы нарықты таңдап алу үшін тауарға бүгінгі және болашақтағы сұранысты белгілеу, әсіресе нарыққа жаңа тауарды дайындау, оны өңдеп, шығаруда маңызды орын алады.

3 Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін жетілдіру жолдары
3.1 Бәсекеге қабілетті өнім өндірудің тиімді тетігі – кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру
Әлемдік нарықта қалыптасқан өнімді ұсыну мен оның сұранысына қатысты маркетингтік қағидалар қоғамның дамуына, тұтынушылардың талғамдарына, ұсыныстың артуына байланысты жаңа бағытта көрініс таба бастады. Негізгі үш қағидадан тұратын бұл бағыттың негізгі нысаны болып тұтыну нарығының қажеттілігін ескеру саналады:

Қорытынды
Дипломдық жұмысты орындау барысында біз сапаның өнімнің бәсекелік қабілеті мен өндіріс тиімділігіне үлкен әсер ететініне көз жеткіздік. Сапа - әр түрлі факторлардың жүйелі айқындалуын көрсететін синтетикалық көрсеткіш болып табылады. Бұл түсінік өнімнің құрамын және сипаттамаларын білдіреді.
Тауар сапасын арттыру стратегиясын дайындауда қозғалыстағы сапа көрсеткіштерінің тұрақты болмайтындығын ескерген жөн. Тауардың сапасын көтеру стратегиясы элементтерінің бірі болып сериясы 9000 ИСО халықаралық стандарттарының негізінде құрылуы қажет сапаны басқару жүйесі табылады.

Пайдаланылған әдебиет көздері
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан- 2030: Барлық Қазақстандықтардың өркендеуі, Қауіпсіздігі және хал – ауқатының артуы Ел Президентінің Қазақстант халқына жролдауы.А : Юрист, 200г.
2. Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін.// Егемен Қазақстан  наурыз.
3. ҚР “Бәсеке және монопольдік қызметті шектеу туралы” Заң .// Егемен Қазақстан, 200жыл ,2 қаңтар.
4. ҚР “Тамақ өнімдері сапасы мен қауіпсіздігі туралы” Заң.// ҚР Парламентінің жаршысы, 2004 №6.