Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Реферат

Объем: 6 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Іскери сөйлеу тілін оқыту тәжірибесінен

Жоғары оқу орнындағы іскери қазақ тілі курсының басты мақсаты - тіл үйренуші болашақ жас мамандарға (студенттерге), мемлекеттік тілді іс қағаздарын жүргізу мен ресми қарым-қатынас тілі ретінде үйренуіне ықпал ету және күнделікті қолданыста пайдалануға дағдыландыру. Курс негізінен оқу орындарында казак тілін оқыту курсынан өткен, қазақы тілдік ортада тілдің фонетикалық - лексикалық ерекшеліктеріне төселген, ендігі жерде ресми қарым-қатынас тілін үйренуді мақсат еткен мамандарға мемлекеттік тілді тереңірек үйренуге септігін тигізеді.

Біздің алдымызда отырған студенттердің тілді меңгеру дәрежесінің әртүрлі деңгейде екенін ескерсек, бұл пәнді жүргізудің тиімді әдіс - тәсілі ретінде рөлдік ойындар, мен түрлі деңгейлік жағдаяттық тапсырмаларға сүйенуімізге тура келері сөзсіз. Өйткені тілді алғаш үйренушінің Дәрежесіндегі тапсырмалар тілді еркін еңсерген студенттердің ресми тілді меңгеруге деген қызығушылығын жойып алмауы керек.

Визит карточкасы - іскер адамдардың қарым - қатынас жасауына арналған іскерлік құжат. Иесінің аты - жөні, жұмыс орны, қызметі, ғылыми атағы т.б. мәліметтер көрсетілген арнайы бастырылған карточка (специалъно отпечатанная карточка с фамнлией, званием и другими сведениями о ее владельце).

1-тапсырма. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіздер.
Сіздің мамандығыңыз кім? Сіз қызметкерсіз бе? Мәди бағдарламашы ма? Дәурен де, Гауһар да үйлестіруші ме? Ол бастық па? Айдана хатшы ма? Сіз есепшісіз бе? Оның мамандығы кім? Әсем кім? Құралай оқытушы ма? Жақсылық заңгер ме?
2-тапсырма. Берілген суретке қарап отырып, өзіңіздің жұмыс орныңызды сипаттап айтып беріңіз.