Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарихы

Тип: Реферат

Объем: 4 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қазақстан мұнайшылары отты жылдарда

От пен оққа оранған сұрапыл Ұлы Отан соғысы жылдары Жеңісті жақындатуға Қазақстан мұнайшылары да мол үлес қосты.
Соғыс уақытындағы үлкен қиындықтарға қарамастан, мұнайшылар мұнай беруді тоқтатпай, керісінше еселеп арттыра түсті. 1943 жылы Жайық ^Ембі мұнайлы ауданының мұнайшылары өзінің тарихында бұрын —соңды болмаған мұнай өндірудегі ең үлкен көрсеткіш -978,8 мың тонна мұнай берді [1].
1941-1945 жылдар аралығында Қазақстанның мұнай кәсіпшіліктері соғысқа дейінгі бесжылдыққа қарағанда мұнайды 38,8 % артық берді.Соның ішінде әрбір жыл сайы, 1940 жылға қарағанда мұнай өндірудің көлемі өсіп отырды. Оны төмендегі кестеден көруімізге болады:

Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдарында Ембі өңірінен өндірілген барлық мұнайдың 20 пайызын Байшонас кәсіпшілігі, 19 пайызын Қосшағыл, 17,3 пайызын Құлсары, 9,9 пайызын Макат кәсіпшіліктері беріп тұрды.
Ал, 1942 жылғы 22 қыркүйекте Қорғаныс Комитеті «Ембі мұнай» комбинатында мұнай өнімін арттырудың шаралары туралы» қаулы қабылдады. Бұл Майкоп пен Грозный аудандарындағы мұнай өндірісінің уақытша тоқтатылуына байланысты болатын.

1942 жылдың наурыз айында Күлсары кәсіпшілігіндегі №182 ұңғының апатты жағдайына жол бермегені және мұнайшылардың жоспарды асыра орындағыны орындағаны үшін, үкімет тарапынан бір топ жүмысшылар марапатталды. Олардың қатарында кәсіпшілік директоры - С.Өтебаев «Құрмет белгісі» орденімен, ұңғыны кондукторсыз бұрғылауды Одақ бойынша өндіріске алғашқы енгізген Б.Өтеулиев сол кездегі ең жоғарғы марапат - Ленин орденіне ие болды.