Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қылмыс құрамы

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 13 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Қылмыстың құрамы


Жоспар
1 Қылмыстың құрамы 3
1.1 Қылмыс құрамы деген ұғым және оның маңызы 3
1.2 Қылмыс құрамының элементері мен нышандары 7
1.3 Қылмыс құрамдарының түрлері 10
Әдебиеттер 13

1 Қылмыстың құрамы
1.1 Қылмыс құрамы деген ұғым және оның маңызы
Қылмыс ұғымында 3- тарауда берілген жалпы анықтама - ол заңдық абстракция және де нақтылы жоқ нәрсе. Бұл ұғымда барлық қылмыстарға тән белгілер жалпылама көрсетілген. Тек нақты қылмыс қана (кісі өлтіру, ұрлау, тонау, т.б.) жасалынады, сол үшін жазаланады. Бұл қылмыстардың әрқайсысына тән нышандар Қьілмыстық Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда сипатталған.
Қандай да бір жасалған әрекетте қылмыс құрамының бар-жоғы туралы мәселені шешу үшін сол әрекетті жасаған адамды қылмыстық жауапқа тартуға негіз болатын мән-жайлардың белгілі бір жиынтығын анықтау қажет. Жасалған әрекетті қылмыс деп тану үшін оны қылмыстық- заң нормаларында бекітілген тиісті қылмыс құрамдарымен салыстыру қажет.

1.2 Қылмыс құрамының элементері мен нышандары
Нақты қылмыс құрамдарының нышанын анықтау және жинақтап қорыту негізінде қылмыстық заң теориясы қылмыс құрамы деген ұғымды тудырады, ол ҚК-тің Ерекше бөлімінде көзделген қылмыстардың барлық құрамдарына тән сипаттарды қамтиды.
Заң әдебиетінде қылмыстың әрбір құрамында оның міндетті түрде төрт элементі болады деп қарастырылған, олар: объект, объективтік жағы, субъект және субъективтік жағы. Қылмыс құрамының бүл элементтері өзара тығыз байланысты. Егер жасалған әрекетте бұлардың біреуі ғана болмаса, ол - жалпы қылмыстың құрамы жоқ деген сөз, яғни мұнда қылмыстық жауаптылықтың негіздемесі де жоқ.
Қылмыс объектісі- дегеніміз қылмыстық заңмен қорғалатын және қылмыстан зиян келетін әлеуметтік құндылық. Отандық қылмыстық-заң ғылымы мұндай игіліктердің қатарына қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарды жатқызады.

1.3 Қылмыс құрамдарының түрлері
Қоғамға қауіпті әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын элементтер жиынтығы қылмыс құрамының жалпы түсінігін береді, ол жасалған әрекетті қылмыстық немесе қылмыстық емес деп тануға және оны дұрыс саралауға негіз бола алады. Бірақ осы қарастырылған теориялық баптарды іс жүзінде қолдану үшін қылмыстық құрамдарды жіктеудің, яғни оларды белгілі бір түрлерге бөлудің маңызы зор.
Қылмыс құрамдарын саралаудың негізіне, өдетте, әрекеттің қоғамға қауіптілік деңгейі, қылмыс құрамын заңда бейнелеу тәсілі және қылмыстың объективтік жағының құрылысы сияқты критерийлері алынады.
Әрекеттің қоғамға қауіптілік дәрежесіне байланысты қылмыс құрамдары негізгі, сараланған (ауырлататын, саралаушы белгілері бар) және артықшылығы бар (жеңілдететін белгілері бар) болып бөлінеді.