Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 28 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Көмекші сөздердің зерттелуі


Мазмұны
1 Көмекші сөздердің зерттелуі 3
1.1 Көмекші сөздердің тіл біліміндегі ерекшеліктері 3
1.2 Көмекші сөздердің тіл білімінде зерттелуі 9
1.3 Көмекші сөздердің мағыналық ерекшелігі 22
Әдебиеттер 28

1 Көмекші сөздердің зерттелуі
1.1 Көмекші сөздердің тіл біліміндегі ерекшеліктері
Сөз таптары жөніндегі мәселені бағдарлау әр тілдің құрылымының, әрі сөздің құрылымының теориялық та, практикалық та мәселелерін терең зерттеу, жете білу үшін керек. Сөздің морфологиялық құрылымы жайындағы ілім тек сөздің құрамын талдаумен ғана тынбайды, оның бүкіл грамматикалық жүйесін, әр тобына тән сөз тудыратын, сөз түрлендіретін жүйелерін де зерттейді [1,126].
Тіліміздегі сөздер лексика-грамматикалық сипаттарына қарай үнемі біркелкі болып келе бермейді. Олар өз ішінде белгілі заңдылықтарға негізделген бірнеше жіктерге бөлініп, соған орай ыңғайласып, топтасып жатады. Сөздерді топтастыруда үш өлшем негізге алынғанымен де, олар барлық сөздердің бойынан бірдей дәрежеде байқалынбайды. Мәселен, үш белгі атауыш сөздерде анық көрінсе, еліктеуіш сөздер мен есімдікте, одағай мен шылауда ортақ морфологиялық белгісі жоқ, сондықтан оларды тек мағынасы мен синтаксистік қызметіне қарай топтауға болады.

1.2 Көмекші сөздердің тіл білімінде зерттелуі
Сөз таптарының ішіндегі ерекше аталатын бұл –көмекші сөздер. Көмекші сөздердің мағыналық, синтаксистік қызметтерінің ерекше болуы тілші ғалымдардың ерте кезден бастап - ақ өзіне назар аудартқан. Алғашқы грамматикалық оқулықтардың авторларының өздері де сөздерді топтастырғанда атауыш сөздермен барабар көмекші сөздерді де жеке топ етіп ажыратып алғандығы тіл білімі тарихынан белгілі. Түркі тілдерін зерттеген ғалымдар да бұл тақырыптан шет қалмаған.

1.3 Көмекші сөздердің мағыналық ерекшелігі
Көмекшілердің сөз екендігіне дау жоқ, тым болмағанда барлық тілші ғалымдар түркі тілдеріндегі көмекші сөздердің тұлға жағынан тұрақты түбір морфема екендігін мойындайды. Ал қазіргі қазақ тілінде, сондай-ақ басқа түркі тілдерінде де, түбір морфемалар сөзге тең болады. Бірақ кез-келген дыбыс не дыбыстар тізбегінің сөз екендігін мойындау үшін оның құрылымдық элементтерін де мойындау керек. Екінші сөзбен айтқанда сөз екі элементтен тұрады: 1) мағынасы, 2) дыбысталуы. Сөздің мағынасы —оның ішкі жағы, яғни мазмұны болса, дыбысталуы — сыртқы жағы. Бірақ тілшілеріміздің кейбіреулері көмекшілердің сөз екендігін мойындаса да, оның мағынасының бар екендігін мойындамайды. Дұрысы кей ғалымдар көмекші сөздерде лексикалық мағына жоқ деп есептейді.