Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Баяндама

Объем: 9 стр.

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару

Жоспар
1. ҚР жергілікті мемлекеттік басқару ұғымы 3
2. Мәслихаттар жергілікті өкілді органдар 4
3. Мәслихаттардың жергілікті өкілді органдардың құзыреттері 6
5. Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың конституциялық-құқықтық негіздері 8
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі 9

1. ҚР жергілікті мемлекеттік басқару ұғымы
1995 жылғы ҚР Конституциясы жергілікті мемлекеттік басқаруға жан-жақты анықтама береді. Конституцияна сәйкес, жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады. ҚР жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінің екі бастауы бар. Біреуі сайланбалыққа және салыстырмалы орталықсыздандырылуға негізделген, бұл бағыт жергілікті өкілді органдармен берік байланысты. Екіншісі орталықтандырылу жүйесіне, мемлекеттік ұйымдастырудың құрамдас элементтігіне негізделген. Мемлекеттік басқарудың бұл механизмі жергілікті атқарушы органдар жүйесі арқылы жүргізіледі.

2. Мәслихаттар жергілікті өкілді органдар
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес облыстың, ауданның және қаланың аумағындағы өкілді орган Мәслихаттар болып табылады.
Мәслихаттар тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпымемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шаралар белгілейді, олардың орындалысын бақылайды.
Теңдік принципі әрбір сайлаушы бір дауысқа ие және барлық сайлаушылар сайлауға тең жағдайда қатысатындығымен түсіндіріледі. Әйелдер мен еркектер тең сайлау құқығына ие. Әскерилер де барлық азаматтармен тең дәрежеде сайлау құқықтарын пайдаланады.Сайлаушылардың еркін білдіруіне бақылау жасауға жол берілмейді.

3. Мәслихаттардың жергілікті өкілді органдардың құзыреттері
Мәслихат жүргізетін негізгі мәселелер Қазақстан Республикасының Конституциясымен және “Қазақстан Республкасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
Конституцияға сәйкес, мәслихаттардың қарауына мыналар жатады:

5. Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың конституциялық-құқықтық негіздері
Констиуцияға сәйкес Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару танылады. Жергілікті өзін-өзі басқару деп жергілікті маңызы бар мәселелерді тұрғын халықтың өзі шешуінің демократиялық институты танылады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғын халық тікелей сайлау жолымен жүзеге асырады. Өзін-өзі басқару функцияларын халық топтары жинақы тұратын аумақты қамтитын селолық және қалалық жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы және басқа органдары жүзеге асырады.