Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Реферат

Объем: 22 стр.

Полный просмотр работы

Мемлекеттік механизм және мемлекеттік аппарат ұғымдары, элементтері

Мемлекеттің көп қырлы қызметі өзінің сипаты мен табиғаты, тікелей бағыты мен қалыптасу бағыттары, функциялары мен өкілеттіктері, жұмыс нысандары мен әдістерімен ерекшеленетін әр түрлі мемлекеттік құрылымдар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Олардың комплексті пайдалану мемлекет мұқтажын қанағаттандыруға, олардың алдында тұрған міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік билікті, оның қызметі мен міндеттерін іске асыру үшін белгілі бір механизм қалыптасады. Мемлекеттің міндеттері мен қызметтері іске асырылатын органдар жүйесін мемлекет механизмі дейміз.Мемлекет механизмі мынадай бөліктерден тұрады: мемлекеттік аппарат, мемлекеттік ұйым, мекеме, мемлекеттік кәсіпорын, ақша - қаржы қоры.

Мемлекеттің механизмі, әрине, мемлекеттің функциясын жүзеге асырушы күш, бұл мемлекеттік аппараттық нақтылы құрылымның жұмыс істеуінен көрінеді. Мемлекет механизмі – бұл мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдардың жүйесі. Мемлекет аппаратының, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық салаларының тиісті ұйымдасуы мен тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық қызмет құрайды.
Бұл қызметтің нысандарын көп жағдайда басқарудағы заңдар мен құқықтық механизмдердің қолданылу шамасына байланысты. Осыған сәйкес мемлекеттік аппарат қызметінің келесі нысандарын бөліп қарастыруға болады:

М.И.Байтин мемлекеттік механизм қағидаларының жүйесін құрылуына қаншалықты өзгеше тәсіл айтады. Ол бүкіл мемлекеттік механизм және оны құратын бүкіл мемлекеттік органдардың жалпы қағидаларын және мемлекет механизмінің тек кейбір бөлімшелеріне, жеке органдар мен органдар тобына қатысты жеке қағидаларды ажыратуды ұсынады.
Жалпы қағидалар өз кезегінде екіге бөлінеді. Біріншісіне конституцияда бекітілген қағидалар жатса, екіншісіне заңдарда, соның ішінде, мемлекеттік қызмет туралы, конституциялық бақылау органы туралы, прокуратура туралы және т.б. көрсетілетін қағидалар жатады.

Мемлекет механизмінің маңызды ерекшелігі, оның барлық буындарының ішкі бірлігінің болмауы. Бір организмнің (мемлекеттің) бір бөлігі болып отырып, олар бір-біріне қарсы келмеулері керек. Керісінше, олар күш біріктіріп, адамдардың түрлі саладағы тіршілік - тынысын қамтып, қоғамда бір тұтас басқаруды қамтамассыз етулері керек. Олардың тарапынан алауыздық, мемлекет саясатын жүргізуге қайшы келетін әрекеттер жасау орынсыз болмақ.

Мемлекеттік механизм құрылымы белгілі бір обьективтік мінез-құлыққа сай сүйеніп жүзеге асады. Қазіргі таңға дейін ұйымның және мемлекет аппаратының ісіне заң ғылымы мемлекет басқару, демократиялық орталықтандыру, партиялық жетекшілік ісінде барлық мемлекет аппараты салалары кең құрылымды қатысу қағидаларымен саналды. Экономика, саясат және басқа да мемлекеттік қоғамдық өмірдегі өзгерістер барлық мемлекеттік органдар жүйесіне олардың мазмұнына және құрылымына өзгерістер енгізді.
Мемлекет механизмі құрылымына мыналар кіреді:

Мемлекеттік аппарат құрылымына және оның қалыптасуына түрлі тарихи, мәдени, экономикалық, саяси және басқа да факторлар әсер етеді. Қоғам дамуының әр сатысында мемлекеттік аппарат алға қойған нақты мақсат пен құрылымына қарай мемлекеттік аппарат пен органдары өзгеріп отырады. Демократиялық құқықтық қоғамда мемлекет оның органдары мемлекетті құқықпен камтамасыз етіп адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын , жалпы қоғам қауіпсіздігін камтамасыз етеді.

Мемлекеттік билік органдары құқықтық қағидалармен өзара бірлескен. Олар мемлекет міндеті мен функцияларын өз құзыреті шегінде орындайды. Мемлекеттік органдар бірегей құқықтық базаға ие, ал оның қызметі мен ұйымдастырылуы мемлекеттік конститутциямен және басқа да нормативтік құқықтық актімен анықталады.
Мемлекеттік аппаратты айтқанда билікті жүзеге асырушы лауазымды тұлғалар мен органдарды аппаратты қамтамасыз етуші тұлғалармен органдарды бөліп көрсетуге болады.