Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 25 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Ажырасу мәселесіне арналған әдебиеттерді талдау


Жоспар

Кіріспе 3
1 Ажырасу мәселесіне арналған әдебиеттерді талдау 5
1.1 Ажырасу конфликтілі жағдайлардың бір шешімі ретінде 5
1.2 Отбасындағы ажырасудың негізгі себептері мен даму динамикасы 6
1.3 Ажырасу жағдайының жасөспірімнің эмоционалды - тұлғалық сферасына әсері 9
1.4 Жасөспірімдердің ажырасу жағдайына бейімделудің психологиялық мәселелері 15
Қолданылған әдебиеттер тізімі 25

Кіріспе

Қазіргі кездегі психологияда адамның қиын,жағымсыз, сыни жағдайлардағы психологиялық ерекшеліктерін зерттеу өте өзекті болып отыр.
Сол өзекті мәселелердің бірі - отбасындағы ажырасу жағдайы. Біздің зерттеу жұмысымыз отбасындағы ажырасу жағдайының жасөспірімге тигізетін әсерінен болатын психологиялық ерекшеліктерді зерттеуге арналған.
Қазіргі кездегі ажырасу санының көбеюіне байланысты (әлеуметтанушылардың есебі бойынша, әрбір некелескендердің екіншісі ажырасады, осыдан он жыл бұрын әрбір үшінші жұп ажырасатын болған) ажырасқан адамдардың проблемаларын құрылымдық түрде шешу жолдарын іздеу, дағдарыстық жағдайларды жеңуге психологиялық көмек көрсету тек қана психология ғылымы үшін ғана емес, сонымен қатар, жалпы қоғамның алдында тұрған ең үлкен міндет болып табылады.

1 Ажырасу мәселесіне арналған әдебиеттерді талдау

1.1 Ажырасу конфликтілі жағдайлардың бір шешімі ретінде

Ғылыми әдебиеттерде сәтсіз құрылған отбасы туралы классификациялар әлі жоқ. Сәтсіз құрылған некелік жұптарды конфликтілі, кризистік және проблемді деп бөліп көрсетуге болады.
Конфликтілі ерлі-зайыптылар жұбы деп арасында болатын қызығушылықтары мен қажеттіліктері үнемі қақтығысқа түсіп, жағымсыз, өте күшті эмоционалды күй тудыратын жұптарды айтады. Дегенмен, ерлі-зайыптылар жұбы некені күшейтіп, ұстап тұратын басқа факторлардың арқасында ұзақ уақытқа сақталуы мүмкін, сонымен қатар, мұндай жағдай бір-біріне жолбермеушілік пен компромистік шешімдерге келудің көмегі арқылы да болады.

1.2 Отбасындағы ажырасудың негізгі себептері мен даму динамикасы

Отбасылық өмірдің дұрыс ұйымдаспауы және ерлі-зайыптылар арасындағы конфликтілердің болуы әсіресе ажырасу статистикасынан анық байқалады.
Ажырасу – бұл отбасылық өмірдің дұрыс ұйымдаспауының, ұрыс-керіс, жиналған ашу-ыза, реніш және келеңсіздіктердің ұзақ уақытқа созылуының мәресі.
Психологтар мен әлеуметтанушылар алдында тұрған үлкен мәселе нақты неке жұптарының құлдырауының бірлік фактісі емес, ажырасу жағдайының әлеуметтік мәселелері мен отбасылық өмірдің дұрыс ұйымдаспауына әкелетін жағдайлардың жиынтығын қарастыру болып табылады. Мысалы, ажырасу саны 1980- ші жылдармен салыстырғанда 1996 – шы жылдары 4,6 есе өсті, бұл неке-отбасылық қарым-қатынаста маңызды өзгерістердің болғандығын көрсетеді. Бұл өзгерістер, ең алдымен, маңызды әлеуметтік-экономикалық жағдайлармен байланысты: қоғамдық өндірісте әйелдердің жоғары деңгейде орын алуы, әйелдердің білім деңгейлерінің күрт көтерілуі, әйелдердің аналық және өндірістік функцияларының арасында қарама-қайшылық жүйелерінің пайда болуы [18, 255-268б].

1.3 Ажырасу жағдайының жасөспірімнің эмоционалды - тұлғалық сферасына әсері

Отбасындағы ажырасу жағдайы тек ерлі-зайыптылардың ғана эмоционалды - тұлғалық сферасына әсер етіп қоймай, сонымен қатар,олардың балаларының,әсіресе,жасөспірімдік шақтағы балаларының эмоционалды - тұлғалық сферасының бұзылуын да қамтиды. Бұл жерде біз жасөспірімнің ата-анасы ажырасуын қалай қабылдайтынын, қандай реакциялар болатындығын немесе бұл жағдайда балада қандай күйзелістер туындайтынын түсінгіміз келеді. Бірақ ажырасуды қайғыру кезеңінде нені түсінуіміз керек, және бұл қайғыру басқа қайғылармен салыстырғанда қандай? деген мәселе туындайды. Бала үшін ажырасудың заң түріндегі актісінің ешқандай жанама ролі жоқ, яғни оның ата-анасы заңды түрде некеде ме, жоқ әлде заңсыз түрде ме - ол оған маңызды емес. Бірақ кей кезде ата-анасы заңды түрде некелескен болса да, заңды түрде ажырасу отбасылық қарым-қатынаста тек қосымша рольде болуы мүмкін. Мысалы, ажырасудан кейін де ата-аналар кейбір кезде әрі қарай да жалғасымды түрде бірге тұра береді.

1.4 Жасөспірімдердің ажырасу жағдайына бейімделудің психологиялық мәселелері

Ата-анасының ажырасу жағдайына әсіресе жасөспірімдердің жанама реакциялары көп жағдайда өте күшті болады. Жасөспірімдердің өздерінің бағалаулары бойынша, стресс тудыратын өмірлік мәселелер ішінде ата-анасының ажырасуы (ата-аналардың, туған аға-әпкесінің, жақын достарынан айырылудан) кейінгі төртінші орында тұр. Ажырасу жағдайына байланысты жасөспірімдерде ең көп кездестін реакциялар: