Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 37 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Шетел инвестициялары мен жоғары технологияларды селективті жұмылдыру


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
І ТАРАУ. РЫНОКҚА ӨТУ ЖАҒДАЙЛАРЫНА ЭКОНОМИКАНЫ ТҮРЛЕНДІРУДІҢ ТҰЖЫРЫМДЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
1.1 Құрылымдық қайта құрудың теориялық және әдіснамалық негіздері 5
1.2 Қазақстандағы нарықтың даму тарихы 19
ІІ ТАРАУ. ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫ МЕН ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ СЕЛЕКТИВТІ ЖҰМЫЛДЫРУ 27
2.1 Экономикалық даму модельдері және өнеркәсіпті құрылымдық қайта құру 27
2.2 Ғылыми техникалық прогресс және оны өз елімізге тарту 32
ҚОРЫТЫНДЫ 35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 37

КІРІСПЕ
Қоғамдық өндіріс процесінде қоғамдық өнімнің нақтылы қозғалысы сан мыңдаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындардың, салалардын, аймақтық кешендердің (территориялық комплекстердің), халық шаруашылығың экономикалық қан тамыры іспетті, осы байланыстар арқылы өндірістің «қан айналымы» жүзеге асады. Міне, қоғамдық өнімнің осы қозғалысында рынок маңызды қызмет атқарады. Әрине, оның өміршеңдігі өндірістің табиғатына, экономикалық, әлеуметтік жағдайына байланысты, дегенмен рыноктардың біраз дербестілігі бар, сондықтан да болар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді.
Жалпы рынок мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориялық айтыстар толастамай келеді. Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде «рынок» деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Көпшілігі рыноктық қатынасты стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, шуы көп кәдімгі базармен теңесе, ал енді біразы рынокты экономиканы барлық ауруынан тез жазатын керемет «дәрі» деп те, немесе осы салада орын алып отырған олқылықтар мен қайшылықтарды тез реттейтің керемет «күш» деп те дәріптеуде.

І ТАРАУ. РЫНОКҚА ӨТУ ЖАҒДАЙЛАРЫНА ЭКОНОМИКАНЫ ТҮРЛЕНДІРУДІҢ ТҰЖЫРЫМДЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Құрылымдық қайта құрудың теориялық және әдіснамалық негіздері
Қазіргі уақытта барлық посткоммунистік елдерде экономикалық парадигманың ауысуы, шаруашылықты жүргізу теориясымен тәжірибесінде гуманистік даму бағыттарының дами түсуі болып жатыр. Жақында өткен заманда экономикалық өсу қайнары басты түрде материалды-техникалық базаның қалыптасуына байланысты қарастырылды. Елдің даму деңгейі өндіріс көлемінің өсу дәрежесіне сәйкес анықталды, және адам капиталдың түпкілікті элементтері сияқты тура сондай қор ретінде болғанда, тиімділік критерийлері өндірістің негізгі элементтері қайтарымының түрлерімен ұштастырылды. Жаңа экономикалық парадигмада акценттер ығыстырылады. Оның орталығында – экономиканың тиімді сапалы түрленуге және құрымдылық ығысуға қабілеттілігін бағалау тұрады.
Экономиканың даму дәрежесі туралы аса толық түсінікті халық шаруашылығының құрылымы береді, ол нарықтық жағдайларда жеке салалардың ілгері дамуына қойылатын талаптарға сәйкес келу керек.
Елдің экономикалық құрылымы өндірістік күштердің орналасуымен, өндірістік және ғылыми потенциалдармен және материалдық өндірістің әлеуметтік-экономикалық даму қарқындарымен өзара әрекеттеседі. өндірістің тиімді орналасуы – халық шаруашылық және территориялық пропорцияларды жетілдіруге арналған база.

1.2 Қазақстандағы нарықтың даму тарихы
Нарықтық қатынастар Қазақстан жерінде қашан пайда болды. Оның ерекшеліктері неден деген сұрақтарға жауап берелік. Бұл сұраққа жауап беру онай шаруа емес.Себебі, біздер әлі күнге дейін өз халқымыздың , жеріміздің тарихын білмейміз.Мысалы, Қазақстанда құл иеленушілік құрылыс болмастан патриархалдық –феодалдық қатынастар қалыптасты деген пікір берік орныққан.Оны қазақтардың көшпелі мал-шаруашылығымен айналасумен байланыстырады.Осы пікірдің негізінде Қазақстанда өндіргіш күштербің даму дәрежесі өте-мөте төмен болды,тауарлы ақша нарықтық қатынастардың қалыптасуын жағдай болған жоқ дейді.Біздің бұл пікірге үлкен күмәніміз тарихшы ғалымдар болашақта өз пікірлерін айта жатар.

Осындай жағдайлардың салдарынан Қазақстан революцияға дейінгі дәуірдің он бойында (содан кейінгі 70 жылдан аса уақыт бойында да) аграрлы – шикізатты кіріптар ел күйінде қала берді.Жерді зор көлемде тартып алу,отырушылық ошақтарын талқандау, қоғамдық өмірдің барлық саласындағы ұлттық алалау, қисапсыз алым –салық қазақ халқының экономикалық жағдайының қалдыруына, еңбекшілердің қайыршылыққа ұшырауына апарып соқтырды.Осының бәрі Қазақстандағы қоғамдық прогреске бөгет болып, оның өндіргіш күштерінің дамуын тежеді.
Қазірге тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында жоғарыда көрсетілген тарихи әділетсіздіктерді жою міндеті тұр. Негізгі стратегиялық мақсат - демократияны дамыту, меншіктік қатынастарды реформалау, нарықтық экономиканы өндіру болып табылады. Қазақстанда нарықты экономикаға көшу шартты түрде үш кезеңге бөлініп отыр. Бірінші кезең 1992 - 1995 жылдарды қамтиды. Ол микроэкономикалық тұрақтандырудың екі негізгі процесімен сипатталады: олар меншікті мемлекет иелігінен белсенді түрде алу, оны жекешелендіру және тұтыну нарығын туарлармен толтыру.1992 жылғы наурыздың 5-ші жұлдызында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қабылданған «Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға (Кезең)» арналған ұлттық бағдарламасында былай деп жазылған: Жекешелендірудің негізгі мақсаты-мемлекетке қарасты өндірістік объектілерді , басқа да материалдық емес активтерді мемлекеттің өтеусіз және өтеммен беру арқылы республика халқына ұлттық мүлікті қайтару барысында меншік құқығын дербестендіру негізінде орталықтандырған - жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу үшін қажетті жағдайлар жасау.

ІІ ТАРАУ. ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫ МЕН ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ СЕЛЕКТИВТІ ЖҰМЫЛДЫРУ
2.1 Экономикалық даму модельдері және өнеркәсіпті құрылымдық қайта құру
Қазіргі уақытта даму жолын таңдау нарыққа өтетін экономика үшін өмірлік маңызы бар проблема болып табылады. Жоспарлық экономиканы нарықтық экономикаға қалай қайта құруға болады деген мәселені тәжірибе жүзінде ғана емес, сонымен бірге теория жүзінде шешу күрделі. Басқа елдердің тәжірибелерін зерттеу қоғамды экономикалық түрлендірудегі аса маңызды сәттерді анықтауға, нарықтық экономиканы дамыту бағытының және қазіргі өндірісті құрудың принциптік мәнін айқындауға көмегін тигізуі мүмкін.
Индустрияландыру процестерін талдау үшін таңдалған уақыт кезеңінде сол немесе басқа мемлекеттің немесе аймақтың экономикалық даму сипатына әсер ететін, ішкі және сыртқы факторларды бөліп көрсету керек. Әрбір елдің бастапқы сатыда қандай да бір “старттық мүмкіндіктері” болады, яғни географиялық орны, табиғи байлықтардың, капитал мен еңбек ресурстарының бар болуы, сондай-ақ қоғамның білімділігінің және жұмыс күшінің біліктілігінің деңгейі, рыноктық институттардың дамығандылық дәрежесі, тарихи және мәдени дәстүрлер және т. с. с. бұл ішкі факторлар көп дәрежеде экономиканың әрі қарай дамуын және экономикалық стратегияның таңдалуын анықтайды.

2.2 Ғылыми техникалық прогресс және оны өз елімізге тарту
Республика экономикасының ғылыми-техникалық артта қалуы нарықтық қатынастарды құрудағы маңызды әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу үшін шетел инвестициялары мен жоғары технологияларды тым болмаса селективті жұмылдыруға баруға мәжбүр ететін дәлелдеудің қажеті жоқ.

ҚОРЫТЫНДЫ
Нарықтық экономикаға көшуге орай, жұмысшы күшінің жұмыс орнынан босану процесі өрістеулер. Болашақта жұмыс орны кепілдік түрде анықталмайды, яғни жалдау нақты түрде жүзеге асырылатын болады. Бұл жағдай, еңбек өнімділігін арттыруға, еңбеккерлердің табысының өсуіне, ғылыми-техникалық прогресті біршама тежейтін формаларды жоюға жол ашады.
Мемлекеттің міндеті — еңбекшілерге тиімді еңбек етуіне қолайлы жағдай жасаумен бірге уақытша жұмыссыз қалғандарға әлеуметтік жәрдем жасау, оларды барынша қолдау және қорғау.
Қазіргі экономикалық теориядағы жаңа кезқарас бойынша жұмыс күші тауар ретінде қаралуы керек. Олай болса жұмыс күшінің тұтыну құны және құны бар. Жұмыс күшінің тұтыну кұны дегеніміз оның материалдық және рухани игіліктерді өндіріп, қызмет көрсетуді атқару қабілеті. Жұмыс күші арқылы адам құн және қосымша құн өндіреді. Рынок қатынасында жұмыс күшіне сұраныс тауар өндірушінің сапалы өнім шығарып, оны сатудан пайда түсуімен белгіленеді. Сонымен жұмыс күшіне сұраныс проблемасы экономикалық өсумен тығыз байланысты. Әрине, мемлекет бұл процесті тікелей және жанама реттеуі мүмкін. Ол үшін экономика құрылымын қайта күру, перспективалық, стратегиялық күрделі қаржылар жұмсау көзделуге тиіс.