Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Сақтандыру

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 13 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Сақтандырудың экономикалық мәні


Жоспар
1 Сақтандырудың экономикалық мәні 3
1.1 Сақтандырудың даму тарихы 3
1.2 Сақтандыруда қолданылатын түсініктер мен ұғымдар 5
1.3 Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі қаржының рөлі 10
Пайдаланған әдебиеттер 13

1 Сақтандырудың экономикалық мәні
1.1 Сақтандырудың даму тарихы
Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық – заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.

1.2 Сақтандыруда қолданылатын түсініктер мен ұғымдар
Сақтандыру – сақтанушылардың сақтандыру жағдайлары салдарынан шеккен залалдарын өтеу үшін сақтандырылушылардың жарналары есебінен сақтандыру қорының құрылуына байланысты осы қорға қатысушылардың арасында туындайтын қайта бөлу қатынастарының жүйесі. Мүлікті сақтандыру, жеке басты сақтандыру, жауапкершілікті сақтандыру, кәсіпкерлік тәуекелдікті сақтандыру, әлеуметтік сақтандыру түрлеріне бөлінеді және міндетті, ерікті сақтандыру нысандарында жүзеге асырылады.

1.3 Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі қаржының рөлі
Қаржы («қолма-қол ақша», «табыс» ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілігің financia сөзінен пайда болған француздың finance сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.