Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының тарихы

Тип: Реферат

Объем: 8 стр.

Полный просмотр работы

Талас өңіріндегі көне жазбалар – ежелгі түркі жазу мәдениетінің бастауы

Бүгінгі таңда қазақ және өзге де түркі елдері алдында өзекті мәселелердің бірі ретінде тұрған руникалық түркі жазба ескерткіштері өзін зерттеуді тек көне тарих жазылып қалдырған кезеңнен емес, бастауын сонау ғұн, сақ мәдениетінен іздеуді меңзейді. Орталық Азиядағы алғашқы ірі көппелі ғұндар империясы біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырдың соңында құрылды. Бұл ұлы патшалық Байкалдан Тибетке, Орта Азиядан Қытайдағы Хуанхэ өзеніне дейінгі аралықты мекендеп, сандаған жылдар бойы осы территорияда өз үстемдігін жүргізіп отырды. Ғұн тайпалары алтай тілдес тайпалар қатарына жатқанымен, оның құрамында әртүрлі тілдерде сөйлейтін тайпалық одақтар мен шағын рулар да бар еді. Осындай тайпалық одақтардың түрлі жағдайларға байланысты әлсіреуі нәтижесінде Орта Азия территориясында түркі этногенезінің, яғни түркі тілдес тайпалық одақтарының бірігу процесі басталды.

Мемлекет тарихын бейнелейтін түркілік руханикалық жазуларды тілдік‚ әдеби, тарихи және саяси-этникалық жақтан жан-жақты зерттеу үшін көне мұралардың географиялық жағдайын жетік меңгеруіміз керек. Сонымен қатар, қазақ халқының көне мәдени ошақтары мен тарихи орындарын анықтау, оның мәні мен мағынасын, құпиялы ішкі сырын білу тек жекелеген зерттеуші ғалымдардың ғана емес, ол мемлекеттің алдында болашақ ұрпағы үшін міндетті түрде шешімін табатын проблема болуы керек. Қазақ халқының рухани байлығы оның тарихымен астасып жатады. Сондықтан да мұндай көнекөз жазба мұраларды зерттеу мәселесін еліміздің қазыналы оңтүстік өңірінен бастаған дұрыс. Өйткені, Қазақстанның аймақтарынан табылған тарихи жазба мұралар қазіргі уақытта облыстық мұражайлар мен арнайы тарихи ескерткіштерді сақтау, қорғау орындарында мүлдем жоқтың қасы. Ал соңғы жылдары Талас өзені аңғарлары мен сол аймақтағы таулы-қыратты жерлерге экспедициялар ұйымдастыру мәселесі мүлдем назардан тыс қалып қойған. Қазіргі Тараз қаласы мен оның оңтүстігін, Алатау мен Қаратау бөктерлерін, орталық Қазақстандағы Ұлытау мен Болаттау аймақтарында арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізетін шағын экспедициялық топ құрып, көне жазбаларды іздестірсе, ұрпақ білсін деген ниетпен ата-бабаларымыз қалдырып кеткен жазу-сызулардың талайы табылары анық. Бұған айқын дәлел ретінде XІX ғасырдың екінші жартысынан бастан XX ғасырдың 70-жылдарына дейінгі іздестіру нәтижесінде табылған жазбаларды айтуға болады. Осы екі аралықта талас өзені мен Қазақстанның оңтүстік аймақтарынан біраз қойтастар мен петроглифтер, руникалық жазулар табылды.

1998 жылы Қырғызстанның Қошқар өңірі Қарасу ауылы жанындағы Көксай, Тікбұған, Қызылбұлақ, Алғым өзенді, таулы-қыратты жерлерінен көне түркі рунасымен тас бетіне қашалып жазылған бірнеше құпия жазулар табылған болатын. Бұл өңірден табылған барлығы 8 руналық жазу өзімізге белгілі Талас жазба ескерткіштері қатарына жатқызылады.
Көненің көзі болып табылатын асыл қазыналар Қазақстан жерінде де қаншама. Өйткені, шығысымызда Алтай мен Тарбағатай, батысымызда Орал таулы қыраттары, солтүстігіміз бен орталығымыздағы Ұлытау, Болаттау аймақтары, оңтүстігімізде Алатау мен Қаратау қатпарларында және басқа да өзенді көлді кең алқапты мекен еткен ата-бабаларымыз сол өңірлерге де өздерінің қолтаңбасын қалдырып кетпеді дегенге кім сенер?! Мұндай қол жетпес дүниелер ертеңгі күні егеменді еліміздің кез-келген жерінен табылуы мүмкін. Егер табылып жатса, түркі халықтарының тарихы мен мәдениетінің дамуын, өркениеті мен мемлекеттігінің қайнар бастауын ғылыми түрде одан әрі дәлелдей түсуге өз септігін тигізері анық.

Әдебиеттер:
Аманжолов А.С. История и теория древнетюркского письма. —Алматы, 2003.
Tomsen V. Іnscrіptіons de l(Orkhon Dechіffrees // Memoіres de la Socіete Fіnno-Ougrіenne (MSFOu). —Helsіngfors, 1896.
Tomsen V. Gozultmus Orhon yazіtlarі. —Ankara: Turk tarіh kurumu basіmevі, 1993.
Томсен В. Дешифровка орхонских и енисейских надписей // Записки Восточного отделения Русского археологического общество (ЗВОРАО). Т. VІІІ. вып. ІІІ-ІV. —СПб., 1894.
Акишев К.А. Древняя культура саков и усуней долины р. Или. —Алматы, 1963.
Литвинский Б.А. Древнейшие кочевники “Крыши мира”. —Москва, 1972.