Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарих

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 28 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Әл-Фараби және оның педагогикалық философиясы


Мазмұны
Кіріспе 3
І. Тарау 6
1.1 Әл-Фарабидің өмірі мен еңбектері 6
1.2 Әбу Насыр Әл-Фараби және оның әлем ғылымына қосқан үлесі 12
1.3 Фараби және педагогика философиясы 14
ІІ. Тарау 18
2.1 Ирандағы Фараби туындылары 18
2.2 Әл-Фарабидің Индияда болған оқиғасы Don Robercon 21
2.3 Орта ғасыр ғалымдарының Әл-Фараби туралы ой-пікірлері 22
Қорытынды 28

Кіріспе
Тарихты білмей тұрып қазіргінің қадіріне жету, болашақты болжау қиын дейтін өз қағидасы бар. өміріміздің даму барысын дұрыс түсініп ғылымның бүгіні мен ертеңін танып, бағдарлап отыруда ғылым тарихы маңызды орын алады. Расында адамзаттың жинақталған материалдық байлықтары қандай ұшан теңіз болса, оның рухини байлығының қоры да сондай көп. Бұлардың бәрі – баршаға бірдей ортақ қазына. Сол мәдени мұраны талдап, іріктей білу, оны қастерлеп бағалай білу, халыққа жеткізу – кейінгі ұрпақтың абыройлы міндеті. Осы кездегі өркені өскен сан салалы ғылым мен мәдениетті жасауға талай елдің, талай ұрпақтың таңдаулы өкілдері қатысты. Орта ғасырларда адамзат білімінің молайып, ақыл-парасаттың жетілуіне орасан зор еңбек сіңірген ғұламаның бірі – қазақ топырағынан шыққан данышпан Абу Насыр Әл –Фараби.

І. Тарау
1.1 Әл-Фарабидің өмірі мен еңбектері
Абу Насыр ибн Мухамед Тархан ибн Узлаг Әл-Фараби 870 жылы Отырар қаласында қыпшақтың әскери қолбасшысының жанұясында туылған. Абу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті, оның бақытына қарай сол заманда Отырарда аса бай кітапхана бар еді. Әл-Фараби парсы, грек тілдерін үйеренді, осы тілде ғылыми трактаттар оқиды. Кәмелеттік жасқа толған соң ол, оқуын жалғастыру үшін жетекші ғылыми орталықтарға барады. Осы мақсатпен Шаш (Ташкент), Самарқантта, Исфаханда,, Хамадан және тағы басқа көптеген қалаларда болады. Сол замандағы ғылым ммен мәдениеттің дамғын орталықтарының бірі Халифат астанасы Бағдат қаласында ұзақырақ болады. Осы жерде өз білімін толык жетілдіреді және көптеген көрнекті ғалымдармен танысып, олардың арасында жетекші орынға ие болады.

1.2 Әбу Насыр Әл-Фараби және оның әлем ғылымына қосқан үлесі
Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мухаммед Фараби ерте орта ғасырдағы ұлы ғұламалардың бірі болып табылады. Ол көпжақты оқымысты-энциклопедисть және шығыс рационализмін қалыптастырғандардын бірі болды. Осы себепті оған «Аристотелден кейінгі екінші ұстаз!» деген құрметті атақ берілген Әл-Фарабидің, бір кездері Орта Азияның етедегі мәдени орталығы болған қала Отрарда туылғаны тарихтан белгілі. Әл-Фараби осы Отрарда, өзінің ана тілі қыпшақ тілінде бастауыш білім алады. Фарабидің еңбегі мен әрекет дәуірі араб мәдениетінің даму дәуірімен түстас келді. Әлемнің атақты оқымыстылары, философтары, ақындары, музыканттары, бағдатқа жиналды және онда ғылым академиясы мен университет ашады.Бағдат оқымыстыларының арасында Орталық Азия мен Қазақстаннан шыққандар құрметті орындарды иеленді.

1.3 Фараби және педагогика философиясы
Педагогика жас жеткіншектерге жүйелі тәрбие білім беру, оқыту жайлы ғылым болып саналады. Әл-Фарабидің педагогикалық мұрасы жайлы кейбір шағын мақалалар болмаса, оны жан-жақты талдап, ашып көрсетуге арналған еңбек кейінгі кезге дейін болмай келеді. Мұның басты себебі ұлы ғұламаның аса маңызды ғылыми еңбектерінің араб тілінен аударылмай, зерттелмейғ дұрыс бағаланбай келуі болды. Фарабидің 1100 жылдық тойы қарсаңында (1975 ж.) және онан кейінгі кездерде бұл салада атқарылған көп жұмыстар бізге ұлы ғалымның педагогикалық көзқарастарын, әдеттерін біршама толық дәрежеге, ғылыми дұрыс методология тұрғысынан ашып беруге мүмкіндік туғызып отыр.

ІІ. Тарау
2.1 Ирандағы Фараби туындылары
Бүгінде Ирандағы көне қолжазбалар саны шамамен милионға жетіп жығылады. ...Бұған дейін әртүрлі кітапханалардың қолжазба қорларынан Фарабидің 36 трактаты табылған еді. Солардың кейбірінің қайталай көшірлген нұсқаларын есептей келгенде, барлығы 98 қолжазбаның жайы белгілі болып отыр. Бұл әзірге белгілі болғаны ғана. ...Басы бар да аяғы жоқ, аяғы бар да бас жағы сақталмағана дүниелер қаншама. Бұған қоса қай Фарабидікі екені белгісіз туындылар да бар.

2.2 Әл-Фарабидің Индияда болған оқиғасы Don Robercon
Әл-Фараби (біздің заманымыздың 870-950 жылдары) Туркістаннан (Қазіргі Қазақстанның Шымкент облсында. авт.) шыққан үлкен философ әрі музыкант болды. Ол Канун (анг. Quanun) деген музыкалық аспап ойлап тапқан. Ол әлемнің көптеген елдеріне саяқаттаған. Ешкім танымау үшін бетіне бетперде (маска) киіп алады екен. Индияда жүрген бір күні ол Корол армиясының формасын киіп алып, жәй адам ретінде Индиядағы ең атақты адам Корол Суффудиннің үлкен соты өтетін бөлмеге кіреді. Король өзінің королдарға арналған бөлмесінен қарапайым адамды көріп таң қалады да, ол не істеп жүрген адам деп білгісі келеді.

2.3 Орта ғасыр ғалымдарының Әл-Фараби туралы ой-пікірлері
Әбу Наср Әл-Фараби туралы сол кездегі көптеген ғалымдар өздерінің ой-пікірлерін жазып қалдырған. Ұлы ойшыл Әбу Әли ибн Сина, тарихшы-ғалымдардан Захируддин әл-Байхакий, Жамолуддин ибн әл-Кифтий, Ибн Әби Усайба, Ибн Халликон сияқты атақты ғалымдар өз шығармаларында ұлы философ Әбу Наср Әл-Фараби жөнінде кейбір мәліметтер беріп кеткен. Белгілі шығыстанушы-ғалым. Аристов солардың бірқатарын араб тілінен өзбекшеге аударып жариялаған екен. Біз соны өзбек тілінен қазақшаға тәржіма жасап, окырманға ұсынуды жөн көріп отырмыз.

Қорытынды
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бері қарай Қазақстан ғалымдары да ұлы ұстаздың бай мұрасын жинап, зерттеп тануға өз үлестерін қоса бастады. Қазір Қазақстан Ғылым академиясының кітапханасында Әл-Фарабидің елу шақты еңбегі бар. Олардың ішінде басқа тілге аударылмаған, ғалымдар арасында осы күнге дейін белгісіз болып келген: «Алмагеске түсініктеме», « Геометриялық сызықтар жасаудың әдістері», «Астрология», «Китаб әл мусики әл кабир» секілді әрқайсысы бір бір ғылымның шыңын көрсететін аса ірі туындылары бар. Мұның сыртында соңғы жылдары Қазақстанның Иранда алғашқы Төтенше және Өкілетті елшісі болған ғалым Мырзатай Жолдасбеков тауып әкеліп, Алматыдағы Әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің кітапханасына тапсырған Әл-Фарабидің қолжазбалары өз алдына бір пара қазына.