Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тракторды сынау техникасы мен технологиясы

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 8 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Сынау түрлері және оны топтастыру


Жоспар

1 Сынау түрлері және оны топтастыру 3
1.1 Сынау мақсаттары мен міндеттері 3
1.2 Трактордың айқындауыш қасиеттері 8

1 Сынау түрлері және оны топтастыру

Сынақты трактордың жаңа жобаланып жасалған түрлерімен қатар, оның жетілдірілген, өндірісте шығарылып жатқан, жөндеуден өткен түрлері де қажет етеді. Трактордың әр түрін сынаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Бір-бірінен айырмашылықтары: сынау жұмыстарының мақсат, міндеттеріне, бағдарламаларына пайдаланылатын әдістемелеріне байланысты.
Сынауды көптеген ерекшеліктеріне қарап топтастыруға болады. Негізгі ерекшеліктері ретіне төмдегілерді атауға болады: мақсат- міндеті; жүргізілетін орны; әдістеме ерекшелігі; жасау, пайдалану кезеңі.
Сынаудың мақсаты мен міндетіне қарап келесі түрлерге бөлуге болады: міндеттік қасиеттерін айқындау үшін (қысқаша міндеттік) сынау, зерттеу үшін (қысқаша зертей) сынау, мерзімдік төзімділігін айқындау үшін (қысқаша төзімділікке) сынау.
Сынауды жүргізілетін орнына қарай мынандай түрлерге бөлуге болады. Лабораториялық (зертханалық), полигондық, дағдылы жағдайда пайдаланып (қысқаша пайдаланып) сынау.
Қолданылатын әдістеменің ерекшеліктеріне қарай екі түрге бөлінеді: біріншісі – дағдылы әдістеме, екіншісі – жедел әдістеме.

1.1 Сынау мақсаттары мен міндеттері

Міндеттік сынау трактордың тартымдылық, экономикалық, технологиялық қасиеттерін пайдалануға икімділігін және т.б. оның агрегаттарының, бөлшектерінің өз міндеттерін қаншалықты толық атқаратын анықтау үшін өткізіледі. Міндеттік сынау анықталатын қасиеттеріне байланысты мынадай түрлерге бөлінеді: тартымдылыққа сынау; пайдалануға – технологияға икемділікке сынау; агрегаттауға икемділікке сынау; өткіштікке және т.б.

1.2 Трактордың айқындауыш қасиеттері

Тракторды теориялық зерттеу, жобалап-есептеу, бір-бірмен салыстырып сынау және оның деңгейін бағалау үшін арнайы анықтауыш көрсеткіштер пайдаланылады. Бұл көрсеткіштер жиынтығын пайдалану (айқындауыш) қасиеттері деп аталады.
Пайдалану қаситеттері үш топқа бөлінеді: агротехникалық, технико-экономикалық, жалпы техникалық.
Агротехникалық қасиеттер трактордың әр түрлі шаруашылық жұмыстарды ережеге сай дәлме-дәл атақаруға бейімділігін сипаттайды. Мысалы, ауыл шаруашылық жұмыстарын атқаратын трактордың басты агротехникалық қасиеттері мыналар: қатар аралықтан, тау баурайыннан өткіштігі; қозғалыс басқарымдылығы және орнықтылығы; жүріс жатықтығы. Ал орман өңдеудегі негізгі агротехникалық қасиеттер – ағаш арасындағы өткіштігі; оңтайлылығы. Жерді суландыру немесе кептіру жұмыстарын атқарғандағы негізгі агротехникалық қасиеттер – жұмсақ жерден өткіштігі және оңтайлылығы. Тау-кен өнеркәсібінде пайдаланылатын трактордың агротехникалық қасиеттеріне келесілер жатады: ұзындық және көлденеңдік орнықтылығы, жүріс жатықтығы, оңтайлығы және т.б.