Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарихы

Тип: Реферат

Объем: 6 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Ұжымдастыру және қазақ шаруасының тағдыры

Қазақстаның тәуелсіз ел болуы оның күрделі тарихи даму кезеңдеріндегі елеулі оқиғалар мен фактілерге жаңаша бағыт беру қажеттілігін туғызады. Осындай тарихи мәселелердің бірі-қазақ шаруаларын меншігінен айыру және күшпен ұжымдастыру (коллективтендіру).
Қазақ даласында орын алған 30 ж. басындағы ауыртпашылық азамат соғысы жылдарынан, одан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңінен басталды десек қателеспейміз. Қазан революциясынан кейінгі кезеңде орындалған содыр саясаттың нәтижесінде революция жеңістерін баянды етеміз, оны дүниежүзілік сипатқа енгіземіз, майданды материалдық жағынан қамтамасыз етеміз Деген желеумен елде төтенше жағдай жариялап, азық-түлік салығын енгізді. Майданға мал мен азық-түлікті жөнелту барынша кең көлемде сипат алды.

Тарихи құжаттар бойынша тәркілеуге тиісті байлардың ұзын саны 800 болды. Олардан алынған мал 145 мың басқа да жетпеді. Сондықтан да байлардан алынған мал тақыр кедейлерді аштықтан құтқаруға қызмет етті деу бекершілік.
Бұл жағдайлар 30-шы жылдың соңғы айларынан бастап Қазақстан үкіметінің орташаларды жаппай жазалауына ұласты, ал 1931 ж. орташалардың жеке қожалықтарын жою саясаты іс жүзінде нақты өмірге енгізілді. «Ұлы көсем» 1933 ж. дейін бай-кулакқа қарсы ымырасыз күресу психологиясынан арыла алмай, оларды колхозшылар арасынан тынбай іздестірді және басқалардан да осыны талап етті. Осылайша бай кулактарды тап ретінде жою саясаты біртіндеп елеусіз түрде «Тап жауын» жаппай іздестіруге ұласа бастады.

Әрине, бұл кесапат Ақжайық өлкесін де қамтыды. Егер де республика көлемінде ашаршылық жылдарында адам өлімі мен босқындар саны женінде біршама тиянақталған материалдар жинақталған болса, Ақжайық бойынша бұл жұмыс енді жүрін жатыр. Біз бүгінгі таңда Жаңақала көтерілісі жөніндегі материалдарда, Шыңғырлау ауданының тұрғынының Сталиннің секретариатына жолдаған хатындағы босқындар өмірін әділ суреттеуі жөніндегі құжаттар жарыққа шығарылып, жарияланды. Ақжайық өңірінен Самара төңірегіне шоғырланған босқындар саны 50 мың адамнан асты.