Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Геология

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 20 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Кен орнының геологиялық зерттеу және игеру тарихы


ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1 ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ 4
1.1 Өзен кен орны жайлы жалпы мәліметтер 4
1.2 Кен орнының геологиялық зерттелуінің және игерілуінің тарихы 5
1.3 Стратиграфия 8
1.4 Тектоника 12
1.5 Мұнайгаздылық 14
1.6 Сулылық 18
1.6.1 Қабат суларының физика-химиялық қасиеттері 19
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 20

КІРІСПЕ
Өзен кен орындарында терең барлау бұрғылаумен қалыңдығы шамамен 3600 м шөгінді мезозойлық жыныстардың қабаты ашылған, оның құрылымында триас, юра, бор, полеоген, неоген және төрттік шөгінділері орын алады. Олардың былай белгіленуі скважина үлгі тастарын зерттегенде алынған палионтологиялық мәліметтерге және Маңғыстаудың басқа аудандарының ұқсас шөгінділерімен салыстыруға негізделген. Бөлімдер, ярустар және подярустар арасындағы шекаралар шартты, негізінен электрокаратаж бойынша жүргізілген. Соңғы кезде микрофаунамен т.б. зерттеу арқасында қолда бар стратиграфиялық үлгілерді өзгертуге және анықтауға мүмкіндік туып отыр.

1 ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Өзен кен орны жайлы жалпы мәліметтер
Өзен кен орны Маңғыстау түбегінің геологиялық әдебиеттерде Оңтүстік Маңғыстау ойысы деп аталатын оңтүстік шөл дала бөлігінде орналасқан.
Әкімшілік жағыыан кен орны территориясы Маңғыстау облысы құрамына кіреді. Ең жақын елді мекен Жаңаөзен қаласы, ол кен орнынан оңтүстікке қарай 8-15 км - де орналасқан. Батысында 80 км - Жетібай қаласы, ал 150 км - Ақтау қаласы.
Орографиялық жағынан Оңтүстік Маңғыстау ауданы теңіз жаққа, оңтүстік-батысқа қарай сәл көлбеуленген, төмпешікті үстірт түрінде, оның абсолютті белгілері солтүстігінде +260 м және оңтүстігінде +24 м. Ауданның орталық және оңтүстік бөлігінде үлкен ойпаттар бар,олардың ішіндегі ең ірісі минималды абсолюттік белгісі - 132м «Қарагие» ойпаты.

1.2 Кен орнының геологиялық зерттелуінің және игерілуінің тарихы
Маңғыстауды зертеу өткен ғасырдың аяғында басталған. Маңғыстау мұнайының алғашқы белгілерін 1899-1901 жж. Таспассорлары мен құдықтарының ауданында А.А.Насибьянц тапқан.
Өзен көтерілуі 1937-1941 жж. С.Н.Алексейчик далалық геологиялық зерттеулер жүргізгенде анықталған.

1.3 Стратиграфия
Өзен кен орнында терең барлау бұрғылаумен қалыңдығы шамамен 3600 м шөгінді мезозойлық жыныстардың қабаты ашылған, оның құрылымында триас, юра, бор, палеоген, неоген және төрттік шөгінділері орын алады. Олардың былай белгіленуі скважина үлгітастарын зерттегенде алынған палеонтологиялық мәліметтерге және Маңғыстаудың басқа аудандарының ұқсас шөгінділерімен салыстыруға негізделген. Бөлімдер, ярустар және подярустар арасындағы шекаралар шартты, негізінен электрокаротаж бойынша жүргізілген. Соңғы кезде микрофауна мен т. б. зерттеулер арқасында қолда бар стратиграфиялық үлгілерді өзгертуге және анықтауға мүмкіндік туып отыр. Өзен кен орнының мұнайгаздылығы юра және кейде бор шөгінділері байланысты. Кен орнының геологиялық қимасында бор және юра шөгінділеріне қарасты 26 құмды горизонттары анықталған. І-ХІІ горизонттар (жоғарыдан төмен қарай) жасы бор-газды, ХШ-ХҮІП горизонтар - жоғарғы және орта юра - кен орнының негізгі мұнай -газды қабаты, жеке күмбездерде төменгі юраның XIX - XXIV горизонттары мұнайгазды.

1.4 Тектоника
Оңтүстік Маңғыстау ойыстары жүйесінің солтүстік қанатына жататын Жетібай-Өзен тектоникалық баспалдағының шектерінде қазіргі уақытта біршама құрылымдар шоғырлары айқындалған, олармен мұнай жәые газ кен орындары байланысты. Олардың қатарына Өзен, Жетібай, Қарамандыбас, Теңге, Тасболат, Асар, Оңтүстік Жетібай, Ақтас, Шығыс Жетібай кіреді.

1.6.1 Қабат суларының физика-химиялық қасиеттері
Өзен кен орнының қабат сулары химиялық құрамы бойынша екі топқа бөлінеді: бірінші топ - бор, екінші топ -юра шөгінділерінің сулары.
Бор шөгінділерінің сулары негізінен сульфат-натрийлік түрге жатады және миыералдылығы 10 г/л-ге дейін.