Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Әлеуметтану және саясаттану

Тип: Реферат

Объем: 13 стр.

Полный просмотр работы

Отанымыздың азаттығы аға ұрпақтың арманы болған

Отан! – деген сөзім қандай әдемі!
Көзге елестер бүкіл қазақ әлемі.
Таңдандарды жан-жағымды - бай өлке,
Қарапайым, кең дастархан, әдебі.
Атам қазақ аңсағаны еркіндік,
Сақтау үшін азаттықты бекіндік,
«Қастығы жоқ қазақ» деген аңыз бар,
«Татулықтың символымыз » сертім нық.
Халқымның «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген даналық пікірін ойлап қарасақ, ата-бабаларымыздың асқар таудай ақылында, өз өмір тәжірибесінен өткен өнегелі істері – елін, жерін қорғау, бірлікте, ынтымақта өмір сүріп, еліне елеулі, халқына қалаулы болу сияқты жақсы қасиетті ұрпақтан- ұрпаққа дарыса деген асыл арманы екен.

Азаттық қазақтың ежелгі арманы еді. Түлкі бұлаң тарихтың нешеме бұрылысында ел азаттығы үшін талай тарланның тақымындағы тер кеппеді. Ат үстінде өткен ғасырлар көп болды. Қазақтың соңғы ханы Кенесары азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді.Қаша ұрыс салып жүргенде қапы кетті. Ханның басы қанжығада кете барды...

Қылышынан қаны тамып, жарты әлемді билеп тұрған қызыл империя кеңестік коммунистік партия кезеңінде қазақ жастарының ұлттық намысн ту етіп, отаршылдыққа қарсы алғаш жойқын бұлқыныс танытуы Мәскеудегі өктемшіл шовинистердің төбесіне жай түсіргендей әсер етті. Өйткені, уысындағы қол бала іспеттес көптеген ел бұдан «үлгі-өнеге» алып, ол өрт қаулай түссе, халдерінің мүшкілденетінінен қауіптенді. Оны олар алдын-ала сезді де, басқыншылық әрекеттерге, фашистік қатыгездік қадамдарға да көз жұма барды. Әділдіктің салтанат құруын сұраған жалаң қолды бейбіт

Әдебиеттер тізімі
1. М.Шәбжантайқызы. А.Байтанұлы. М.Төлегенқызы «Ауылым-алтын бесік» Көкшетау -2003
2. Мұхтар Шаханов. «Жаңа қазақтар». А., «Білім», 2000ж
3. Толстой Л.Н. Полн.собр.соч. М., 1928- 1958г.
4. В.А.Сухомлинский. «О воспитании» М., 1988г.
5. И.С.Тургенев. Л., 1968г.
6. Ф.М.Достоевский. «Материалы и исследования». Л. 1976г.
7. // Кеңес Нүрпейіс. «Егер біз» . Жас алаш. №15. 2001ж.
8. // Нұртөре Жүсіп. «Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбейміз!» Жас алаш .№1. 2001ж.
9. // Шөмішбай Сариев. «Тәуелсіз ел қазағым». Егемен Қазақстан. №16. 2003ж.
10. // Лесбек Сайлаубеков. «Бодандыққа қарсы бұлқыныс». Ақ жол. №21. 2006ж.