Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының тарихы

Тип: Реферат

Объем: 9 стр.

Полный просмотр работы

Бақытжан Қаратаевтың ғылыми-зерттеу жұмыстары

Бақытжан Қаратаев - халқымыздың бостандығы мен ұлттық тәуелсіздігі, оның жарқын болашағы үшін аянбай күрескен ұлы даланың дарынды перзенті. Бар ғұмырын халқының мүддесі үшін сарп еткен ол өмірінің соңында болашақ ұрпақ үшін туған халқының басынан өткерген тарихын жазып, артына мол мұра қалдырды.
1931 жылы 16 тамызда Б. Қаратаев Орталық архив басқармасының ғылыми қызметкері болып тағайындалады [1, 55п]. Басқарма Б.Қаратаевты, арнайы бағдарламасы бойынша, Қазақстанның 1916-1919 жылдар аралығындағы тарихын зерттеу мақсатында, Ақтөбе, Орал, Саратов, Орынбор қалаларына іссапарға жібереді. Ол іссапарда жүріп мұрағат, кітапхана қорларымен жұмыс жасап, халқымыздың тарихына қатысты құнды деректер жинайды.

Сонау 1908 жылғы маусымның 15-і күнгі «Тургайская газетаның» №24 санында «К изданию киргизской газеты» атты мақала жарық көрді. Аталған мақалада Санкт-Петерборда қазақ тілінде газет, журнал және брошюралар шығару үшін қоғам ұйымдастырылғаны жазылады. Бұл қоғамды құруды қолға алған белгілі байлар И.Жаманшалов пен Рамьевтер болды. Империя астанасынан шығарылатын болашақ «Алаш» газетінің редакторлығына Б.Б.Қаратаев шақырылады.
Қазақ зиялылары «Алаш» атауының түп-төркіні еркіндікті білдіретін қасиетті ұғым екендігін тамыршыдай тап басқан және редакторлыққа елге белгілі қайраткерді шақыруы да біраз жәйтті аңғартса керек. Газет ұжымы егер болашақта шығарылатын газетке Б. Қаратаев редактор болса, жұмыстың өрге басатындығын, Бақытжан Бисәліұлын жалпақ алаш жұртының жақсы білетіндігін жаза келіп, алдағы жұмысына табыс тілеген. Өкінішке қарай, газет жарыққа шықпаған сияқты.
Б.Қаратаев 1908-1916 жылдары алаштың зиялылары Ә.Оразбаев, А.Жанталин, С.Лапиндермен бірге қазақтарды жерге орналастыру жөнінде заң жобасын дайындап, халықты отырықшылыққа шақырса, ал Ғ.Қараш, Ш.Бөкеев және Е.Бұйриндермен бүгінгі «Егемен Қазақстанның» бастауында тұрған «Қазақстан» газетін шығару жұмысын қолға алды. 1914 жылы Қазан қаласында шыққан «Үлгі» атты поэманың авторы Садыр Ғалиұлы Бақытжан Қаратаевтың қазақ елі үшін еткен еңбегін, ағартушылық жұмысын, үлгілі өнегелі істерін өлеңге де қосқан.

Пайдаланылған әдебиеттер
1 ҚР ОММ 1227-қор, 1-тізім, 1-іс.
2 Ысмағұлов М. Революция сарбазы // Жалын, №1,1989.
3. Қаратаев Б.Б Обзор материалов по истории колонизации казахского края в связи с восстанием казахов Оренбургского края в 1869 году и в начале 1870-х годов.
4 Қойшыбаев Б. Бақытжан Қаратаев.-Алматы: Ана тілі, 1993.-184 бет.