Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Саясаттану

Тип: Реферат

Объем: 4 стр.

Полный просмотр работы

Жастар социологиясы

Жастар социологиясы – жастар әлеуметтік топтарының әлеуметтік сана сезімі мен мінез – құлқын, жастар әлеуметтануы үрдісін, аға ұрпақтармен қарым – қатынастарын, қоғамдық түйінді мәселелерді шешу ролі мен орнын зерттейтін ғылыми сала.

Жастар социологиясы көптеген арнайы социологиялық теориялармен тығыз байланыста дамиды.Көптеген әлеуметтік мәселелер жастар социологиясының дамуына үлкен әсер етті.Әлеуметтік ғылымда жастар өзекті мәселелері бүкіл қоғамның негізгі құрылымдық өзгерістерімен байланыстағы ерекше әлеуметтік топ ретінде зерттеледі.

Адамзат қоғамы түрлі кезеңдерде қоғамның жастар проблемалары ретінде айқындауға болатын ерекше проблемаларды шешу қажеттілігіне тап болды.Осы проблемаларды өзектілігі қажеттілігі барлық қоғамды біріктіреді: қоғам жастар арқылы биологиялық және сол сияқты рухани жаңғырады.