Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экология

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 25 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасындағы экологиялық қауіпсіздікті жетілдіру жолдары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІСІ 4
1.1 Экологиялық қауіпсіздіктің мәні, қажеттілігі 4
1.2 Нарық жағдайында экологияның экономикалық-құқықтық мазмұны әр түрлі нысандары 10
1.3 Экологиялық қауіпсіздік және оның экономикалық аспектісі 13
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПБУЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 16
2.1 Қазақстан Республикасындағы экологиялық қауіпсіздікті жетілдіру тетіктері 16
2.2 Экологиялық қауіпсіздік және экономиканың тұрақты дамуы 18
ҚОРЫТЫНДЫ 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 25

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы үшін экологиялық қауіпсіздік мәселелері мен жағдайлары бүгінгі таңда маңызды орын алып тұр. Мемлекетіміздің тәуелсіздігімен бірге жаңа экологиялық қауіпсіздік жүйелерін басқару да бой көтеріп келеді. Дұрыс басқару қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік саясатын уағыздап, табиғи ресурстарды рационалды пайдалану үшін өте қажет. Өкінішке орай Қазақстанда көптеген жылдар бойы өндірісте табиғи шикізаттарды өндіргенде, қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды шығару көп мөлшерде болды.
Елімізде экологиялық қауіпсіздікті және тұрақты экономикалық дамуымызды қамтамасыз ету мақсатымен, 2003 жылдың 3 желтоқсанында Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған Экологиялық қауіпсіздік концепциясы жарияланды. Бұл концепция қабылдағаннан бастап көптеген маңызды өзгерістер болып жатыр. Қоршаған ортаны қорғау заңдылықтар негізі құрылды. Бірқатар халықаралық келісімдерге қол қойылды. Қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесі құрылды. Концепция қоршаған ортаны қорғау мониторингінің біркелкі жүйесімен іске асыруды ұсынады. Экологиялық қауіпсіздік ол - халық қауіпсіздігінің маңызды бір бөлігі.
Экологиялық қауіпсіздік бағытында Мемлекеттік саясаттың мақсаты, ол - табиғи жүйені қолданудың қорғалуы. Адам өміріндегі ең маңызды жағдайларды ескере отырып, табиғатқа зиян тигізбеу. Өндірісті дамытумен қатар ғылыми-техникалық зерттеулерді күшейту. Экологиялық қатерді болғызбау үшін халық шаруашылығын, өндірісті байланыстыра отырып, экологиялық-экономикалық талдаудың әдістерін пайдаланып, қоршаған ортаға шығарылатын ластағыштар деңгейін салааралық модель арқылы талдап көрсету қажет-ақ.

1 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІСІ
1.1 Экологиялық қауіпсіздіктің мәні, қажеттілігі

Әлемде адамзат тіршілігі бар ортаға біздің білуімізше әзірше тек Жер ғана жатады. Табиғатпен оның байлықтары адамдардың өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы әл-қуатын арттырудың негізі болып саналады. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау проблемасы қазіргі заманның маңызды, қажетті мәселелерінің бірі.
Қоршаған ортаны қорғау дегеніміз табиғат пен адамның өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, жер мен оның қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін тағы басқа табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, сауықтыру, сапасын жақсарту, молықтыру. Бұл іс-әрекеттердің бәрі мемлекеттер заңымен, тиісті нормативтік-құқықтық актілермен, азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің белсенді араласуымен, мемлекеттік және мемлекетаралық келісімдермен, конвенциялармен реттеліп жүзеге асырылады.
Қазақстанда «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заң 1991 жылы қабылданған. Осы заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болғызбауға, биологиялық алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты тиімді пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.
Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері:

1.2 Нарық жағдайында экологияның экономикалық-құқықтық мазмұны әр түрлі нысандары

Қозғалыс табиғатты қорғау жөнінен әлемдік ауқымда қаралатын, кейінге қалдыруға болмайтын және жоғары имандылықты талап ететін мәселе болып табылады. Адам мен табиғаттың қарым — қатынасы экологиялық-экономикалық қатынас ретінде қарала бастады.
Біздің республикамыздың территориясы көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орынға ие. Менделеев таблицасындағы 105 элементтің Қазақстан қойнауынан 99-ы табылды, 70-інің қоры зерттелді, өндірісте 60-тан пайдаланылуда.
Қазақстанда отын өндірісі: көмір өндіру, мұнай және газ өндіру, түрлі — түсті металлургия; мыс, қорғасын, мырыш, алюминий және титан - магний өндірісі, қара металлургия: сапалы қара металлургия өндірісі дамыған. Осы өндірістер суды, ауаны, жерді, жер қойнауын бүлдіріп қана қоймай, барлық тіршілік дүниесіне әсерін тигізеді.

1.3 Экологиялық қауіпсіздік және оның экономикалық аспектісі

Адамзаттың алға жылжуы табиғат пен қоғам арасында жүретін «зат алмасусыз» мүмкін емес. Алайда бұл алмасу қоршаған ортаға зиян келтірмеуі тиіс. Өкінішке орай, адамда «бәрін бағындырам» деген қиял пайда болады. Ғасырлар бойы адамдар жасаған өндіріс құралдары қазір дамудың жоғары деңгейіне жетті. Енді сол жетістік адам денсаулығына жер бетіндегі тіршілік дүниесіне зиян келтіруде. Оның бір себебі әлі күнге дейін материалдық өндірісте объективті баға үшін жеткіліксіз екі өлшемді әлеуметтік, экономикалық әдіс қолданылды.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПБУЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Қазақстан Республикасындағы экологиялық қауіпсіздікті жетілдіру тетіктері

Экологиялық қауіпсіздіктің критерийлерін әзірлеу және экологиялық қауіпсіз технологияларын жаппай енгізумен қатар үкіметаралық ұйымдардың бірлескен отырыстарында жақын арада және ұзақ мерзімге атқарылатын іс-шаралардың кешенді жүйесін әзірлеу қажеттігі туындап отыр.
Бейімделудің әмбебаптығы экологиялық қауіптілігі жоғары өнеркәсіп салаларындағы мақсатты ынтымақтасу бағдарламаларын ұзақмерзімді жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. Әлемдік қауымдастық алдында ластануды анықтау тәсілдерінің біртектілілігін, газ және суды тазалаудың тиімділігі жоғары жабдықтарын әзірлеуде және бақылау мен өлшеу құрылғыларын әзірлеуде, экология-экономикалық фундаментальды ғылыми зерттеулер жүргізуде ғаламат жұмыстар күтіп тұр.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Вена конгресінің қорытынды құжатында атмосферада, су мен топырақта экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру және сақтау, күкірт, азот тотықтарын немесе олардың трансшекаралық ағындарын 30%-ға уақтылы және тиімді азайту атап көрсетілген. ЕЭК мүшелері мемлекеттері қоршаған ортаны қорғау және ресурстарды тиімді пайдаланудың аймақтық стратегиясының маңыздылығы туралы баса айтылған.

2.2 Экологиялық қауіпсіздік және экономиканың тұрақты дамуы

Соңғы кездерге дейін экономикалық өсу мен қоршаған ортаны қорғау басымдылықтары арасында белгілі бір дәрежеде қарама-қайшылықтар болды. Экономикалық өсу табиғатқа зиян келтіруге апарып соқтырады деп саналды. Себебі, мемлекеттік мәселелерді шешуде оның болашақта неге апарып соқтыратынымен санаспай, көзсіз қадамдар жасау өмірде орны толмас трагедиялық жағдайларға кезіктіруде. Бүгінгі күні әлемдік сипат алған Арал өңіріндегі, Семей полигонындағы т.б. экологиялық дағдарыстар осындай біржақты көзқарастың, өткінші табыстарға жету үшін жасалған жұмыстардың салдарлары болып табылады.
Өткен ғасырдың екінші жартысынан Қазақстанда экологиялық апатты тудыратын шаралар жүргізіле бастады, Семей полигонындағы жарты ғасырға созылған жарылыстар, Байкоңыр ғарыш айлағынан жыл сайын тобымен ұшырылған түрлі зымырандар, Арал теңізінің тартылуына қолдан жол беріп, құрып кетуге айналуы т.б.