Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Аудит

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 28 стр.

Год: 2008

Полный просмотр работы

Ақша қаражаттар қозғалысы


Жоспар
1 Ақша қаражаттар қозғалысы 3
1.1 Ақша қаражаттар қозғалысының есебі 3
1.2 Касса операцияларының аудиті 5
1.3 Банкте ашылған шоттардағы ақша қаражаттарының аудиті 11
1.4 Есебі берілуге тиісті сомалардың аудиті 15
1.5 Тексерілуге тиісті басшылардың негізгі пайымдаулары 20
Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттер тізімі 28

1 Ақша қаражаттар қозғалысы

1.1 Ақша қаражаттар қозғалысының есебі

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп – деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: «кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субъектілердің ақша – қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша - қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаражылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауына мүмкіндік береді» делінген. Ал осы стандарттың екінші бабында: «Заңды тұлғалар, субъектілер ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізіледі және есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің ұрамында тапсырады» делінген.
Жалпы ақша қаражаттары ҚЕХС-ң шоттар кестесіндегі 10.1 «Қысқа мерзімді активтер» деген алғашқы бөлімнің бірінші тобына кіреді. Бұл бөлімнің шоттары қысқа мерзімді ретінде жіктелетін ұйымның активтерін есепке алуға арналған. Актив, егер:

Барлық қалған активтер ұзақ мерзімді активтер ретінде жіктеледі.
1000 – «Ақша қаражаты» кіші бөлімі – ақша қаражаттарын есептеу үшін қолданылады және өзіне мына 7 топты кіргізеді.
1010 – «Касадағы теңгемен ақша қаражаты», онда кассадағы ұлттық валютамен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады. Жалпы касса операцияларының есебі 1010 (451) «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты» және 1020 (452) «Кассадағы валютамен ақша қаражаты»-деп аталатын шоттарда жүргізіледі. Кәсіпорындар мен қаражаты, яғни шарушылық субъектілердің кассадағы ұлттық валюта түріндегі (теңге түріндегі) нақты ақша қаражаттарының кірісі мен шығысының (қозғалысының) есебі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк мекемесі бекіткен кассалық операциялар есебін жүргізудің тәртібіне сәйкес жүргізілуі тиіс.
1020 – «Кассадағы валютамен ақша қаражаты», бұл жерде кассадағы шетел валютасымен ақша қаражатының қозғалысы есептеледі.

1.2 Касса операцияларының аудиті

Касса операцияларына аудиторлық тексеруді объектіге қатысты төмендегі реттілікпен жүргізуге болады.
 кассаға түгелдеу жүргізу және ақша қаражаттарының сақталу жақтайын тексеру;
 операциялардың құжаттық рәсімделуінің дұрыстығын тексеру;
 ақшаның толық және өз уақытында кіріске алынуын тексеру;
 ақшаның шығысқа есептеп шығарылуының (жұмсалынуының) дұрыстығына аудиторлық тексеру жүргізу;
 операциялардың бухгалтерлік есеп шоттарына көрсетілуінің дұрыстығын тексеру.
Тексеру жүргізу жоспарын құру кезінде ақша қаражаттарының және кәсіпорын кассасындағы басқа құндылықтардың қозғалысы мен сақталуына ішкі бақылаудың тиімділігін бағалау керек.Тестілеудің көмегімен аудитор кәсіпорынның касса операцияларын жүргізуіне алдын – ала баға береді, осы аралық участоктарды анықтайды, негізгі бақылау процедураларының құрамын жоспарлайды, есеп жүргізу ерекшеліктерін анықтайды.Аудиторға мүмкіндігіне қарай касса операцияларына ішкі бақылаудың жағдайы туралы толық ақпарат алуы қажет.Ол үшін ең бірінші оған алдын – ала дайындалған сұраунама бойынша тест жүргізу керек.

1.3 Банкте ашылған шоттардағы ақша қаражаттарының аудиті

Банкте ашылған шоттар бойынша операциялар аудитінің мақсаты – ағымдағы шот және банкте ашылған басқа да шоттар бойынша операциялардың есебін ұйымдастырудың дұрыстығын тексеру. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін аудиторға төмендегілерді тексеру керек:
 банкте ашылған ағымдағы және валюталық шоттар бойынша операциялардың орындалуының заңдылығын;
 кәсіпорынның банктік шоттарына ақша қаражаттарының келіп түсуі және есептен шығарылуы бойынша операциялардың негізділігін;
 банк операцияларының бухгалтерлік есепте көрсетілуінің дұрыстығын.
Банкте ашылған ағымдағы және валюталық шоттар бойынша операциялардың орындалуының заңдылығын тексеру. Ағымдағы шоттар бойынша операцияларға тексеру жүргізу кезінде олардың қолданыстағы заңдарға, есеп саясатының ережелеріне, сонымен бірге ішкі бақылау саясаты мен процедураларына сәйкестігіне ерекше назар аудару керек.

1.4 Есебі берілуге тиісті сомалардың аудиті

Кәсіпорынның шаруашылық қызметі процесінде есебі берілуге тиісті сомалар мардымсыз (аз) шығыстарды құрайды. Бірақ оларды әрбір аудит жүргізу кезінде жаппай тексеру әдісін пайдаланып тексеріледі. Ондай тексеру көбінесе ұрлық пен ақшаның жұмсалып кетуі (ысырап болуы) мүмкін екендігінен, сонымен бірге клиенттердің өздерінің бұл шотты аудитордың мардымсыз сома болса да тексереді деп күтетіндігінен болады. Сондықтан есебі берілуге тиісті сомаларды тексеруді төмендегі бағыттар бойынша жүргізген дұрыс:

1.5 Тексерілуге тиісті басшылардың негізгі пайымдаулары

Ақша қаражаттарымен операциялар жүргізу жеткілікті түрде заңдық, ведомствалық және басқа нормативтік құжаттармен реттелген. Сонымен бірге, оларға елеулі қателер жіберуге алып келуі мүмкін басқа да циклдар әсерін тигізеді. Себебі, шаруашылық операциялары циклдарында барлық уақытта дерлік шоттарды төлеу жүзеге асырылып отырады. Баланстағы ақша қаражаттарының шоттары бойынша сальдо үлкен болмайды, бірақ олардың келіп түсуі мен шығуы бойынша үлкен айналымдар орын алады. Ақша қаражаттары өтімді (ликвидті) активтерге жататын болғандықтан, олардың ұрлану ықтималдығы жоғарырақ болады.

Қорытынды

Қорыта келгенде, мен өзімнің «Ақша қаражаттар қозғалысы» атты курстық жұмысымды жан-жақты қамтып, зерттеу барысында көптеген мәліметтермен таныс болдым.
Сонымен, ақша қаражаттар қозғалысы – шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ, тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы болып табылады.