Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 43 стр.

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық жағдайы

Жоспар
Кіріспе 3
I Агроөнеркәсіп кешенінің нарықтық экономикасы 5
1.1 Агроөнеркәсіп экономикасының ерекшеліктері 5
1.2 Ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарығы 8
2.3 Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы динамикасы 14
2.2 Ауылшаруашылығын реттеудегі мемлекеттік саясат 17
2.3 Ауыл шаруашылығын несиелеу жүйесі 22
2.4. Агроөнеркәсіптік кешенін техникалық жарақтандыру 30
III. ҚР-дағы ауыл шаруашылығын дамыту жолдары 36
Қорытынды 41
Қолданылған әдебиеттер 43

Кіріспе
Мұнай қырық-елу жылда сарқылатын байлық. Ал жер бетінен алынатын өнім әлімсақтан бері халықты асырап келеді. Жейтін тамақ пен киетін киім жер астында емес, жер бетінде. Синтетикалық киімге қазір сұғына қоятын ешкім жоқ. Сондықтан, табиғи өнімдерге деген сұраным өсе түседі. Демек, Қазақстанның бір жағынан аграрлық ел болғанының болашақта пайдасы тиеді.
Республикамыздың агроөнеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды саласы және экономикалық дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін дамыту, саяси-әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші рөл атқарады. Ауыл шаруашылығы – бұл еліміздің экономикасын биікке асқақтататын маңызды салалардың бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығы дегенде еріксіз ойымызға кең байтақ жеріміз, төрт-түлік малымыз, егінді алқаптарымыз оралады. Осы табиғаттың берген сыйын жоғалтпау үшін ауыл шаруашылығының жағдайын жақсартатын бір әдіс-тәсілдер керек сияқты.
Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы жаңа туған нәресте тәрізді нәзік те, әлсіз. Сол нәрестені құшағына қысып, аялап, мәпелеп, аяққа тұрғызатын ананың рөлін атқаратын бұл – мемлекет болып табылады. Мемлекет барынша ауыл шаруашылығына көмегін аямау керек.
Менің осы тақырыпты таңдауымның себебі мені ауыл шаруашылығының жағдайы мен тағдыры алаңдатады және қазіргі таңда нарықтық экономикада бұл өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Осы талдауда ауыл шаруашылығының проблемалары түгелдей дерлік шешіледі деп ойлау қате болар, бірақ қайтсе де шешу жолдарын іздестіру артық болмас.

I Агроөнеркәсіп кешенінің нарықтық экономикасы
1.1 Агроөнеркәсіп экономикасының ерекшеліктері
Адамзаттың техникада және өндірісте қолы жеткен прогресі қандай айбынды болғанымен, оның барлық өмірі табиғатқа байланысты екенін ұмытпауымыз керек. Ол адамдарға өте үлкен және алуан түрлі ресурстарды пайдалануға береді.
Алдымен керегі бұл адамдардың тамағы. Ол болса табиғаттың негізгі ресурсы- жер арқылы өндіріледі, алынады. Шындығында жерсіз адам сүре де алмайды. Экономика ерекшілігінің бірі барлық ауыл шаруашылығы өндірісі осы жерде орналасқан.
Біріншіден, ол табиғаттың, ауа-райының жағдайына толық байланысты, бір жыл екінші жылға ұқсамауы мүмкін.

1.2 Ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарығы
Қазақстан Республикасының экономикасын тұрақтандыру және нарыққа көшу бағдарламасы бойынша, ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарығын құру үшін мемлекеттік тапсырыстың міндеттілігін жою , оның орнына экономикалық жағынан дербес тауар өндірушілер құрамын жасақтау, нарықтық инфроқұрылымын қалыптастыру, тауар өндірушілерлің дайындаушы, ұқсатушы және басқа ұйымдармен еріктілік пен өзара тиімді негіздегі шарттық қатынастарына көшу.

2.3 Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы динамикасы
Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 2001-2005 жылдары орташа 10,7%-ға, оның ішінде өсімдік шаурашылығында - 13%-ға, мал шаруашылығында – 7%-ға артты. Ауыл шаруашылығы өндірісінің оңды динамикасы ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігімен, мал басы мен мал өнімділігінің артуына және «Ауыл» мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасын іске асыруға негізделген. 2003-2005 жылдары осы бағдарлама шеңберінде республикалық бюджеттен 6,5 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен - 367,2 млн. теңге бөлінді және игерілді. Осы қаржылар есебінен фитосанитарлық және эпизоотикалық қолайлылық, тұқымдардың сапасын тексеру қамтамасыз етіліп, таңдаулы тұқымдардың, асыл тұқымды өнімдердің, минералды тыңайтқыштардың, гербицидтердің, суармалы су жеткізудің құны арзандатылды.

2.2 Ауылшаруашылығын реттеудегі мемлекеттік саясат
Ауыл шаруашылығы экономикасының ең күрделі мәселелерінің бірі – сатып алынатын және сатылатын тауарларға баға теңгермешілігін(паритетін) сақтау, яғни, ауыл шаруашылық өнімдері мен осы салаға арналған өнеркәсіп өнімдері құндарының арасындағы қатынас осы екі саланың да мүддесінен шығу мәселесі. Халқымыздың тұрмыс деңгейін арттыруда бұл мәселені дұрыс шешудің үлкен маңызы бар. Бірде-бір дамыған елде егін және мал шаруашылықтары тұтастай нарықтың ерікті «ағысына» жіберілмеген.

2.3 Ауыл шаруашылығын несиелеу жүйесі
Агроөнеркәсіптік өндірісті қаржымен қамтамасыз етуде несиелік механизмнің орны бөлек екені мәлім. Соған қарамастан, осы күнге дейін экономиканың аграрлық секторындағы қаржы-экономикалық қатынас жүйесінде ауыл шаруашылығын несиелеу өзектілігін жоймай келеді. Ол ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеуді және оны ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды қарастыруды талап етеді.

2.4. Агроөнеркәсіптік кешенін техникалық жарақтандыру
Машина-трактор паркін қазіргі кездегі жағдайы.
Республикада 137,2 мың шынжыртабанды және доңғалақты тракторлар, 45,5 мың астық жинайтын комбайндар, 15,2 мың дестелегіштер, 90,7 мың тұқым сепкіштер және басқа да ауыл шаруашылығы техникалары бар.
Соңғы жеті жылда (2001-2007) 26,5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникаларының негізгі түрлері сатып алынған.
Өткен жылы 4,2 мыңнан астам негізгі ауыл шаруашылығы техникалары 45,0 млрд. теңгеге сатып алынды:

III. ҚР-дағы ауыл шаруашылығын дамыту жолдары
Серпінді жобаларды іске асыру, саланың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға өте маңызды ықпалын тигізеді.
Қазақстан астығының экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Президенті астық экспортының жыл сайынғы көлемін ұлғайту және Қазақстанның әлемдік астық экспорттаушы бестіктің қатарына кіруі жөнінде міндет қойды.
Осы міндетті орындау үшін Каспий жағалауы және оған жақын орналасқан елдердің нарықтарының стратегиялық маңызы өте жоғары.

Қорытынды
Қорытындылай келе, қазіргі ауыл шаруашылығының жағдайы шынында да мәз емес. Бірінші бөлімде, мен агроөнеркәсіп экономикасына жалпы шолу жасап өттім. Сонымен қатар агроөнеркәсіп өнімдер нарығын талдадым. Ол жерде ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарығын құру үшін мемлекеттік тапсырыстың міндеттілігін жою , оның орнына экономикалық жағынан дербес тауар өндірушілер құрамын жасақтау, нарықтық инфроқұрылымын қалыптастыру, тауар өндірушілерлің дайындаушы ,ұқсатушы және басқа ұйымдармен еріктілік пен өзара тиімді негіздегі шарттық қатынастарына көшу мәселелерін қозғадым.