Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының тарихы

Тип: Реферат

Объем: 15 стр.

Полный просмотр работы

Тәуелсіздікті жақындатқан тұлғалар. Азаттықтың ақ таңы атқалы он бес жылда облысымызда орнатылған ескерткіштер елдік еңсемізді биіктетіп тұр

Тәуелсіз ел атануымыздың арқасында өшкеніміз жанып, өлгеніміз тіріліп, жлоғымыз түгенделуде. Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Тұрар, Мұстафа сынды арыстарымызды алыш болып ардақтап, талай тұлғаларымызды тұғырына қондырдық. Хандарымыздың, батыр-билеріміздің қадіріне жетіп, ұлттық салт-санамызды қайта жаңғыртқанымыз – елдігіміздің белгісі. Оған тәубе, десеміз.
Мызғымастай көрінген кеңестік империя күйреп, тіліміз бен дініміз, діліміз есіктен көтеріліп, терге озды. Тарихымыздан ажырап, озгепің жырын жаттап, батырын мақтап, өгей баланын күйін кешіп едік, ол сорақылықтан біржолата құтылдық.
Құдайға шүкір, азаттығын алған қазағымыз қазір өзгелер аддында еңсесін тіктеген іргелі ел. Рухтандырып, намысымызды жанып, айбынымызды асқақтаған ел тұтқаларын қасиеттеп, өрліктері көңілден өшпесін деп бейнесін сомдап орнатудамыз. Елім деп егесіп, тәуелсіздік үшін текетіріскен ерлеріміздің туған топырағымызда жетерлік.
Тәуелсіздік алғалы ұлттық сана-сезімнің, қазақ халқының мемлекеттілігінің жаңғыруына, тарихи оқиғалар мен тұлғаларға қайта баға беруге мүмкіндік туғаны ақиқат. Нәтижесінде, көптеген ескерткіштер тұрғызылып, ұрпақты ұлттық патриотизмге тәрбиелеуге септігі тиюде. Облысымызда осындай отызға тарта тарихи және монументті өнер туындылары орнатылды. Олардың ішінде ел тәуелсіздігі жолында жан алып, жан беріскен батыр тұлғаларымыз, ғұламаларымыз бен даналарымыз бар. Бүгін біз азаттықтың ақ таңы атқан он бес жылда Жамбыл өңірінде бой көтерген қайраткерлеріміздің бірқатар ескерткіштерін қалың оқырманымызға ұсынып отырмыз.

Мұхамед Хайдар Дулат (1499-1551) – белгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес облыстардың тарихы жөніндегі аса құнды түпнұсқа болып саналатын – «Тарих-и Рашидидің», «Джаһаннаме» дастаныңың авторы.

Бауыржан Момышұлы (1910-1982) – қазақ халқының әскери қайраткері, ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры. 1941 жылы соғыс басталысымен генерал-майор И.В. Панфиловтың басшылығымен Алматыда жасақталған 316-атқыштар (8-гвардиялық) дивизиясы құрамында майданға аттанды.

Ақәділ Суханбаев (1920-1944) – Кеңес Одағының Батыры.

Қосы Сәмбетұлы (1670-1760) – қазақ-жоңғар соғысының айтулы қаһармандарының бірі.

Байзақ Мәмбетұлы (1789-1864) – Қазақстанның оңтүстік өңірінде Қоқан хандығына және Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық күресті ұйымдастырушы батыр.

Жамбыл Жабаев (1846-1945) – ақын, жырау, жыршы.

Рысбек Шінетұлы (1741-1824) – батыр.

Қарасай Алтынайұлы (1598-1671) – ел ұраны болған, «Қазақтың Қарасай батыры» аталған ерекше тұлға.

Бәйдібек Қарашаұлы (шамамен 6-7 ғ., кейбір деректерде 10-11, 14-15 ғ. өмір сүрген) қазақтың елі мен жерінің тұтастығын қалыптстыру жолындағы аты аңызға айналған тарихи тұлға.

Өтеген Өтеғұлұлы (1699-1773) – XVIII ғасырдың бірінші жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры.

Ноғайбай би Дәулетбақұлы (1834-1910) – он тоғызыншы ғасырдағы қазақ халқының қайраткер ұлдарының бірі – Жетісу өңірінің белгілі шешен биі.

Кенен Әзірбайұлы (1884-1976) – жыр алыбы Жамбыл бастаған ауыз әдебиеті сүлейлерінің соңы.

Жауғаш Қырбасұлы (1733-1782) – Абылай ханның әскери қолбасшысы, елші.

Сыпатай Әлібекұлы (1781/82 – 1867/68) – XIX-ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген қазақ батыры.

Биназар Ақеділұлы (1802-1860) – Қоқан хандығына қарсы күресте Сыпатай батырдың сенімді серігінің бірі болған батыр.

Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков (1966-1988) – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы.

Тұрар Рысқұлов (1894-1938) – мемлекет қайраткері.

Шоқай Қарабекұлы Қаратау өңірінде, Саудакентте XIX-ғасырда өмір сүрген белгілі тарихи тұлға.

Ұлбике Жанкелдіқызы (1825-1849) – қазақтың ғажап айтыскер ақыны, жезтаңдай әнші, дәулескер күйші.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев (1912-1993) – Қазақстанды ширек ғасыр бойы басқарған қазақ халқының көрнекті мемлекет қайраткері.

Төле би Әлібекұлы (1663-1756) – қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлес қосқан атақты би, мемлекет қайраткері.