Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Эссе (Реферат)

Объем: 8 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қызметтік құжаттар тілі мен стилін оқытудың тиімді тәсілдері

Қазақ тілінің іс қағаздарын жүргізу тіліне айналуы белгілі бір деңгейде оның ресми - іскери стиліне де әсер еткені белгілі. Өйткені іскери қарым - қатынас тілі басқару саласында қарым - қатынас үшін қолданылатын тілдің функциональды түрі - ресми - іскери стиліне тікелей тәуелді болады. Осыған байланысты тілдің функциональды түрі мен ауызекі сөйлеу қатынасының әлеуметтік міндеттерімен шартталатын тілдік бірліктердің оларды таңдау мен қолдану тәсілдерінің жүйесі алынады. Ал басқару саласындағы сөйлеу қарым - қатынастың өзіндік ерекшеліктері бар және оның қатысушылары басқару органдары мен оның буындары мынадай: кәсіпорындар, өнеркәсіп орындары; лауазымды қызметкерлер және жалпы қызметкерлер.

Сонымен қатар іскери қатынас ерекшелігі құжаттың тікелей құрастырушысының нақты авторы болып табылмайтын, әрқашан құжат адресанты мен адресатының тұтас бір мекеме болып табылатынында. Сондықтан да құжат бір тұлғамен қол қойылып бекітілсе де, оның авторы «ұжымдық субъект» болып табылады. Осы жердегі тілдің сыртқы жүйесі мен ішкі құрылымы арасында белгілі бір деңгейде қарым - қатынас пайда болып, нақты үрдістер іске асады.

Сонымен ресми - іскери стильдің мына қырларын атап өткен жөн: мазмұндануының бейтараптылығы, нақтылық пен айқындық, қысқалық пен дәлдік.
Бейтараптылық - ресми - іскери қатынастың нормасы. Басқару ақпараты жалпы өз сипатына қарай ресми болып табылады. Өйткені іскери қарым - қатынасқа түсушілер әдетте толық бір мекеменің, өнеркәсіп және өндіріс орындары атынан қатынасқа түседі. Сондықтан да жекелік, субъективтік құжат мазмұны да аз болғаны жөн.

Жоғары оқу орнын бітірген студенттер келешек маман ретінде өзі істейтін жұмыс орнында мамандық бойынша терминдерді еркін пайдаланып, түрлі қатынас қағаздарын жаза алатындай, мәжілістерде сөз сөйлей алатындай дәрежеге жетуі тиіс. Түрлі мәліметтер беріп, жылдық есеп жазу, жиналысты ұйымдастыру, не болмаса өзі сияқты мамандармен кездесіп, қызмет мәселелерін шешу арқылы еркін тілдік қарым - қатынасқа түсуі керек.

Студенттердің осы құжат түрін анықтай алуы және адам өміріндегі алатын орнын білуі үшін сол құжаттардың іске асуына , іскерлік қатынаста дұрыс қолданылуындағы шарттарды, талаптарды білгізу көзделеді. Мысалы, түйіндеме - қазіргі заман талабына сай, өзіндік қызметі мен талабы қалыптасқан, жаңа үлгідегі құжаттардың бірі. Үміткер өз түйіндемесін жазу барысында басшылыққа алатын құжатқа тән ерекшелікпен таныстырылып, үлгі дайындалады.