Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Информатика

Тип: Реферат

Объем: 17 стр.

Полный просмотр работы

Excel электрондық кесте құралдарымен мәліметтерді өңдеу


Кестелік құрылымдықұжаттармен жұмыс істеуге арналған кең таралған құралдардың бірі Microsoft Excel болып табылады. Ол сандық мәліметтермен жұмыс істеу үшін негізделген. Бұл тарауда біз Microsoft Office 2000 программасының құрамына кіретін Microsoft Excel 2000 электрондық кестенің алғашқы ұғымдарымен және жұмыс істеу тәсілдерімен танысамыз. Excel жай ғана программа емес, оны көптеген математкалық амалдрды, күрделі есептерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде түрлі-түсті диаграмммалар тұрғызып, жүргізуді қамтамасыз ете алады. Excel мүмкіндігінің көпжақтылығы тек экономика саласында ғана емес, ғылыми зерттеу, әкімшілік жұмыстарында да кеңінен қолданылады.

Мәліметтер типі. Кестенің ұяшықтарына мәліметтердің келесі үш типінің біреуін ғана енгізе аламыз. Ол мынадай типтер:
• Сан.
• Формула.
• Мәтін.
Енгізілетін мәліметтің сан немесе формула екенін оның алғашқы символына қарап анықтайды. Егер енгізілетін символдың біріншісі сан болса, онда оны сандық типке жатқызамыз. Егер біріншісі теңдік белгісі болса, формула деп қабылдайды. Егер бірінші символымыз әріп немесе апостроф болса, мәтін деп қабылдайды.
Мәліметтерді енгізу Enter пернесін басумен жүзеге асырылады. Енгізілген мәліметтерді енгізбей алып тастау үшін немесе ұяшықтың бастапқы мәндерін қалпына келтіру үшін esc пернсін басамыз немесе формулалар жолындағы Болдырмау (отмена) батырмасын шертеміз.
Excel-де енгізілген сандық мәліметтер автоматты түрде ұяшықтардың оң жақшетіне орналасады.

Excel программасында стандарт функциялар тек формулаларда ғана қолданылады. Функцияны шақыру ішін формулада функцияның атын көрсету қажет. Функция егізілгеннен кейін жақшада оның параметрлері көрсетіледі. Параметр ретінде сан, ұяшықтар немесе басқа да бір өрнектер алынады.
Формулалар. Егер формулаларды Функцияларды өзгерту (Изменить функций) батырмасын басу арқылы немесе Кірістіру > Функция командасын жүзеге асыратын болса, онда формулалар жолының астында Функцялар шебері (Мастер функций) аты сұхбат терезе ашылады. Ал оның анелінде функциялар тізімі ашылады. Оның Категория бөлімінде ең соңғы пайдалынылған он функция және төменірек басқа функциялар бөлімі бейнеленеді.

Диаграмманы тұрғызу үшін Диаграмма шебері (Мастер диаграмм) қолданылады. Ол стандарты аспаптар панелінде орналасқан диаграмма шебері батырмасының көмегімен іске қосылады. Әдетте диаграмма тұрғызар алдында мәліметтер орналасқан аймақты ерекшелеп алады немесе бұл мәліметерді Диаграмма шеберінің барысында енізуге болады.
Диаграмманың түрін таңдап алу. Диаграмма шеберінің алғашқы сатысында диаграмманың түрін таңдап алуымыз қажет. Стандартты қыстырмасындағы Түр (Вид) тізімінде диаграмманың қолда бар түрлері көрсетілген. Таңдап алынған түр үшін терезенің оң жағында мәліметтердің көрсетілуінің түрлі нұсқаулары көрсетілген. Сонын ішінен ең қолайысын таңдауымыз қажет. Стандарты емес қыстырмасында пішімделген, толығымен қалыптасқан диаграмма түрлері бейнеленген. Диаграмманың түрін таңдап алынғанна кейін Ары қарай ( Далее ) батырмасын басамыз.
Мәліметтерді таңдап алу. Диаграмма шебері (Мастер диаграмм) жұмысының екінші сатысы диаграмма тұрғызылатын мәліметтердің таңдап алудан басталады. Егер мәліметтер ауқымы алдын- ала берілген болса, Диаграмма шебері терезесінің үстінгі жоғарғы бөлігінде орналасқан адын-ала қарап шығу аймағында тұрғызылатын диаграмманың жуық бейнесі пайда болады. Егер мәліметтер бірдей ауқымды тік төртбұрышты қамтитын болса, онда оны мәліметтер ауқымы (Диапазон данных) қыстырмасы бойынша таңдап алған қолайлы. Егер мәліметер бірегей топтан емес, жеке қатарладан тұрса, онда оны Қатар (Ряд) қыстырмасы бойынша енгізген дұрыс.

Электрондық кестені мәліметтер базасы ретінде пайдалану.
Мәліметтер базасы деп өзара байланысқан кестелер жиынтығын айтамыз. Ең қарапайым мәліметтер базасы бір ғана кестеден тұрады. Осындай мәліметтер базасы ретінде Excel электрондық кестесін алуға болады.
Excel мәліметтер базасына тән барлық адамдарды орындайтын функциялар жиынтығын қамтиды.
Мәліметтер базасындағы мәліметтер жазбалар жиынтығынан тұрады. Әрбір жазбаға бір өріс сәйкестендірілген. Жазбалар реттк нөмірімен, ал әрбір өріс оны сипаттайтын тақырыбымен анықталады.

Құрама кестенің құрылымы. Құрама кесте шебері (Мастер сводных таблиц и диаграмм) жұмысының келесі сатысында құрама кестенің мазмұны мен құрылымын қалыптастырып алады. Бұл терезеде құрама кестенің маекті берілген. Ол төрт аймақтан тұрады: Бет (Страница), Жол (Строка), Баған (Столбец) және Мәліметтер (Данные).
Құрама кестенің әрбір аймағына мәліметтер базасының қайсыбір өрісі сәйкестендіріледі. Құрама кестені толтырған кезде мәліметтер сәйкес өрістерден автоматты түрде алынып қойылады. Оны толтыру үшін осы бетте мәліметтер базасының өріс атауларымен аталған батырмалар қолданалады. Құрама кесте шеберін (Мастер сводных таблиц и диаграмм) іске қосып, шебер жұмысының бірінші сатысында Құрама диаграмма ауыстырып-қосқышын тағайындау керек. Содан соң Ары қарай (Далее) батырмасын басып, құрама диаграмма тұрғызылады.


Бақылау құралдар Жұмыс парағын бақылау. Excel-дің жұмыс парақтары құжаттарды даярлау үшін қолданылатын болса, онда оны қате енгізілген мәліметтерден сақтау қажет. Мәтінді енгізгенде қателерді қарап шығып, түзетуге болады. Сандық мәліметтерді енгізгенде жіберілегн қателер жай көзге көрінбейді. Көбінесе Excel-дің жұмыс парақтарының өзі қате өрнектерді қамтитын формулалардан тұрады. Формулалардағы қателерді екі топқа бөледі: есептелмейтін формулалар және циклдік сілтемелер. Қате формулаларды есптегенде нәтижесін алу мүмкін болмаған жағдайда Excel программасы сол ұяшыққа қатенің кодын шығарып береді.Циклдік сілтемеде Excel программасы қате жайлы хабарды бірден экранға шығарып береді. Егер формула есептеу кезінде басқа ұяшықтағы мәндерді пайдаланса, онда осы формула сол мәндерге тәуелді болып табылады, ал формула тұрған ұяшық тәуелді деп аталады. Керісінше, мәндері қолданылған ұяшық формуланың мәніне әсер етіп, әсер етуші деп аталады.

Қолданылған әдебиеттер:
1. “Информатика” Байжұманов М.Қ., Жапсарбаев Л.Қ. Алматы 2004жыл.
2. “Информатика учебное пособие” Степаненко Г.Е. Москва 2003г.