Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Баяндама

Объем: 6 стр.

Полный просмотр работы

Қазақстандағы Кеңестік мемлекет мен құқық (1946-1980 жж.)

Жоспар
1 Мемлекеттік құрылыс пен мемлекеттік басқару 3
2 Кеңес дәуіріндегі Қазақстан территориясындағы кейбір өзгерістер 4
3 Қазақстандағы Кеңестік құқықтық жүйенің дамуы 5
Әдебиеттер 6

1 Мемлекеттік құрылыс пен мемлекеттік басқару
Соғыстан кейінгі мемлекеттік құрылыс пен басқару бейбіт жағдайға қайта бейімделді. 1946ж. 28 наурызда ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Президумының қаулысымен ҚазКСР-дің Халық Комиссарлар Кеңесі ҚазКСР-інің Министрлер Кеңесі, ҚазКСР-нің Халық комисариаттары ҚазКСР-нің министрліктері болып өзгерді. Жаңадан өнеркәсіп және құрылыс материалдары министрлігі құрылды. Олардың өкілеттіліктері артты. 1946ж. ҚазКСР Ғылым Академиясы құрылды. 50 жылдары жергілікті кеңестердің, олардың атқару комитеттерінің қызметтері кеңейтілді. Олардың тұрғын үй салу, көгалдандыру, өнеркәсіп, құрылыс саласындағы жоспарлау, бақылау, басшылық ету құқықтары артты.

2 Кеңес дәуіріндегі Қазақстан территориясындағы кейбір өзгерістер
1924ж. Түркістан республикасы тараған соң оның құрамындағы Сырдария және Жетісу облыстары ҚазАКСР құрамына енгізіліп қазақтың жерлері қайтарылды. Осы жылы қарақалпақ автономиялы облысы да қазақстанның құрамына кіріп, 1932 жылы Өзбек КСРінің құрамына өтті. Орынбор қаласы мен облысының біршама аудандары РКФСР құрамына берілді. ҚазКСР Конституциясы бойынша қазақстанның шекарасы тек оның Жоғарғы Кеңесінің келісімімен ғана өзгертілетін болды. 1955ж. 13 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес Қаулысымен Батыс қазақстан облысының Жәнібек ауданының жалпы көлемі 7049га РКФСР Астрахан облысының Владимир ауданына берілді. 1956ж. КСР –на Оңтүстік Қазақстан облысының Бостандық ауданы (Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облысы колхоздарының Бостандық ауданындағы жайылым көлемдерін қоспағанда) берілді.

3 Қазақстандағы Кеңестік құқықтық жүйенің дамуы
Соғыстан кейінгі жылдарда, әсіресе 50-70 жж. Қазақстандағы құқықтық жүйе дамыды. Еңбек құқығы негізінен одақтық заңдармен реттеле берді. Соғыс кезінде алынып тасталған еңбек демалыстары қалпына келтірілді. Артық жұмыстар тоқтатылды. Кәсіпорындардың кәсіподақ ұйымдарымен ұжымдық шарттары қалпына келді. Еңбекке қатысты тым қатаң тәртіптер, өндірістен өз бетімен кетіп қалғаны үшін қылмыстық жауаптылық жойылды. Еңбек дауларын қараудың жаңа ережесі қабылданды.