Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 14 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Ауыл шаруашылық салалардың ел экономикасындағы маңыздылығы


Жоспар
1 Ауыл шаруашылық салалардың ел экономикасындағы маңыздылығы 3
1.1 Бәсекеге қабілеттіліктің негізгі көрсеткіштері және оған әсер ететін факторлар 8
1.2 Өнімнің бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалау 10
Қорытынды 12
Пайдаланылған әдебиет көздері 14

1 Ауыл шаруашылық салалардың ел экономикасындағы маңыздылығы
Ауыл шаруашылық салалардың ел экономикасындағы маңыздылығы, оның ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін сақтауда, мемлекеттің экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуда, отандық өзара байланысты кәсіпорындардың тиімділігін арттыруда және олардың сыртқы өндірушілерге тәуелділігін төмендетуде, ауыл шаруашылығы өнімдерін мақсатты пайдалануда және бәсекеге қабілетті өнімдер шығару арқылы мемлекеттің әлемдік нарықтағы беделін арттыруда көрініс табады.
Қоғамдық қайта өндіруді анықтайтын фактор бәсекелестік болып табылады. Ол бәсекелестік процесске қатысушыларды сұраныспен бейнеленетін қоғамдық қажеттілікті жылдам қанағаттандыруға, инвестицияны меңгеруге, ғылыми-техникалық процессті дамытуға, шығындарды азайтуға, сапаны көтеруге итермелейді. Осылайша бәсекелестік процесске қатысушылар іріктеліп, халықаралық еңбек бөлінісіндегі ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетін көтереді.

1.1 Бәсекеге қабілеттіліктің негізгі көрсеткіштері және оған әсер ететін факторлар
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін құрайтын көрсеткіштерді толығымен қарастырып өтейік:
Техникалық көрсеткіш - нарықта тұтынушылар ұсынатын талаптарға өнімнің сапасының, техникалық деңгейінің сәйкес келуімен анықталады. Бұл талаптар біздің елімізде де, шет мемлекеттерде қол жеткізілген ғылыми техникалық прогресстің және әлеуметтік-экономикалық деңгейінің жеке және қоғамдық қажеттіліктерді сипаттайды.
Тұтынушылардың техникалық көрсеткіштерге талаптары ұлттық және халықаралық стандарттардан көрінеді.

1.2 Өнімнің бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалау
Өнімнің бәсекелік қабілетін бағалау бүгінгі күні өндіруші үшін де, тұтынушы үшін де маңызды. Өнімнің бәсекелік қабілеті оның құрамындағы заттармен, сапасымен, беріктігімен, адам өміріне қауіпсіздігімен және сол сияқты көптеген жағдайлармен бағаланады. Өндіруші өз өнімінің бәсекеге қабілеттілігін бағалағанда тұтынушы тарапынан қойылатын талаптарды ескеруі қажет.
Өнімнің бәсекелік қабілетін бағалау ең алдымен оның сапалық құрамына тәуелді. Бәсекелес өнімдерден сапалық артықшылығы оның бәсекелік қабілетінің бірден-бір мүмкіндігі болып табылады. Келесі бағыт оның бағалық көрсеткіштерін анықтауға негізделеді. Бағалауды қажет ететін тағы бір тұсы - ол өнімнің тартымдылық қасиеті, оған өнімнің сыртқы келбеті, қорабының ыңғайлылығы, сауда белгісі және оның тартымдылығы жатады.

Қорытынды
Ауыл шаруашылығындағы өндірілетін өнімнің сапасын арттыруда басты рөлге ие болатын өндірістің қызметін әлеуметтік және экономикалық ұйымдастыру жұмыстары мен өндіріске қазіргі заман талабына сай инновациялық жетістіктерді енгізу екенін ескеру қажет. Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі техника, құрал-жабдықтарының 70 пайызға жуығы бәсеке қабілетті өнім өндіруге жарамсыз кешегі күн құралдары екенін, ал жоғары сапалы өнім өндіруге заман талабына сай жаңа құрал-жабдық қана емес сәйкес материалдар мен сапалы шикізаттың болуы шарт екені баршамызға белгілі.