Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 75 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Соттылық түсінігі мен оның жойылу салдары


Мазмұны
Кіріспе 3
I Тарау. Соттылықтың құқықтық табиғаты 4
1.1 Соттылық түсінігі және оның қылмыстық-құқықтық салдары 4
II Тарау. Жаза тағайындау 9
2.1 Жаза тағайындаудың жалпы негіздері 9
2.2 Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар 15
2.3 Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау 35
2.5 Қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау 41
2.6 Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау 43
2.7 Мерзімдерді қосу кезіңде оларды белгілеу тәртібі және жаза мерзімдерін есептеу және жазаны есепке алу 46
2.8 Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі жеңілірек жаза тағайындау 47
2.9 Шартты түрде соттау 51
III Тарау. Қылмыстық заңдағы соттылықты жою және алып тастау шарттары 54
3.1 Соттылықты жою мерзімі және оны есептеу тәртібі 54
3.2 Соттылықты алып тастау және соттылықты мерзімінен бұрын алып тастау негіздері 63
Қорытынды 72
Әдебиеттер 75

Кіріспе
Қоғамға қауіпті іс-әрекетпен оның ішінде қылмыспен күресу барысында қылмыстық жазаның алатын ролі зор. Өйткені, қылмысқа әсер ету жүйесінің ең қажетті элементі болып табылады. Жаза сотталған тұлғаны түзеуге, қайта тәрбиелеуге, жаңа қылмыс жасаудан ескертуге қызмет етеді. Осы аталған жазаның мақсаттарын жүзеге асыруда жаза институты маңызды орын алады. Негізгі және қосымша жазаны үйлестіре дұрыс қолдану жазаны жекелендіру қағидасының жүзеге асырылуына, алға қойған мақсатқа нәтижелі жетуге септігін тигізеді. Қылмыс жасағаны үшін жазаны тағайындау қылмыстылықпен күресудің басты құралы және қылмыскерді түзеу, қайта тәрбиелеу және жаңа қылмыс жасаудан ескерту құралы ретінде де қолданылады. Жазаның мақсатына қол жеткізумен соттылықты сақтау қажеттілігі сәйкес келеді. Өйткені, қылмыстық жазаның сотталушы тұлғаны түзеу және қайта тәрбиелеу, сондай-ақ, сотталушыны жаңа қылмыс жасаудан сақтандыру мақсаттарын жүзеге асыруда маңызды ролді соттылық институты алады. Қылмыстық құқықта бізге белгілі соттылықтан айырудың екі нысаны бар: ҚР Қылмыстық кодексінің 77-бабында көзделген соттылықты жою және соттылықты алып тастау.

I Тарау. Соттылықтың құқықтық табиғаты
1.1 Соттылық түсінігі және оның қылмыстық-құқықтық салдары
Қылмыстық құқық бойынша сотта айыпталушы тұлғаға қандайда қылмысты жасағаны үшін қылмыстық жаза тағайындалған және соттың айыптау үкімі заңдық күшіне енген уақыттан бастап сотталған деп танылады. Сотталушы тұлға жазаны өтеу көзінде де және сонымен қатар, жазаны өтегеннен кейін заңда белгіленген мерзім ішінде де сотталған болып есептеледі.
Тұлғаны сотталған деп тану белгілі бір қылмыстық-құқықтық салдарды қамтиды. Бұл салдар тұлғаның соттылығымен байланысты соттылық қылмыстық жазаны тағайындауымен пайда болады және соттылық тұлға жазаны өтегеннен кейінде сақталады, сонымен соттылықтың тағайындалуы қылмыстық жазаның мақсатымен тығыз байланыста болады. Соттылықтың мәнін, жазаның мақсатын белгілеудегі және жүзеге асырудағы алатын ролін дұрыс анықтамайынша соттылықтың құқықтың табиғатын ұғыну мүмкін емес.

II Тарау. Жаза тағайындау
2.1 Жаза тағайындаудың жалпы негіздері
Қылмыстық құқық жаза тағайындағанда кінәлінің жеке-дара жауапкершілік принципін негізгі басшылыққа алады. Осы мәселеге байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 30 сәуірдегі «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» №1 қаулысында былай делінген:
«Қазақстан Республикасы Конституциясының барлық адам заң мен сот алдында тең, ешкім де сот үкімінсіз қылмыс жасауда кінәлі деп танылуға жатпайды және қылмыстық жазаға тартыла алмайды деген қағидаларын басшылыққа ала отырып, соттар қылмыстың түрі мен ауырлығына, айыптының қызметтегі және қоғамдағы орнына қарамастан, әрбір қылмыстық істі заңға сәйкес бұлжытпай шешуі қажет екендігіне жөте назар аударуға тиіс.

2.2 Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар
Әрбір нақты қылмыс үшін жаза тағайындағанда соттар қылмыстың қоғамға қауіптілігінің дәрежесін және жазаны даралау үшін жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататан мән-жайларды анықтауға міндетті. Істелген қылмыстың түрі мен қоғамға қауіптілігінің дәрежесін, істің мән-жайын, кінәлінің жеке басын және оның жауаптылығын жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды ескере отырып, жаза тағайындау көзінде соттар оған жеке тұрғыдан қарау жөнінде заң талаптарын бұлжытпай орындауға тиісті. Жаза заңды, негізді және әділ болуы үшін Қылмыстық кодекстің 53, 54-баптарында көрсетілген жауаптылықты жеңілдететін де, ауырлататын да мән-жайлар толық есепке алынуы керек.

2.3 Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау
Қылмыстық кодекстің 29-бабыңда қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы туралы ғана айтылған. Бұл жерде қатысудың түріне байланысты жазаны ауырлату немесе женілдету мәселесі сөз болмаған. Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау Қылмыстық кодекстің 57-бабында арнайы карастырылған. Осы бапқа сәйкес:
Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде оны жасауға адамның іс жүзінде қатысу сипаты мен дәрежесі, осы қатысудың қылмыс мақсатына жету жөніндегі мәні, оның келтірілген немесе келтіруі мүмкін зиянының сипаты мен мөлшеріне ықпалы ескеріледі.
Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза олардың іс-әрекеті сараланған Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көрсетілген санкция шеңберінде қатысудын нысаны мен түріне қарамастан тағайындалады.

2.5 Қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау
Қылмыстардың қайталануының түсінігі Қылмыстық кодекстің 11-бабында белгіленген. Қылмыстық кодекстің 59-бабының 1-бөлігінде көзделген жағдайлар қылмыстың қайталануы жағдайында жазаның түрі мен мөлшерін тағайындау мәселесін шешуде маңызды роль атқарады. Қылмыстың қайталануы қылмыс істеген адамның іс-әрекетінің қоғамға қауіптілігін және қылмыскердің тұлғасын сипаттайтын белгі болып табылады.

2.6 Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау
1.Егер сотталған адамүкім шығарылғаннан кейін, бір жазаны толық өтегенге дейін жаңадан қылмыс жасаса, сот соңғы үкім бойынша сот тағайындаған жазаға соттың алдыңғы үкімі бойынша жазаның өтелмеген белігін толық немесе ішінара қосады.
2.Үкімдердің жиынтығы бойынша түпкілікті жаза, егер бас Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумынын, «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» 1999 жылғы 30 сәуірдегі № 1 қаулысының 20-24-тармақтарында үкімдердің жиынтығы бойынша жаңа тағайындауда басшылыққа алатын мынадай қағидаларды көрсетіп берген.

2.7 Мерзімдерді қосу кезіңде оларды белгілеу тәртібі және жаза мерзімдерін есептеу және жазаны есепке алу
1. Қылмыстардың жиынтығы және үкімдердің жиынтығы бойынша жазаларды ішінара немесе толық қосу көзінде бас бостандығынан айырудың бір күніне:
а) қамаудың немесе тәртіптік әскери бөлімде ұстаудың бір күні;
б) бас бостандығын шектеудің екі күні;
в) түзеу жұмыстарының немесе әскери қызмет бойынша шектеудің үш күні;
г) қоғамдық жұмыстарға тартудың төрт сағаты сәйкес келеді.
2. Айыппұл салу белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, арнаулы, әскери немесе құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру, сондай-ақ мүлікті тәркілеу оларды бас бостандығын шектеу мен түзеу жұмыстарымен, қамаумен, тәртіптік әскери бөлімде ұстаумен, бас бостандығынан айырумен қосқан кезде дербес орындалады (Қылмыстық кодекстің 61-бабы).

2.8 Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі жеңілірек жаза тағайындау
Сот жаза тағайындағанда жаза тағайындаудың негізгі бастамаларын басшылыққа ала отырып, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің бабы бойынша сараланған нақты қылмыс көлөмінде көрсөтілген жазаның түрі мен шегінен шықпан жаза белгілейді. Заңда белгіленген жазаның түрі мен шегінен шығушылық тек қылмыстық заңда арнайы көрсетілген жағдайда ғана орын алады. Яғни, қылмыстық заңда көрсетілгеннен гөрі жеңілірек жаза тағайындауға мүмкіндік береді.

2.9 Шартты түрде соттау
Соттар ҚК-тің 63-бабында көзделген шартты түрде соттаудың, әдетте, бұрын сотталмаған, жеңіл немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адамдарға қолданылатындығын ескеруге тиіс. Шартты жаза ауыр қылмыс жасауға қатысқандардың кейбіріне, өгер олардың негізгі қылмыскер еместігі анықталса, сонымен қатар оның жеке басына берілген мәліметтер мен қылмыс жасаған кездегі жағдайлар жаза тағайындаған кезде ҚК-тің 63-бабының ережелерін колдануға негіз бола алған жағдайда ғана колданылады.

III Тарау. Қылмыстық заңдағы соттылықты жою және алып тастау шарттары
3.1 Соттылықты жою мерзімі және оны есептеу тәртібі
Қылмыстық құқықтағы соттылықты жою институты қылмыстық құқықта дереу пайда болмаған. 1922 жылғы РСФСР Қылмыстық кодексінде және 1924 жылғы КСРО және Одақтас республикалардың қылмыстық зандарының негіздерінде де соттылықты жою ережелері көзделген.
Алғаш рет қылмыстық заңда соттылықты жою туралы ереже 1925жылы 9 ақпанда РСФСР орталық комитетінің декретімен Қылмыстық кодекстің 37-бабына толықтыруымен енгізілді. Онда былай делінген: «егер шартты түрде сотталған тұлға сынау мерзімі ішінде бас бостандығынан айыруға әкеп соғатын қандай да бір қылмысты жасамаса, сот үкімі күшін жойған деп есептелінеді және шартты түрде сотталған адам соттылығы жою деп танылады.

3.2 Соттылықты алып тастау және соттылықты мерзімінен бұрын алып тастау негіздері
Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі соттылықты алып тастаудың негізі ретінде.
Қазақстан Республикасы Конститутциясының 54-бабы 6-тармағына сәйкес республика Парламенті адамдардың жеке айқындалған тобы жөнінде рақымшылық туралы заң шығаруға құқылы.
Қазақстан республикасы Конституциясының 44-бабы 15-тармағына сәйкес белгілі бір жеке адамға ол жөнінде айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда кешірім жасау туралы актіні Қазақстан Республикасының Президенті шығарады (76-бап, 3-бөлігі).
Рақымшылық және кешірім беру Қазақстан республикасы Жоғарғы өкімет органдарының актілері болып табылады.

Қорытынды
Сонымен, соттылық дегеніміз кінәлі адамның қылмыс істегені үшін қандай бір жазаға сотталып, соған байланысты белгілі бір құқылық шектеуге душар болу жағдайын айтады.

Әдебиеттер
Қолданылған нормативтік-құқықтық актілер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995 ж.
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 16.07.1997 ж.
3. Қазақстан республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі 13 желтоқсан 1997 жыл.
4. Жаза тағайындалғанда соттардың заңды дұрыс қолдануы туралы ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 24 маусым 1993 жылғы № 3 қаулысы
Арнайы әдебиеттер тізімі:
1. Ераксин В.В., Помчалов Л.Ф. Погашение и снятие судимости в советском уголовном праве. - М., 1963.
2. Полина В.В. Погашение и снятие судимости по советскому уголовному праву. -Харьков., 1979.
3. Авакян Р.К. К вопросу о погашении и снятии судимости // Соц. Законность. 1964, №7. С. 57-58.
4. Аскарханов С. Порядок снятия судимости // Сов. Юстиция, 1933. №9. С. 17-18.
5. Борисов Э. Сроки погашения судимости // Сов. Юстиция, 1965. №4. С.12-13.
6. Брайнин Я.М. Уголовная ответственность и ее основание в советском уголовном праве. - М., 1963. С. 205-216.
7. Демин В.Г. Вопросы погашения и снятия судимости // Сов. Юстиция. 1964. №2. С.7-8.
8. Багрий-Шахматов А. В. Уголовная ответственность и наказание. Минск., 1976.
Э. Карпец И.И. Наказание. Социальные, правовые и криминологические проблемы. М.,1973.
10. Дурманов Н.Д. Давность и погашение судимости. - М., 1939.
11. Остроумов С.С. О преступлении и наказан и и-М., 1976.
12. Беккариа Чезаре. О преступлениях и наказаниях. ІЗ.Астемиров З.А. Проблемы теории и уголовной ответственности и наказания.-. Махачкала., 1987.
14. Евтеев М.П. Погашение и снятие судимости. - М., 1964.
15. Зиманас С. Погашение и досрочное снятие судимости // Соц. Законность. 1960. №7.
16. Зельдов СИ. О понятии судимости.// Правоведение, 1972. №1. С.61-69.
17. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық: оқулық.-Алматы, 1998. 245-248 беттер.