Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Өнер

Тип: Реферат

Объем: 4 стр.

Полный просмотр работы

Ақан Сері Қорамсаұлы

Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы – ақын, қазақ халқының дарынды әнші, композиторы. 1843 жылы қазіргі Көкшетау облысы, Володар ауданында Қоскөл деген жерде туған. Арғын ішіндегі Қарауыл руынан шыққан. Әкесі Қорамса, шешесі Жаңыл Қарапайым шаруа адамдар болған. Ақан сері жас кезінен өнерімен көзге тсіп, сергек, жарқын-жайдары, кеңпейіл, ақ көңіл мінезімен сері атанған. Ол он үш жасқа келгенше Күнту деген молдадан мұсылманша оқыған. Бірак дүмше молданың балдыр-батпағы сергек ойлы ұғымтал баланың көңілін дауалатпайды. Ақыры Ақан оқуды тастап кетіп қалады.

Ақан сері өмір шындығын терең жырлаған, заманының асқақ ақыны ғана емес, сыршыл лирикалық сезіммен, әншілік-орындаушылық, композиторлық өнерімен бүкіл қазақ даласына танылған ерекше дарын иесі. Серінің әндері-қазақтың классикалық ән шығармашылығының алтын қорына еніп, бүкіл халқымыздың өлмес-өшпес мұрасына айналған туындылар. Ақын шығармалары 1963 жылы «Жазушы» баспасынан жеке жинақ болып жарық көрді.

Ақан серінің композиторлығы оның ақындығынан кем түспейді. Әділіне көшсек, оның «Ақан сері» атанып, кезінде жұртшылыққа кең танылуы, атақ, даңқының шар-тарапқа жетуі - әншілік-композиторлық өнерінің жемісі.
Жасынан халықтың ән-күй шығармашылығынан сусындап, өзіне дейінгі әншілік дәстүрді толық меңгерген Ақан сері бертін келе, жігіт шағында серілік құрып, өзі де ән шығарады. Көкшенің сұлу табиғатына көз тігіп, оны албырат сезімді, әсерлі музыка үніне бөлейді. Осы әншілік өнерде, композиторлық шығармашылығында Ақан сері жалғыз болмайды.