Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономикалық теория

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 42 стр.

Полный просмотр работы

Қаржы жүйесінің мәні және қажеттілігі

Мазмұны
Кіріспе 3
1 Қаржы жүйесінің мәні және қажеттілігі 6
1.1 Қаржы жүйесінің ұғымы немесе Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің құрылымы 6
1.2 Қаржылардың атқаратын қызметтері және басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы 9
1.3 Шет мемлекеттердің қаржы жүйесінің құрамы мен құрылымы 13
2 Қаржы жүйесінің құрылымы немесе 2004 – 2006 жылдардағы қызметін талдау 19
2.1 Жалпы мемлекеттік қаржылар – қаржы жүйесінің негізгі буыны ретінде 19
2.2 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы 25
2.3 2004-2006 жылдардағы қаржы жүйесінің даму тенденциясын талдау 29
3 Қазақстан республикасының қаржы жүйесін дамыту мәселелері және жетілдіру бағыттары 32
3.1 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін жетілдіру мәселелері 32
3.2 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамытудың алғышарттары 34
Қорытынды 37
Пайдаланылған әдебиеттер 40
Қосымша 42

Кіріспе
Мемлекет экономикасында қаржы жүйесінің атқаратын қызметтері өте маңызды болып табылады. Қаржы жүйесінің жағдайына қарап экономиканың жағдайын болжауға болады. Қаржы жүйесінің қызметі экономикалық қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру, пайдалануды жүзеге асырады және басқа да қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.
Президенттің Қазақстан халқына жолдауында қойған біздің мемлекеттің кең ауқымды мақсаты – тәуелсіз гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды орнату үшін шекті ұзақ мерзімді басымдылықтарды жүзеге асыру керек: ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның үйлесімі, шетелдік инвестициялар мен ішкі жиналымдардың жоғарғы деңгейімен бірге ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өркендеу, республика азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл - ауқаты, инфрақұрылымы, әсіресе көлік пен байланыс, кәсіби мемлекет. Осы басымдылықтарды іске асыру мемлекеттен орасан зор қаржылық ресурстарды жұмылдыру мен тиімді қолдануды талап етеді. Яғни қаржы экономиканың даму процесін қамтамасыз етуге бағытталады.

Менің курстық жұмысымның тақырыбы: «Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің дамуы мен қалыптасуы». Сондықтан бұл курстық жұмыста қаржы жүйесінің мәні, оның құрылымы, қаржылардың атқаратын қызметтері, дамуы мен қалыптасуы және тағы бірнеше мәселелерді қарастырамын.
Курстық жұмыстың мақсаты – қаржы жүйесінің мәні мен маңызын ашу, Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің негізгі буындарымен таныстыру, сонымен қатар шет мемлекеттердің қаржы жүйесінің құрылымын еліміздің қаржы жүйесімен салыстыра отырып, оның негізгі мәселелері мен осы мәселелердің шешу жолымен таныстыру.
Курстық жұмыстың мақсатына сәйкес, осы жұмысты жазуда келесідей міндеттер қойылады:
 Қаржы жүйесінің ұғымын ашу және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің құрылымымен таныстыру;
 Қаржылардың атқаратын қызметтерін және басқа экономикалық категориялармен байланысын ашу;
 Дамыған шет мемлекеттердің қаржы жүйесінің құрамы мен құрылымымен таныстыру;
 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің негізгі элементтерінің маңызын ашу;
 2004-2006 жылдардағы қаржы жүйесінің даму тенденциясын талдау;
 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің дамыту мәселелерімен таныстыру;
 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамытудың алғы шарттарының маңызын ашу.
Қалыпты әлеуметтік-экономикалық дамудағы қаржылардың маңыздылығы ерекше. Сондықтан бірінші бөлімде мен қаржының мән-мағынасын, экономикалық мазмұнын, оның атқаратын қызметтері жайындағы мәселелерді және шет мемлекеттің қаржы жүйесін, дәлірек айтсақ, АҚШ мемлекетінің қаржы жүйесін қарастырамын. Екінші бөлімде қаржы жүйесінің құрылымын қарастырамын, 2004-2006 жылдардағы қызметіне талдау жасалады және соңғы үшінші бөлімде Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің даму мәселелерін және жетілдірудің бағыттарын қарастырамын.

1 Қаржы жүйесінің мәні және қажеттілігі
1.1 Қаржы жүйесінің ұғымы немесе Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің құрылымы
Қаржы (орта ғасырдағы латын тілінің «financia» сөзінен пайда болған «қолма қол ақша», «табыс» деген ұғымды білдіреді) қоғамда өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Қаржы әрқашанда мемлекеттің өсіп дамуымен тығыз байланысты және мемлекеттермен бір уақытта пайда болған. Қаржылар мемлекеттің атрибуты болып табылады және мемлекеттің материалдық тірегі ретінде көрініс табады. Негізінде қаржылар ақша түріндегі қоғамдық өнімді бөлуге байланысты экономикалық (ақшалай) қатынастардың айтарлықтай аумағын қамтиды және ақшалай сипатта болады.

1.2 Қаржылардың атқаратын қызметтері және басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы
Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның қызметтерін анықтауды да талап етеді. Қаржылардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріндегі рөлдері мен маңызы олардың мына функциялары арқылы көрініс табады: бөлу, реттеу, ынталандыру және бақылау функциялары. Осы аталған функциялар тек мемлекеттік уәкілетті органдардың қаржылық қызметтерінің барысында жүзеге асырылады.

1.3 Шет мемлекеттердің қаржы жүйесінің құрамы мен құрылымы
Американдық федерациясында бюджеттік құрылым АҚШ Конституциясымен қабылданды. Бұл құжат бойынша штаттар федеративті одаққа басқа өкілдіктермен қоса мемлекеттік шығындарды шығаруға құқықты тапсырды. ХХ ғасырда АҚШ-тың бюджетік құрылымы және федеративті бюджет көптеген өзгерістерге ұшырады. Негізінен, мемлекеттік бюджеттің мөлшері өсті, сонымен бірге мемлекеттің жалпы ішкі өнім, табыстар мен шығыстардың құрылымы, қаржылардың қатынасы да өзгерістерге ұшырады.
Басқа дамыған мемлекеттердегідей АҚШ-тың бюджеті де үш негізгі функцияларды орындайды:

2 Қаржы жүйесінің құрылымы немесе 2004 – 2006 жылдардағы қызметін талдау
2.1 Жалпы мемлекеттік қаржылар – қаржы жүйесінің негізгі буыны ретінде
Қазіргі жағдайда қандай мемлекеттің жеке экономикалық құрылымын зерттеу оның қаржы жүйесін талдаусыз мүмкін емес. Бұл жүйе қаржы қатынастары жиынтығынан және оны реттейтін институттардан тұрады. Қаржы қатынастары - кез келген қоғамдық жүйеде орын алатын жалпы экономикалық қатынастардың құрамды бөлігі.
Мемлекет қаржы жүйесі арқылы саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті қаражаттарды жинақтап, пайдаланады.
Қаржы жүйесін қаржы субъектілерінің (қаржы қатынастарына қатысушылар) нысаны бойынша төмендегідей жіктейді:

2.2 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы
Қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айрықша сферасы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы болып табылады. Ол материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы қаржы жүйесінің бөлігі ретінде қоғам экономикасының іргетасын қалыптастырады, себебі мұнда материалдық және материалдық емес игіліктер жасалады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасы шеңберінде материал, еңбек және қаржы ресурстарының көпшілік бөлігі шоғырландырылады, бұл қоғамда ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етеді.

2.3 2004-2006 жылдардағы қаржы жүйесінің даму тенденциясын талдау
Өткен уақыттағы Қазақстанның экономикасы және қаржы сферасының дамуының әр түрлі этаптарын кезеңдерін анықтауға болады, сондағы әрбір кезеңде мемлекеттің экономикасын, оның ақшалай және қаржы-несиелік жүйесін өзгерту шаралары шешілген. Өткізілген қаржылық саясаттың ішіндегі ең ірісі 1993 жылдың аяғында жүргізілген ақшалай реформа болып табылады.
Дүние жүзінің барлық елдерінде оперативтік қаржы жоспары мемлекеттік бюджет болып табылады. Оны жасаудың керектігі мемлекеттің ақша ресурстарының көздері мен ауқымын анықтаудың және жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін оларды ұтымды бөлудің қажеттіліктерінен туындайды. [10. 101-б]

3 Қазақстан республикасының қаржы жүйесін дамыту мәселелері және жетілдіру бағыттары
3.1 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін жетілдіру мәселелері
Он бес жылдық тәуелсіздігіміздің ең басты экономикалық мазмұны орталықтандырылған жоспарлы жүйеден нарыққа өту болды. Сол жылдары нарықты тиімді қалыптастыру үшін институционалды және негізгі алғы шарттар құрастырылды.
Бұл жолдың әрбір этаптарында көзделген шараларға сәйкес бір стратегиялық мақсатқа бағытталған нақты, басты мәселелер шешіліп отырды.
Қазақстан экономикасын реформалау процесінде маңызды рөлді сыртқы капитал атқарады. Себебі оның құрылымдық өзгерісіне қаражат пен жабдық қажет болды, алайда, мемлекеттің өзінде олар шектелген болатын.
Тағы бір ескере кететін жайт, бұл өтпелі кезеңде және қазіргі кездегі мемлекеттің экономикалық өсуі үшін тікелей инвестициялардың маңызы.

3.2 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамытудың алғышарттары
Қоғамның саяси және әлеуметтік өмірін демократияландыру, экономикалық реформа шаруашылық қызметті мемлекеттік құқықтық реттеуге көзқараста түбегейлі өзгертулерді қажет етеді. Бұл талаптарға экономикалық реформалардың дамуындағы жаңа кезеңді ашуға, өндірістік қатынастарды түбірлі өзгерту үшін негіз жасауға шақыратын негіз қалаушы заңнамалық актілер сай келеді: меншік туралы, мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы, кәсіпорындар туралы, бюджет және салық жүйесі туралы, шаруашылқ қызмет бостандығы және кәсіпкерлікті дамыту туралы, сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру туралы, банктер және банктік қызмет туралы, сақтық қызмет туралы, банкроттық туралы, шетелдік инвестициялар туралы, азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңдар және басқалар.

Қорытынды
Осы курстық жұмысты қорытындылай келе мен қаржы, қаржы жүйесі ұғымдарына тоқталып, олардың мәнін, атқаратын қызметтеріне, құрылымына, даму, жетілдіру және тағы басқа мәселелерге тоқталып өттім. Қаржы жүйесі ұғымы тиісті ақша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын және осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Қаржылық жүйе қызметі ел экономикасының дамуына тікелей әсер етеді.
Президенттің Қазақстан халқына жолдауында қойған біздің мемлекеттің кең ауқымды мақсаты – тәуелсіз гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды орнату үшін шекті ұзақ мерзімді басымдылықтарды жүзеге асыру керек: ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның үйлесімі, шетелдік инвестициялар мен ішкі жиналымдардың жоғарғы деңгейімен бірге ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өркендеу, республика азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл - ауқаты, инфрақұрылымы, әсіресе көлік пен байланыс, кәсіби мемлекет. Осы басымдылықтарды іске асыру мемлекеттен орасан зор қаржылық ресурстарды жұмылдыру мен тиімді қолдануды талап етеді. Яғни қаржы экономиканың даму процесін қамтамасыз етуге бағытталады.
Мемлекет экономикасында қаржы жүйесінің атқаратын қызметтері өте маңызды болып табылады. Қаржы жүйесінің жағдайына қарап экономиканың жағдайын болжауға болады. Қаржы жүйесінің қызметі экономикалық қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру, пайдалануды жүзеге асырады және басқа да қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.