Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық негіздері

Тип: Реферат

Объем: 14 стр.

Полный просмотр работы

Мемлекеттік нысандар туралы ұғым

Мемлекеттік құрылыс қызметін қарауға кірісе отырып, ең алдымен оның мемлекет ішілік тағы бір компоненті (жоғарыда айтылған баскару нысанынан, сондай-ақ мемлекеттік-саяси режимнен басқа) болып табылатындығын айта кетейік. Осы ұғымды пайдаға асырудың мәнісі, ол мемлекеттің ішкі кұрылымын ондағы үлгілі мемлекеттік, аумақтық-мемлекеттік құрылулар мен әкімшілік бірліктің болуы тұрғысынан ашатындығында болып отыр. Орталык мемлекеттік билік пен жаңа ғана аталып өткен мемлекеттің барлық құрамдас бөліктерінің биліктері арасындағы ара қатынасты құрылыс нысанының маңызы орасан зор: оны қарамайынша орталықпен жергілікті органдардың қарым-қатынастар проблемасының шешілуінің демократиялық дәрежесі мен мемлекеттегі орнын объективті бағалау, аймақтық саясаттың ықпалдылығы мен тиімділігін анықтау, ал көпұлтты мемлекеттерде - әрбір ұлттың жағдайы мен мәртебесін анықтау, ұлтаралық қарым-қатынасты сипаттау киынға соғады.

Унитарлық (ипіtar - бірлік, біртұтас деген латын сөзінен шыққан) мемлекет бұл біртұтас, өзінің құрамында автономдық мемлекеттік құрылымдар жоқ, өз алдына дербестігі жоқ әкімшілік-аумақтық беліністерден тұратын мемлекеттер. Осыған карай жоғары билік органдары, басқару және сот бүкіл ел үшін біртұтас болып табылады. Бұл бүкіл елге қызмет көрсететін және жалпы мемлекеттік органдармен басқарылатын армияға да қатысты.

Федеративтік (Federative - одақпен нығайту деген латын сөзінен шыққан) мемлекеттер - бұл құрамына екі, үш және одан да көп мемлекеттер немесе бірқатар дербестік дәрежесі бар мемлекеттік құрылымдар кіретін одақтас мемлекеттер. Мемлекеттердің немесе мемлекеттік құрылымдардың федера-цияға бірігуі (кіруі, қосылуы) олардын, шексіз құқығының кейбіреуінен айрылуына әкеліп соғады, ол құқықтар федерацияға көшеді. Федеративтік мемлекеттегі тәуелсіздік федерация мен оның мүшелері арасында бөлініп койылады.

Баскару нысанының ұғымы. Басқару нысаны мемлекет нысаны түсінігінің анағұрлым кең мағынадағы манызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ол биліктің жоғары органдарынын жүйесіне, олардын арасындағы кұзыретті бөлісу мен өзара әрекеттестік принциптеріне баса назар аударады. Баскару нысаны мемлекетті сипаттайтын басты көрсеткіштердің қатарына жатады. Ол бағыт тандау мен мемлекеттік саясат басымдығына және оны жүзеге асырудың тәсілдеріне, биліктін демократиялық дәрежесіне және оның халыкқа түсінікті болуына айтарлықтай ықпал етеді.
Басқару нысанын аныктау кезінде мына төмендегі мәселелер ескеріледі:

Монархия басқарудың нысаны ретінде мемлекетге бір адамның - монархтын колында жоғары биліктің реалды шоғырлануымен немесе жоғары прерогативтің (шексіз құқықтың) тек кейбір нақтылы тиістілігімен сипатталады. Монархиянын ерекшеліктерінің катарына монархтың таққа көп жағдайда мұрагерлік жолымен немесе туыскандық құқығымен, кейде - сайлау жолымен келетіндігі жатады, монархтық міндетті атқарудың белгілі бір мерзімі жоқ, ол өмір бойы аткарылады.

Президенттік республиканьщ айрықша ерекшелігі - мемлекет басшысынын өте күшті билігі болып табылады. Мұнда президент парламенттен тек премьер-министрді (кейде үкіметтің басқа да кейбір маңызды мүшелерін) тағайындауға келісімін ала отырьш үкіметті тағайындайды. Сондыктан үкіметтің парламент алдындағы бакылауға алынуы мен есеп берушілігі босаңдау, ал мемлекет басшысы алдында парла-менттік республикаға қарағанда әлдеқайда күшті. Оның үстіне, презеденттік республика үшін мемлекет басшысының функ-циясын үкімет басшысының функциясымен толык косып жіберу (АҚШ), немесе мемлекет басшысының үкіметтің қалыптасу және қызмет істеу процесіне шешуші ықпалы (Франция, Ресей федерациясы, Қазакстан, Өзбекстан) тән.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.А. Ибраева, Г. Әлібаева, Қ.Айтхожин «Құқықтану» Алматы 2006 ж.
2.Баянов «Мемлекеттік құқық негіздері» Алматы 2003ж.
3. Е.Қуандықов, Ш. Маликова, С. Есетова «Құқықтану» 2007ж.