Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктік ісі

Тип: Баяндама

Объем: 7 стр.

Полный просмотр работы

Мемлекеттің Орталық банкі, оның қалыптасуы және дамуы

Тарихи Орталық банктер капиталды меншіктеу жөнінен үш түрге бөлінеді:
Мемлекеттік Орталық банктер, яғни олардың капиталы түгелімен мемлекет меншігінде (мысалы, Англия, ГФР, Франция, Канада, Ресей);
Акционерлік қоғамдар (мысалы, АҚШ, Италия);
Аралас акционерлік қоғам, капиталының бір бөлігі мемлекет меншігінде (Жапония, Бельгия).
Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның рөлін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады.
Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.

Негізгі Ұлттық банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет – жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор - ғимараттардан, құрылғылардан, көлік және басқа да құндылықтардан тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа да қорлар құрады. Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен толтырылады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес жүргізілетін операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады.

Республиканың ұлттық банкінің ең басты мақсаты – экономиканы төлем құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамассыз ету және елдің барлық несие жүйесінің қызмет етуіне жағжай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру, банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы-несие құралдарымен бәсекелес-пейді және өз қызметінде пайданы табу мақсатын көздемейді. Коммерциялық және басқа да несиелік мекемелер өз клиенттеріне – шаруашылық субъектілерімен халыққа не жасаса, Ұлттық банкіде соны жасады.
Оның клиенттері – коммерциялық банктер және басқа да несиелік мекемелер болды.

Ұлттық(Орталық) банк – коммерциялық банктерді және басқа да қаржылық-несиелік мекемелерді несиелеу қызметін атқарады. Шетелде орталық банктерді «соңғы сатыдағы несие беруші» деп атайды. Олар – коммерциялық банктерден есеп мөлшерлемесін ала отырып, уақытша жетіспеген өтімді құралдарының орнын толтыру үшін несиелер береді. Әрине бұл несиелер, сауда вексельдерімен, мемлекеттік бағалы қағаздарымен немесе банктердің меншікті қарыздық міндеттемелерімен қамтамасыз етілуі тиіс.