Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Баяндама

Объем: 5 стр.

Полный просмотр работы

Азаматтық істі сотта қозғау

Талап қою. Талап арыз. Талап арызды қабылдау. Азаматтық істі қозғаудың құқықтық салдары.
Талап қою. Азаматтық істі қозғау - бұл жалпы іс жүргізудің бірінші және өте маңызды бөлімі. Қазақстан Республикасының Конституциясының 13-бабына сәйкес, әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға құқылы. Әрбір процессуалдық қорғау тәртібі әртүрлі процессуалдық құралдармен қозғалады. Субъективті азаматтық құқықтық қорғау бойынша сот қызметін қозғалудың негізгі құралы талап қою болып табылады.

Азаматтық істі қозғаудың құқықтық салдары. Талап қою және соттың оны өз өндірісіне қабылдап алуы процессуалдық және материалдық –құқықтық салдарға әкеледі. Талап қоюдың негізгі процессуалдық салдары осы сәттен азаматтық іс жүргізудің пайда болуында. Талап-арызды сотқа беру талапкер мен сот арасында процессуалдық құқықтық қатынастардың пайда болуына бағытталған процессуалдық әрекеттер (заңды факт) сипатына ие болады. Істі қозғау мүдделі адамның да, судьяның да қалауымен анықталады. ҚР АІЖК 152-бабында талап-арызды қабылдай отырып, судья азаматтық іс қозғау туралы ұйғарым шығарады делінген. Осы сәттен бастап нақты іс бойынша іс жүргізу басталады.

Әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.1995 ж. (7.10.1998 ж. өзгерістер мен толықтыруларымен қоса). Алматы,2005
2. ҚР-ң Азаматтық іс жүргізу Кодексі. 1999, 13 шілде.
3. Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право РК. В 2-х томах. – Алматы: КазГЮА, 2001.
4. Егембердиев Е.О. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы: Жалпы бөлім. Ерекше бөлім. Оқу құралы/ Егембердиев, Е.О. - Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2003. – 102 б.