Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі

Тип: Реферат

Объем: 5 стр.

Полный просмотр работы

Омонимдер. Буын

Жоспар
1 Омонимдер 3
2 Буын 4
Әдебиеттер 5

1 Омонимдер
Омонимдер — шығуы жағынан да, мағына жағынан да басқа-басқа, тек айтылуы ғана бірдей сөздер.
Омоним сөздерді көп мағыналы сөздерден ажырату қажет. Өйткені бұлардың үйлестігінен гөрі айырмашылыктары көбірек. Қазақ тілінде ат деген түрде біріне-бірі байланысы жоқ, екі-үш түрлі сөз бар.
1. Ат — жұмыс көлігі;
2. Ат — есім, атау;
3. Ат — етістік (бұйрық рай).
Бұлар — жеке-жеке үш сөз. Бұл сөздердің арасында өзара мағыналық ешбір байланыс жоқ, тек айтылулары ғана бірдей. Осы сөздердің әрқайсысы өз алдына көп мағыналы сөз. Мысалы, ат: біріншіден, жалпы көлік; екіншіден, жылқының үйірге түспейтін еркегі; т. б. мағыналары бар. Мұнда тек дыбыстық үндестік қана емес, мағыналық байланыс бар. Ал, алғашқы келтірілген ат деген үш сөзде дыбыстық бірлестік қана бар мағыналық байланыс жоқ.

2 Буын
Сөз айтылғанда, түтас, бірден айтыла алмайды. Сөздердің айтыуында ауа толқыны үзіліп-үзіліп шығады. Бір сөздің ішінде ауа толқынына негізделген бірнеше бөлшек бола береді.
Сөздегі бір дауыстының немесе дауысты мен дауыссыздың бөлшектеніп айтылуы буын деп аталады. М: ана, ата деген сөздер іштей екі бөлініп айтылады а-на, а-та.
Сөздің буынға бөлінуі дауысты дыбысқа байланысты. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады, өйткені дауысты дыбыс қана буын жасайды. Дауыссыз дыбыс буын жасай алмайды, ол дауысты дыбыспен бірге буын құрамына кіреді.

Әдебиеттер
1. Мұса А. О. Қазақ тілі : оқу құралы Алматы: Сөздiк - Словарь, 2005