Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 31 стр.

Полный просмотр работы

Инфляция

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
I. Инфляцияның мәні, себептері және түрлері 5
1.1.Инфляцияның мәні және пайда болу себептері 5
1.2. Инфляцияның түрлері 7
II. Инфляцияның нарықтық экономикаға әсер ету ерекшеліктері 11
2.1. Инфляцияның әлеуметтік - экономикалық салдары 11
2.2. Ақша айналымын тұрақтандыруда қолданылатын шаралар 14
2.3. Инфляцияның Қазақстандағы экономикасындағы көрінісі 20
III. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты 24
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕРІМ 31

КІРІСПЕ
Қазіргі заманның алдында өз алдына байлық көзі ретінде қаржы, валюта көздері басты орын алады. Бұл жұмыстың басты тақырыбына келетін болсақ, яғни сол байлық көзі ретіндегі табыс мөлшері ақшаның ісінің нәтижесінен құралады. Бұл - ақшадағы инфляция мәселесі. Өзімнің кіріспе нұсқауымды бастар алдында, елбасымыздың «Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму стратегиясындағы жолдауын айта кеткен жөн. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың біздің Қазақстанымыздың жақсылап дамуына септігін тигізетін үлкен мәселелерді қозғайды. Әрине бұл мәселенің инфляцияға жол бермеу керек деген ой-пікірі қалыптасқан. Инфляция дегенді ел экономикасына қарсы індет деп атайды.

Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер орындалуы керек:
• Инфляцияның мәнін ашып, пайда болу себептерін атап, түрлерін көрсету.
• Инфляцияның нарықтық экономикадағы әсер ету ерекшеліктерін атау және де Қазақстандағы ерекшеліктерін көрсету.
• Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясат жолдарын анықтау.

I. Инфляцияның мәні, себептері және түрлері
1.1.Инфляцияның мәні және пайда болу себептері
Инфляцияның мәні - ол тауарлар мен көрсетілген қызметтің бағасының өсуі және тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуі салдарынан ақшаның құнсыздануы, оның сатып алу мүмкіндігінің құлдырауы. Инфляция - қоғамдық ұдайы өндірістегі диспропорцияның көрінісі. Ол мемлекеттің табысы мен шығынның үйлеспеуі салдарынан кездесетін кез келген экономикалық формацияға тән құбылыс. Инфляция ұлттық табысты экономиканың салдары арасында, коммерциялық құрылымдар, халықтың топтары мен мемлекеттің және шаруашылық субъектілері арасында қайта бөлуге тірейді.

1.2. Инфляцияның түрлері
Шет ел мамандары инфляцияның өту қарқынына байланысты үш түрге бөледі:
а)баяу немесе сұлама инфляция;
б)қарқынды инфляция;
в)ұшқыр инфляция.

II. Инфляцияның нарықтық экономикаға әсер ету ерекшеліктері
2.1. Инфляцияның әлеуметтік - экономикалық салдары
Инфляция кезінде өндіріс қарқыны төмендейді, экономикалық өсудің пропорциясы бұзылады, ақша - несие, қаржы және валюта механизмі бүлінеді, елде әлеуметтік - экономикалық тұрақсыздық күшейді. Инфляция халықаралық экономикалық қарым - қатынастарды, жұмыс күшін ұдайы өндіру шарттарын бұзады, капиталды экономиканың ең пайдалы салдарына салуды ынталандырады, экономикалық қылмыстар мен астыртын экономиканың дамуын жеделдетеді.

2.2. Ақша айналымын тұрақтандыруда қолданылатын шаралар
Соңғы жылдары инфляция бұрынғы КСРО елдеріндегі ең қиын халық шаруашылығы проблемасына айналды. Әміршілдік - әкімшілдік жағдайында инфляция “қисыңқы”, “басыңқы” , “жабыңқы” күйде болып, көптеген тапшылықтар болуы мен өнім сапасының үнемі төмендеу түрінде көрініп келді. Нарықтың құрыла бастауы инфляциялық процестерді едәуір дәрежеде өршітті.

2.3. Инфляцияның Қазақстандағы экономикасындағы көрінісі
Қазақстандағы инфляция барлық ТМД елдері сияқты ел экономикасының мемлекеттік - монополияланған жүйеден нарықтық қатынастарға өту кезіндегі өндірістерге байланысты. КСРО - ның халық шаруашылығындағы инфляция көптеген жылдар бойы мойындалған жоқ. Социализм жүйесінің экономикасы жағдайында инфляция болу мүмкін емес, ол тек капиталистік өндіріс тәсіліне тән деген үзілді- кесілді тұжырымдар айтылды.

III. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты
Инфляция зардаптарын бейтараптандыру мақсатымен мемлекет инфляцияға қарсы саясат жүргізеді. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатын экономиканы тұрақтандыру, баға мен жалақыны реттеу, қаржыны сауықтандыру, несие экспансиясын тежеу, ақшаны эмиссияларды қатал бақылауға алу сияқты жалпы экономикалық шараларды іске асыру арқылы жүргізеді. Ал аса төтенше жағдайда ақша реформасы жасалады. Инфляция экономикалық “аурудың” ерекше түрі. Ол бір мезгілде материалдық - қаржылық сәйкессіздіктің әрі салдары, әрі себептері ретінде көрінеді. Оны бүкіл шаруашылық механизмімен емдемей жеңуге болмайды, яғни, егер инфляциялық вирус инфляцияға қарсы саясаттың жүзеге асуын қиындататын болса, экономиканы сауықтандыру нәтижесіз болуы мүмкін. Қазақстанда өндірісті дамытуда бағытталған экономикадағы сәйкессіздіктерді біртіндеп жоймай инфляцияға қарсы саясатты құру мүмкін емес.

ҚОРЫТЫНДЫ
Курстық жұмысты қорытындылай келе мынадай анықтамаларға келеміз:
Инфляция латын сөзінен алғанда inflatio- көтерілу, ісу - қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік - экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналыстағы ақша өнімдері мөлшерінің тауарлар бағаларының қосындысынан артып кетіп, осының нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіреді.

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕРІМ
1. Әкімбеков С, Баймухамедов А.С., Жанайдаров У.А.. Экономикалық теория.Оқу құралы.- Астана 2002.
2. Абрамова М.А., Александрова Л.С. Финансы, денежное обращение и кредит: Учебное пособие.- М.: Инст. межд. Права и экономики, 1996
3. Шеденов Ө.К., Жүнісов Б.А., Байжомартов У.С. Жалпы экономикалық теория.-Алматы.2002.
4. Саниев М.С. Ақша,несие,банктер-Алматы.2001.
5. Общая теория денег и кредита: Учебник для вузов/ Под ред. Е.Ф. Жуков- М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1999-622с
6. Курс экономической теории. Учебное пособие\Под общ. Ред. М.Н.Чепурина, Е.А.Киселевой.-Киров, АСА.
7. Ақша, несие, банктер: Оқу құралы/ Алматы: Экономика, 2000-328б
8. Усов В.В. Деньги. Денежное обращение. Инфляция: Учебное пособие для вузов. – М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1999- 544с
9. Финансы. Денежное обращение. Кредит: Учебник / Под ред. Л.А. Дробозиной.- М.: Финансы, ЮНИТИ, 1997- 479с
10. Журнал: “Экономика и жизнь” - №5. 1993. 28-31б
11. Журнал : “Іскер жеті күн” газет 1998ж, №9-11.
12. “Іскер жеті күн” журнал-газеті 1996ж, №3-5
13. Журнал : “Қаржы- қаражат”- №9-11, 2000ж.