Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 24 стр.

Полный просмотр работы

Педагогикалық технологиялардың теориялық негіздері

Мазмұны
1 Педагогикалық технологиялардың теориялық негіздері 3
2 Бастауыш білім берудегі педагогикалық технологияларға шолу 9
2.1 Математика 1-сынып 13
2.2 Сауат ашу 1-сынып 16
2.3 Математика 2-сынып 19
2.4 Математика 1-сынып 21
Әдебиеттер тізімі 24

1 Педагогикалық технологиялардың теориялық негіздері
Қазіргі замандағы білім жүйесінің құрылымы мен қызметіндегі қоғамдық тенденцияларды көрсететін маңызды әлеуметтік-педагогикалық феномен ретінде білім ізгілігінің мазмұны мен маңызын анықтауға байланысты қаралған педагогикалық технологиялар өз тиімділігін дәлелдеуде.
Педагогикалық технологиялардың көкейтестілігін анықтауда төмендегі қайшылықтарды атауға болады:

Қоғам өмірінің барлық салаларында, яғни экономикасы мен әлеуметтік қатынастарында көптеген өзгерістер туып отырған жағдайда білім беру ісінде де өзгерістің болуы заңды нәрсе. Себебі, халыққа білім беру немесе мектеп ісін қоғамнан тыс алып қарауға болмайды. Бүкіл қоғам өмірінде бой көрсеткен келеңсіздіктің халыққа білім беру саласына да соқпай өтпегені мәлім. Сонымен, халыққа білім беру жүйесі қоғамдық әрекеттердің басқа салаларымен де қатарлас алға басуы керек.
Ғылым мен халыққа білім берудің дамуы еліміздің техникалық прогресске жеткізері мәлім. Ал техникалық прогресс қоғамдық және жеке бастың өмір сүру деңгейін көтеруші еңбек өнімділігінің жоғарлауына әкеледі. Сонымен, білім беру жүйесін қоғамдық өмірдің өзге салаларының да негізі деп білуіміз керек.

Педагогикалық жаңалық - жаңа идеялар, әдістер, технологиялар ғана емес, педагогикалық процесс элементтерінің бірлігінің немесе жеке элементтерінің білім беру мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы.

Педагогтің кәсіби даярылығындағы технологиялық қағида болашақ мамандығына бағдар беретін оқытудың мақсат, мазмұн, оқыту әдістерінің бірілігі болып табылады.
Оқыту технологиялары теориялық негізде құрылады: Егер, Л.В.Занков әдістемесі Л.С.Выготскийдің дамыту теориясына негізделсе, ол өзінің қағидасын содан іздеп табады. Оқушылардың теориялық ойлауын дамыту, оқу материалының теориялық күрделілігінің жоғары деңгейі, оқу жұмысының жоғары темпі оқушылардағы жеке тұрғыдағы бағдар.

Көптеген педагогикалық технологияларда кездесетін философиялық бағыттар:
- материализм және идеализм;
- диалектика және метафизика;
- гуманизм және антигуманизм;
- антропософия және теософия;
- прагматизм және экзистенциализм.
Педагогикалық технология дерекнамасы педагогика психология және әлеуметтік ғылымдар, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе, халықтық педагогика, отандық және шетел педагогикасындағы озық идеялар болып табылады. Кез-келген қазіргі педагогикалық технологиялар педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктері дәстүрлі тәжірибедегі құнды дүниені, әлеументтік прогрестің жетістіктерін, қоғамдағы гуманизация мен демократия жемісін жинақтаушы болады.

2 Бастауыш білім берудегі педагогикалық технологияларға шолу
ХVІІ ғасырда чех педагогы Я.А.Коменский негізін салған сынып-сабақтық оқыту жүйесі дүние жүзіне кең танымал, сонымен қатар осы күнге дейін әлем мектептерінде қолданылып келеді. Бүгінгі таңда оқытудың бұл түріне «Дәстүрлі оқыту» анықтамасы қолданылып жүр.
Дәстүрлі сынып-сабақтық технологиясының басқа технологиялардан айырмашылықтары бар:
- оқушылардың таным қабілеттері және жас мөлшері шамамен бір деңгейді құрайды;

Кеңес өкіметі кезінде мектептер үшін ғылыми-техникалық прогрестің дамуы бірінші орында болды. Әлі күнге дейін техниканы көбейту, жетілдіру өз маңызын жойған жоқ. Білім оқушылық, рухани адамгершілігін дамытуға емес, ойлай білетін жеке тұлғаға бағытталған. Оқулықтардың мазмұнында эстетикалық, рухани тәрбиеге аз көңіл бөлінді.
Таңдау бостандығы мен вариативтілікке қарамастан дәстүрлі жүйе бірізділіктен ауытқи алмай отыр. Типтік оқу жоспары оқу министрлігінде жасалынып, барлық мектептерге ортақ болып бекітіледі. Базисті оқу жоспары мемлекеттік стандартқа сүйенеді. Оқушылар тек белгіленген оқу пәндерін ғана оқиды.

Әдебиеттер тізімі:
1. Селевко Г.К. Опыт системного анализа современных педагогических систем // Школьные технологии. – 1996. - № 6. – С. 3-43.
2. Гоноболин Ф.Н. Книга об учителе. – М.: Просвещение, 1965. – 260 с.
3. Кулюткин Ю.Н. Психологические проблемы образования взрослых // Вопросы психологии. – 1989. - № 2.
4. Инновационное обучение: Стратегия и практика / Под ред. В.Я.Ляудис. – М.: МГУ, 1994. – 203 с.
5. Внутришкольное управление: теория и опыт педагогических управленческих инноваций / Под. Ред. Н.В.Горбуновой. – М.: Новая школа, 1995. – 107 с.