Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық негізгі

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 25 стр.

Полный просмотр работы

Мемлекет пен құқық теориясының негіздері

МАЗМҰНЫ
1 МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ 3
1.1 Пәні, әдісі және заң ғылымы 3
1.2. Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы 4
1.3 Мемлекеттің негізгі түсініктері 8
1.4. Құқық тура л ы негізгі түсініктер 11
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 25

1 МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Пәні, әдісі және заң ғылымы
Ғылымның немесе оқу құралының өзіндік реттейтін, оқытатын пәні болады. Мемлекет және құқық пәні - коғамдағы саяси экономикалық, әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, коғамдық өмірдегі қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдіс-тәсілдерін, объективтік заңдылықтары анықтап отыратын ғылым. Ол мемлекет пен құқықтың мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді. Мемлекет пен құкықты бөліп қарауға болмайды, олар бір-бірімен тығыз байланысты. Құқық мемлекеттік органдардың құрамын қалыптастырудың ретін, жұмыс тәртібін және оның бағыт-бағдарын орнықтырады, ал мемлекет құқықтық нормаларды қабылдайды, бекітеді және қорғайды.
Методология (әдіс-тәсіл) - дүниені философиялық тұрғыдан түсіндіретін ілім. Ғылыми методологияның негізі - диалектикалық материализм. Мемлекет және құқық теориясының методологиясы философияның обьективтік заңдарына, теориялық қағидаларына сүйене отырып, логикалық әдіс-тәсілдер арқылы мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму заңдылықтарын зерттейді.

1.2. Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы обьективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырды. Малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келіп, адамның тәжрибесі өсіп молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру, өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан кірісін асырды. Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды.
Экономикалық өзгерістер әлеуметтік: қайшылықтарды өмірге әкелді. Олар төмендегі негізгі обьективтік заңдардың - қосымша өнімнің пайда болуы; жеке меншіктің қалыптасуы; топтар мен таптардың арасындағы күрестің басталуы әсерінен туындайтын қайшылықтарды реттеп, коғамды басқару үшін өмірге мемлекет пен құқық келді.

1.3 Мемлекеттің негізгі түсініктері
Қазіргі заманғы мемлекет - қоғамның қалыпты тіршілігі мен дамуын қамтамасыз ететін, өзінде тұрып жатқан азаматтар мен халықтардың құқықтарын, бостандықтарын әрі заңды мүдделерін қорғайтын, мемлекеттің өз ішіндегі және сыртқы даулар мен жанжалдарды шешетін институт.
Мемлекет - белгілі бір аумақ шеңберінде халықты оз ырқына көндіріп отыратын, бүкіл қоғам атынан ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асыратын, барлық халыққа міндетті заңдар мен ереже - қағидаларды шығарып қабылдайтын, халықтан салық жинайтын ерекше құқылы саяси ұйым.
Мемлекеттің белгілеріне мыналар жатады:

Мемлекеттің нысанының соңғы элемент! - саяси режим. Мемлекеттің саяси режимін, оның қолданатын әдістерінен, азаматтарды құқықтары мен бостандық - тарынын дамуы және кепілдіктері, демократиялық институттарды қолдануынан білуге болады. Саяси режим демократиялық, демократияға қарсы болған режимдер болып бөлінеді.
Енді мемлекеттің қызметтеріне келсек, ол күрделі екі топқа: ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Мемлекеттің ішкі қызметтеріне:

1.4. Құқық тура л ы негізгі түсініктер
Норма дегеніміз - бір қатынасты реттеп, басқаратын ереже. Нормалардың коғамда қалыптасқан екі түрі бар: әлеуметтік нормалар мен техникалық нормалар.
Қоғамдағы көптеген қарым-қатынастарды реттеп, басқарып отыратын негізгі құрал - әлеуметтік норма¬лар. Әлеуметтік нормалар адамдардың іс-әрекетінің, мінезінің, тәртібінің қоғамдық, ережесі болғандықтан қоғамды басқарудың, қатынастардың құралына айналды.
Бұл нормалардың негізгі түрлері:

Жоғарыда айтылғандай, құқық - жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма - құқықтың бір клеткасы, коғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.
Құқықтық нормалардың белгілері:

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Административное право. Оқулык, жауапты редак¬торы А. А. Таранов. Алматы, 1998 ж.
2. Ағыбаев А. Қылмыстық құқық. Окулық. Жалпы бөлім. Алматы, 2001 ж.
3. Алауханов Е. Қылмыстык кұкық. Оку кұралы. Ерекше бөлім. Алматы, 2001 ж.
4. Айымханова Н. Қазакстан Республикасының еңбек құқығы. Оқу құралы. Алматы, 2002 ж. .
5. Баққұлов С. Құкык негіздері. Оку құралы. ҚазМСҚА. Алматы. 2001 ж.
6. Байжанов Н. Неке және отбасы. Алматы, 1997 ж.
7. Жамбылова P. Заң терминдерінін казақша-орысша, орысша-казакша аныктамалык сөздігі. Алматы, 2001 ж.
8. Найманбаев С. Салықтык құкық. Оқу күралы. Алматы, 1996 ж.
9. Сапарғалиев F., Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Оку кұралы. Алматы, 1997 ж.
10. Сапарғалиев F. Зан терминдерінін түсіндірме сөздігі. Алматы, 1995 ж.
11. Сапарғалиев F. Қазақстан Республикасының Конституциялық құкығы. Оқулық. Алматы, 1997 ж.
12. Төлеуғалиев F. Қазакстан Республикасының азаматтық күкығы. Окулық. Алматы, 2001 ж.
13. Худяков А. И. Финансовое право Республики Казахстан. Алматы, 2001 ж.
14. Хаджиев А. X. Земельное право Республики Казахстан. Алматы, 2001 ж.
15. Шайбеков К. Трудовое право Республики Казахстан. Алматы, 1996 ж.