Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Мәдениеттану

Тип: Реферат

Объем: 9 стр.

Полный просмотр работы

Христиандық

Христиан діні – әлемдегі ең көп тараған діндердің бірі, қазіргі таңда оның 2 мил¬лиардқа жуық ұстанушылары бар. Хрис¬тиандық православие, католицизм, протес¬танттық болып үш негізгі бағытқа жіктеледі. “Христос” сөзі грек тілінен алын¬ған, мессия, құтқарушы деп аудары¬лады. Көне Өсиетте Иисус Христос бола¬шақта Израиль жеріне келіп, ол жердегі халықты қиыншылықтан құтқаратын, әділеттілікті орнататын пайғамбар ретінде сипатталады. Бұл дін біздің дәуіріміз¬дің І ғасырында Помпей шапқыншылы¬ғы¬нан кейін Рим империясының құра¬мына кірген Палестинада пайда болды. Палес¬тинаның, әсіресе, оның орталық бөлігі – Самария тұр¬ғын¬дарының этностық құрамы әртүрлі еді. Бұл жерлерге қоныс аударғандар мұнда өз мәдениеттері мен нанымдарының белгілерін ала келді.

Вавилон, парсы, македон басқыншы¬лы¬ғын (б.д.б. VІ-ІІ ғғ.) және жат елдік Пто¬ло¬мейлер мен Селеквидтер әулетте¬рінің билігін бастан кешірген палестина¬лық еврейлер аз уақытқа саяси тәуелсіз¬дікке қол жеткізеді. Б.д.б. 140 жылдан бастап тәуелсіз Иудеяны маккавей (хас¬мо¬ней) әулетінің алғашқы священник-пат¬шалары билейді. Олар ел аумағын ұлғайтумен қатар тұрғындарға иудей дінін қабылдатуға белсенді атсалысады. Б.д.б 36 жылы Рим қолбасшысы Гней Помпей әскерлері Иудеяны жаулап алады, сөйтіп, Сирия провинциясына қосылған Иудея Рим империясының бір бөлігіне айналды. Иудея мен Самария өзін-өзі басқарудың соңғы белгілерінен айырылды. Енді билік толығымен Рим тағайындаған билеушінің қолына шоғырланды. Бас абыз басқарған абыздар мен ақсүйек өкілдерінен тұрған кеңес – Синдрионның құқы шектеліп, ол римдіктердің толық бақылауына өтті.

Христианшылдық иудаизмнің, мит¬раиз¬м¬нің, көне шығыс діндерінің фило¬софиялық көзқарастарының тұжырымда¬малық идеяларын игеріп, қайта қарас¬тырды. Осының бәрі жаңа дінді байытып, нығайтты, оны ұлттық-этностық мәде¬ниет¬терге қарсы тұруға дәрменді мәдени-интеллектуалдық күшке, бұқаралық қоз¬ғалысқа айналдырды. Христианшыл¬дықтың бұрынғы діни-мәдени мұраны игеруі жаңа ілімнің жалпыға танылуына мүмкіндік берді.

Христиан ілімі Қасиетті Жазу – Биб¬лия мен Қасиетті Аңызға – шіркеу әкей¬лерінің айтқан¬дарына, соборлардың ше¬шімдеріне негізделеді. Алайда, ерте хрис¬тиандықта бұл негіздер болған жоқ. Христианшылдық ұзақ уақыт бойы ауызша дәстүрге негізделген уағыздар айту, аңыз-әңгімелер – “игі хабарлар” арқылы таралды.

Христиан дініндегі ең ірі жіктелудің бірі негізгі екі бағыттың – православие мен католицизмнің пайда болуы еді. Бұл жіктелу бірнеше ғасырлар бойы жүрді. Ол Рим империясының батыс пен шығыс бөлігіндегі феодалдық қатынастардың даму ерекше¬ліктеріне және олардың арасын¬дағы бәсекелестікке байланысты болды.