Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Баяндама

Объем: 19 стр.

Полный просмотр работы

Жаза түсінігі, мақсаттары, жүйесі және түрлері

Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттің қылмыстылыққа қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады. Мемлекет қылмыстылыққа қарсы күрес жүргізуде әртүрлі ұйымдастырушылық, тәрбиелік, рухани, экономикалық шаралардың барлық түрлерін кеңінен қолданады, сөйтіп қылмыстылықтан қорғану мәселесіне ерекше көңіл аударады. Сондықтан біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз қылмыстылыққа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қарсы күресте шешуші мәселе жоғарыда аталып өткен экономикалық, ұйымдастыру, қоғам мүшелерінің белсенділігін, құқықтық сана-сезімін жетілдіру арқылы жүзеге асырылады.

Үшіншіден, заңда көрсетілген тәртіппен сотталған адамды жазадан босату, сондай-ақ тағайындалған жазаны жеңілдету тағы да сот арқылы жүзеге асырылады. Тек қана рақымшылық және кешірім беру актілерімен жазадан босату және жазасын жеңілдету Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Парламент немесе Республика Президенті арқылы жүзеге асырылады, ал басқа жағдайларда бұл мәселелерді шешу тек сот құзыреті болып табылады. Бұл да қылмыстық жазаның басқа күштеу шараларынан мәнді өзгешелігін көрсетеді.

Қылмыстық жаза мемлекет атынан қылмысты іс-әрекеттер үшін кінәлінің кінәсін бетіне басу арқылы берілетін теріс құқықтық баға болып табылады. Бетіне басу мен кінәләудің дәрежесі қылмыстың ауырлығына, кінәлінің жеке тұлғасына және оның қылмысты іс-әрекетті істеудегі мінез-құлқына тікелей байланысты болады.
Жаза сотталған адамға белгілі бір зардап келтірумен тікелей байланысты болады. Мысалы, соттың кінәліні бас бостандығынан айыруы немесе белгілі бір кәсіппен шұғылдануға немесе белгілі бір лауазым иесі болуға тыйым салуы, мүлкін тәркілеуі мүмкін. Ерекше ауыр қылмыс жасағанда кінәліге заңда көрсетілген реттерде ерекше жаза - өлім жазасы да тағайындалуы мүмкін. Кез келген қылмыстық жаза тағайындағанда сотталған адам моральдық, материалдық, мүліктік зардаптар шегеді. Өйткені жаза өзінің мәні жөнінен кінәліні жазалау болып табылады.

Жазаның мақсаттары қылмыстық құқықтың жалпы міндеттері арқылы белгіленеді. Қылмыстық кодекстің 2-бабындағы осы заңның міндеттері заң қорғайтын мүдделерді қорғау, алдын алу делінсе, ол міндеттерді іске асыру үшін қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленіп, қылмыс ұғымы анықталады, қылмыс істеген адамдарға қолдануға тиіс жазалар мен өзге де қылмыстық құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді.

Жаза жүйесі деп қолданыстағы қылмыстық заңда белгіленген соттар үшін міндетті және тұжырымды, ауырлығына қарай белгілі бір тәртіпте орналасқан жаза түрлерін айтамыз.
Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті болып табылатын жекелеген жазаларды қолдану шарттары, шектері мен тәртіптері анықталған. Мұның өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сотталған адамға келтірілетін айырудың мәніне қарай жаза түрлері мынады түрлерге бөлінеді:

Жаза түрлерін топтастырудың бұдан басқа да түрлері бар. Жаза жүйесіне кіретін барлық жаза түрлерін негізінен үш топқа ажыратады. Бірінші топты негізгі жазалар құрайды. Негізгі жазалар дегеніміз заң бойынша жеке дара жаза ретінде жазаның мақсатын іске асыру үшін қолданылатын жаза түрлері. Қылмыс жасады деп танылған адамдарға келесі негізгі жазалар қолданылуы мүмкін:

Мұндай жазаны қолдану негізінен қызмет бабын немесе кәсіптік қызметін пайдаланып қылмыс жасайтындардың қылмысты қайталап жасауына бөгет қою, мұндай тәсілмен қылмыс жасаудан сақтандыру болып табылады. Белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен шұғылданудың өзара айырмашылығы мынада: біріншісі сотталған адамды мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазым иесі болуға тыйым салады. Мысалы, материалдық жауапкершілікке байланысты лауазымдық қызмет атқармау.

Негізгі әдебиеттер
1. Уголовный Кодекс РК (Общая часть). Комментарий. Алматы. , 1999.
2. Комментарий к Уголовному кодексу РК. Алматы, Баспа. 1999.
3. Поленов Г. Ф. Уголовное право РК. Общая часть: Учебное пособие. Алматы, 1999.
4. Уголовное право РК. Общая часть. Алматы: Жети – Жаргы, 1998.
5. Комментарий к Уголовному кодексу РК: Отв. редактор проф. Борчашвили И. Ш., доцент Рахимжанова Г. К. , Караганда, 1999.
6. Уголовное право РК. Общая часть. 2-е изд. испр. и доп. –Алматы, Жети-Жаргы, 2003.
Қосымша әдебиеттер
1. Шаргородский М.Д. Наказание: его цели и эффективность. М., 1974.
2. Карпец И.И. Наказание: социальные, правовые и криминологические проблемы. М., 1973.
3. Полубинская С.В. Цели уголовного наказания. М., 1990.
4. Дулатбеков Н.О. Назначение уголовного наказания (вопросы теории и практики). Автореф. дисс. … д.ю.н. Алматы, 2003.
5. Минская В.С.Штраф как вид уголовного наказания // Советское государство и право, 1989. №1.