Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Биология

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 12 стр.

Полный просмотр работы

Мутация дегеніміз

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. Мутацияның мәні мен маңызы 4
2. Тұқым қуалайтын өзгергіштік 7
3. Геномдық мутация 10
ҚОРЫТЫНДЫ 11
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 12

КІРІСПЕ
Мутация - барлық тірі организмдерге тән қасиет. Ол пайдалы да, зиянды да болуы мүмкін. Бірак, көбінесе, жануарлар мен адам үшін зиянды болып келеді. Себебі эволюциялық даму барысында организмде қалыптасқан үйлесімділік бұзылады. Мутация сыртқы орта факторларының әсерінен пайда болады, оларды мутагендер деп атайды. Мутагендердің үш түрі кездеседі.
Олар: физикалық, химиялық және биологиялык мутагендер. Физикалық мутагендерге радиоактивті сәулелер, ультракүлгін сәулелер, лазер сәулелері және т.б. жатады. Химиялык мутагендерге: колхицин, этиленимин, никотин кышқылы және т.б. химиялық қосылыстар жатады. Олардың саны казір 400-ден асады. Өте жоғары концентрациядағы кейбір гербицидтер мен пестицидтер де мутация тудыра алады. Сондықтан гербицидтер мен пестицидтерді шамадан тыс мөлшерде пайдаланбау қажет.

1. Мутацияның мәні мен маңызы
Мутация дегеніміз - организм генотипінің, яғни хромосомалар мен олардың құрамды бөліктері - гендердің өзгеруіне байланысты кездейсок, пайда болатын, тұқым қуалайтын өзгергіштік. Бұл ұғымды ең алғаш голландиялық ботаник Х.Де Фриз қалыптастырды. Ол есекшөп (энотера) өсімдігінің кейбір белгілерінің калыпты жағдайдан ауытқитынын және олардың тұқым куалайтындығын байкады. Осы зерттеулерінің негізінде 1901 жылы өзінің «Мутациялық теория» деп аталатын еңбегін жариялады.
Мутациялар организмнің кандай жасушаларындә пайда болатындығына байланысты генеративтік (жыныс жасушаларындағы) және сомалық (дене жасушаларындағы) болып екіге бөлінеді. Жыныс жасушаларында болатын мутация келесі ұрпакка тікелей беріледі. Ал сомалық мутация жыныстық жолмен көбейетін организмдерде айтарлықтай рол атқармайды. Себебі дене жасушаларында пайда болатын өзгеріс ұрпақка берілмейді. Жыныссыз жолмен көбейетін организмде бұл жағдай керісінше болады. Сомалық мутацияны зерттеудің обыр (рак) ауруының себептерін білуде маңызы зор.

2. Тұқым қуалайтын өзгергіштік
Тұқым қуалайтын немесе генотиптік өзгергіштікті екі типке бөледі: комбинативтік және мутациялық өзгергіштік.
Комбинативтік өзгергіштік. Өзгергіштіктің бұл типінде гендер өзгермейді. Гендердің генотипте бір-бірімен үйлесуі фенотипі жаңа ұрпақтарды тудырады. Комбинативтік өзгергіштік жасушаның мейоздық бөлінуінің I профазасында байқалатын хромосомалардың айқа суынан, ұрықтану кезінде гаметалардың кездейсоқ кездесуінен және гомологтік хромосомалардың бір-бірінен тәуелсіз ажырауынан пайда болады.

3. Геномдық мутация
Геномдық мутация дегеніміз – жасупшадағы хромосомалар санының өзгеруіне байланысты болатын озгергіштік. Геном дегеніміздің өзі - гаплоидті хромосомаларда болатын гендердің жиынтығы. Енді осы геномдык мутацияның пайда болу жолын қарастырайык. Хромосомалар санының тұрақтылығын және олардың ұрпақтан-ұрпаққа берілуін камтамасыз етіп отыратын жасушаның бөліну механизмдері — митоз бен мейоз екендігі белгілі. Бірақ кейбір жағдайда бұл механизмдер бұзылады да, хромосомалар жасушадағы екі полюске теңдей ажырамайды. Соның салдарынан хромосома саны өзгерген жасушалар пайда болады. Геномдық мутация хромосома санының гаплоидті жиынтыққа еселеніп немесе еселенбей өзгеруіне байланысты. Егер еселеніп көбейсе, оны полиплоидия, ал еселенбей көбейсе не азайса, анеуплоидия немесе гетероплоидия деп атайды.

ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, мутация деп хромосомалардың немесе гендердің кенеттен өзгеруін айтады. Мутацияның пайда болуы және калыптасуы мутагенез деп аталады. Ал тұқым қуалайтын өзгерістерді тудыратын факторларды мутаген деп атайды. Мутациялық процестің нөтижесінде жаңа касиеттерге ие болған дараларды мутанттар дейді. Мутациялық өзгергіштік тұқым қуалайды. Олардың пайда болуы бірнеше кезеңдерді қамтитын күрделі процесс. "Мутация" деген терминді 1901 жылы Голландия генетигі Гуго де Фриз "Мутациялық теория" деген еңбегінде енгізді.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Жалпы биология Сартаев А., Гильманов М. Алматы «Мектеп» 2006ж
2. Биология, р.Сәтімбеков, Р.Әлімқұлов, Ж.Шілдебаев Алматы, «Мектеп 2007 жыл
3. Жалпы биология Т.Қасымбаева, К. Мұхаметжанов., Алматы «Мектеп» 2006ж