Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының тарихы

Тип: Реферат

Объем: 38 стр.

Полный просмотр работы

Қазақстанның жаңа тарихы

Халықтың бiр бөлiгi Дештi Қыпшақтан бөлiнiп Жетiсудың батыс өңiрiне көшiп келдi (1456). Оны Жәнiбек пен Керей сұлтандар басқарды. Осы оқиға дербес қазақ мемлекетiнiң негiзiн қалады. Моғолстан ханы Есенбұға оларды өзiнiң солт. шекарасын, сондай-ақ, өзiнiң бауыры Темiр ұрпағы Абу Саид қолдап отырған Жүнiстiң шапқыншылығынан батыс шекарасын қорғату үшiн пайдаланбақ болды. Жәнiбек Ақ Орда ханы Барақтың ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы едi. Мырза Мұхамед Хайдар Дулат Қазақ хандығының құрылған уақытын хижраның 870 жылына (1465 — 66) жатқызады. Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458 — 73). Одан кейiн қазақ ханы — Жәнiбек (1473 — 80). Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейiн (1462) ондағы тартыстың күшеюiне байланысты, Жетiсу халқы және Әбiлхайыр хандығынан көшiп келушiлер Керей мен Жәнiбек бастаған қазақ хандығының қуатын арттыра түстi. Керей мен Жәнiбек бастаған қазақтарды қайта бағындыру үшiн әскер жиып аттанған Әбiлхайыр хан жолда кенеттен қайтыс болды (1468).

Хиуа, Қоқан хандары Сырдың төм. ағысы бойындағы, Ырғыз, Торғай, Ембi өзендерiнiң бойындағы қазақтарды билеуге тырысты. Сырдың төм. ағысы бойындағы Жаңадария және Қуаңдария алқаптарын басып алып, әскери бекiнiстер салды. Қазақтардан зекет пен ұшыр жинады. Сыр қазақтары Хиуа, Қоқан езгiсiне қарсы көтерiлдi. Оны әлiм руынан шыққан Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарды. 1843 ж. Жанқожа батырдың жасақтары Қуаңдария бойындағы хиуалықтар қамалын, кейiнiрек Бесқала қамалын талқандады. Сыр қазақтары солт.-батыс жақтан қауiп туғыза бастаған орыстарға да қарсы шықты. 1849 ж. Райым бекiнiсiне Орынбор казак-орыстарының алғашқы 26 отбасы қоныстанды. Олар қазақтарды отырған жерлерiнен ығыстырды. 1853 ж. орыс әскерi Ақмешiттi басып алды. Сөйтiп, Сырдария әскери желiсi пайда болды. Оған Райым бекiнiсiнен Ақмешiтке дейiнгi жерлер кiрдi. Бұл жерлерде отаршылар қатаң тәртiп орнатты. 1857 жылға дейiн үш мың қазақ отбасы жерiнен айрылды. Ресейге қарсы Сыр қазақтарының көтерiлiсi 1856 ж. желтоқсан айында басталды. Көтерiлiс бүкiл Қазалы өңiрiн қамтыды. Казак-орыстардың Солдатская слободасы кентiн жойып, 1856 ж. соңында Жанқожа Қазалы фортын қоршады. Бiрақ, күшi басым дұшпандарынан жеңiлiп, Жанқожа 20 шақты қазақ ауылдарымен Сырдың оң жағалауына, Хиуа хандығының жерiне өтiп кеттi.
1853 — 58 жылдарда Есет Көтiбарұлы бастаған Кiшi жүз қазақтарының көтерiлiсi болды. Көтерiлiстiң шығуына Арал т-нiң бат. жағындағы Үлкен және Кiшi Борсықты, Сам құмын, Сағыз, Жем өз-дерiнiң бойын мекендеген шектi руына түтiн салығын салу, әскери мақсат үшiн күш-көлiк алу, бекiнiс салынуы салдарынан жайылымдықтардың тарылуы себеп болды. 1855 жылғы 8 шiлдеде Есет жасақтары А.Жантөрин сұлтанның лагерiне шабуыл жасап, оны өлтiрдi. Бiрақ қару-жарақ жетiспей, көтерiлiсшiлер шегiнуге мәжбүр болды. Есеттiң қолға түскен 18 сарбазын патша үкiметi Сiбiрге айдап, 3 адамын атты. 1858 ж. қыркүйекте Сам құмында жеңiлген Есет көтерiлiстен бас тартып, үкiметке адал қызмет етуге уәде бердi.
1854 ж. Верный (Алматы) бекiнiсi салынғаннан кейiн, Бат. Сiбiрден Жетiсуға қазақ-орыс әскерлерi мен орыс шаруалары қоныс аудара бастады. Жетiсуда үстемдiк етуден бiржолата айырылу қаупiнен қорыққан Қоқан ханы қазақ, қырғыздарды өз уысында ұстауға бар күшiн салды. Әулиеата, Мерке, Пiшпек (қазiргi Бiшкек), Тоқмақ, т.б. бекiнiстердiң гарнизондарын күшейттi. 1860 ж. күзде Қоқан ханы Верный бекiнiсiне шабуыл жасауға 20 мыңдай әскер жiбердi. Ұзынағаш түбiндегi шайқаста (1860 ж. қазан) Г.Колпаковский бастаған шағын отряд қазақ жасақтарының көмегiмен Қоқан әскерлерiн жеңдi. Ұзынағаштағы жеңiс Жетiсуды Қоқан үстемдiгiнен құтқарғанымен, ендi Ресей империясының езгiсiне салып бердi.

Республика жұртшылығының 1989 ж. ақпандағы митингiсi Невада — Семей халықаралық қозғалысына жол ашты. Оны ақын О.Сүлейменов басқарды. Қысқа мерзiм iшiнде бұл қозғалыс ең ықпалды қоғамдық қозғалысқа айналып, ядр. сынақты тоқтату үшiн әскери өнеркәсiп кешенiмен тегеурiндi күрес жүргiздi. “Невада—Семей” қозғалысының бастамасы мен әлемдегi барлық ядр. қаруға қарсы қозғалыстардың атом қаруын сынауды толық тоқтату жолындағы күш-жiгерiн бiрiктiру мақсатымен 1990 ж. мамырда Алматыда “Дүние жүзiнiң сайлаушылары ядролық қаруға қарсы” деген халықар. конгресс өткiзiлдi. Қазақстан Президентi Н.Ә.Назарбаев 1991 ж. 28 тамызда Семей полигонын жабу туралы өкiмге қол қойды. Осы жылдары Кеңес одағында саяси-экон. жағдай қайта шиеленiстi. 1991 ж. 19 тамызда Төтенше оқиғалар жөнiндегi мемл. к-т (ГКЧП) құрылды. Олар КСРО президентi М.С. Горбачевтi Фороста оқшау ұстады, бұл мемл. төңкерiс жасау әрекетi едi. Бiрақ ГКЧП жеңiлiске ұшырап, оны ұйымдастырушылар тұтқындалды (қ. Тамыз бүлiгi). Оқиға КСРО-ның күйреуiн тездеттi. Бүлiктiң әшкереленуi компартияның таратылуына әкелдi. 7 қыркүйекте Қазақстан компартиясының кезектен тыс съезi болып, партияның таратылатындығы мәлiмделдi. Орнына соц. партия құрылды. 1991 ж. 1 желтоқсанда болған бүкiлхалықтық сайлауда Н.Назарбаев тұңғыш Президент болып сайланды (қ. Қазақстан Республикасының Президентi). 10 желтоқсанда Қазақ КСР-iн Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы шешiм қабылданды. 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстанның мемл. тәуелсiздiгi жарияланды. 1991 ж. желтоқсанда Тәуелсiз мемлекеттер достастығын (ТМД) құру мәселесi қаралды. Алдымен 8 желтоқсанда Минскiде Ресей, Беларусь және Украина басшылары кездесiп (қ. Беловеж нуы), КСРО-ны құру туралы келiсiм (1922) жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келiсiмге қол қойды. 13 желтоқсанда Орт. Азия мен Қазақстан басшылары Ашғабатта бас қосып, “Беловеж келiсiмiн” қолдайтындықтарын мәлiмдедi. 20 желтоқсанда Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызия, Молдова, Ресей, Тәжiкстан, Түрiкменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда кездесiп, 21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келiсiм хаттамасына қол қойды (1991). Қазақстанда осыдан кейiн егемен мемл. дамудың қарқынды жолына түстi. Бiртұтас Қазақстан азаматтығы, тәуелсiз экон. жүйе, қаржы-кредит, салық және кеден мәселелерi, ҚР-ның мемл. рәмiздерi белгiлендi. 1992 ж. 4 маусымда мемл. жалау, елтаңба (герб), 11 желтоқсанда елұран (гимн) мәтiнi бекiтiлдi. 1992 ж. 2 наурызда Қазақстан БҰҰ-на мүше болып қабылданды. Осы жылы 29 қыркүйекте Алматы қ-нда Дүниежүзi қазақтарының құрылтайы ашылды.