Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 45 стр.

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасының төлем балансы

Мазмұны
Кіріспе 3
1 Төлем балансының ұғымы және оның маңыздылығы 6
1.1 Төлем балансы мен ақша несие және валюталық операциялардың мәні мен құрылымы 6
1.2 Төлем балансының есеп айырысу және ақша-несие, валюталық операция әдістері 8
1.3 Шетел төлем балансы мен ақша-несие және валюталық операциялардың жүргізілу тәртібі 12
2 Төлем балансының ақша-несие және валюталық операцияларына талдау 22
2.1 ҚР төлем балансының экономикадағы алатын орыны 22
2.2 Ақша-несие және валюталық операциялардың орындалуын-дағы заңнамалық негіздер 24
2.3 2005-2007 жылдардағы төлем балансының ақша-несие және валюталық операцияларына талдау жасау 26
3 Төлем балансының ақша-несие және валюталық операцияларында кездесетін мәселелер және оларды шешу жолдары 31
3.1 Төлем балансының ақша-несие және валюталық операцияларын жүргізуде кездесетін өзекті мәселелер 31
3.2 Төлем балансының ақша-несие және валюталық операцияларындағы кездесетін өзекті мәселелерді шешу жолдары 35
Қорытынды 40
Пайдаланылған әдебиеттер 43
Қосымша 45

Кіріспе
Төлем балансы - елдің белгілі бір уақыт ішінде шетелге шығарғандарынан түскен түсімдері мен сырттан әкелінген тауарлары мен қызметтер үшін төленген төлемдер арасындағы шекті қатынасы.
Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша массасын несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгерту жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субьектісі – Ұлттық банк болып табылады. Ал, ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу обьектісі экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.
Қаржы секторын дамыту оның ішінде ақша-несие жүргізуде тұжырымдамасына сәйкес ағымдағы жылы ақша-несие режимді ырықтандырудың екінші кезеңі (2004-2007 жылдар) іске асыру басталады, оның мақсаты валюталық операциялар жүргізуге шекттеулерді жою және ағымдағы сияқты. Күрделі операциялар сияқты 2007 жылдан бастап Қазақстан теңгесінің толықтай айырбасталуына өту үшін жағдайлар жасау болып табылады.

Курстық жұмысымның құрылымында келесі мәселелер қарастырылады, бірінші бөлімінде:
- Төлем балансының ақша-несие және валюталық операцияларының маңыздылығы;
- Төлем балансының ақша-несие және валюталық операцияларының орындалуындағы заңдылықтар;
- Қазақстан Республикасының төлем балансы;
- Төлем балансының ақша-несие және валюталық операцияларының талдау нәтижелері
Шетел төлем балансы мен ақша-несие және валюталық операцияларының жүргізілу ерекшеліктері.
Сонымен қатар төлем балансының ақша-несие және валюталық операцияларының орындалуындағы немесе жүзеге асырылуындағы кездесетін мәселелер және оларды шешу, жетілдіру жолдарын қарастырамын.
Осы міндеттердің мәні мен мазмұның аша отырып, оған байланысты жазылып жүрген мәселелер мен мәліметтерді пайдаланып, өзімнің жұмысыма қолданамын.

1 Төлем балансының ұғымы және оның маңыздылығы
1.1 Төлем балансы мен ақша несие және валюталық операциялардың мәні мен құрылымы
Қазақстан Ұлттық банк мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты – ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталырына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді қамтамсыз етуді көздейді.
Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша массасын несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгерту жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субьектісі – Ұлттық банк болып табылады. [Қосымша А] Ал, ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу обьектісі экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады. Шаруашылық конъюктурасының жағдайына байланысты ақша-несие саясаты екі типі болады:

1.2 Төлем балансының есеп айырысу және ақша-несие, валюталық операция әдістері
Экономикалық қатынастардағы барлық операциялар мынадай: қосымша тәуекелдермен байланысты:
- шетелдік сатып алушылардың тауарды тасымалдау кезіндегі
барысындағы уақыт тәуекелі. Мысалға алғанда егер сатып алушы
тауарды алғанға дейін төлемесе, онда ақшасын күткен жабдықтаушы үшін, төлейтін уақыт, ұзақ мерзімге созылуы мүмкін;
- басқа елдің заңын, ережелері мен дәстүрін жете білмеуі. Шынында да экспортер шетелдік клиенттің бизнес дәстүрі мен әдіс-тәсілін толық түсінбейтіндігін мойындап, одан келісім-шартқа сай төлемді уақытында алатынына сенімсіз болуы мүмкін;
- өз елінде экспорттық және импорттық сауданы шектеуге байланысты үкіметтің іс-әрекеті. Басқаша айтқанда, экспортердың шетелдік сатып алушы-сының төлемінің кешігуіне немесе тыйым салуына әкеліп соғатын, валюталық реттеуге байланысты қаулы енгізілуі мүмкін;

1.3 Шетел төлем балансы мен ақша-несие және валюталық операциялардың жүргізілу тәртібі
Валюталық бағам дүниежүзілік валюта жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып саналады. Тауарлармен, қызметтермен саудаласқанда, ка-питалдар мен несиелердің қозғалысы кезінде, дүниежүзілік және ұлттық нарықтардың бағаларын, сонымен бірге әр алуан елдердің ұлттық немесе шетелдік валюталарға шаққандағы құндық көрсеткіштерді салыстырған уақытта, фирамалардың және банктердің есепшоттарын шетел валютасымен қайта бағалаған кезде валюталарды өзара айырбастау үшін валюталық бағам аса қажет. Валюталық бағам - шетелдің ақша бірлігіне шаққандағы бір елдің ақша бірлігінің бағасы. Сол бойынша экспорттаушы саудадан түскен шетел валютасын ұлттық валютаға алмастырады. Басқа елдің валюталары сол мемлекеттің аумағында заңды және төлем құралы ретінде қолданылмайды. Өзге елден сатып алынған тауарға төлеу үшін импорттаушы ұлттық ақшаны шетел валютасына алмастырады. Берешектерін өтеуді және сыртқы заемдар бойынша проценттерді төлеуді мақсат еткен борышқор шетел валютасын ұлттық ақшаға айырбастайды. Сырттай қарағанда валюталық курс айырбасқа қатысушылар үшін валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы мен айқындалатын бір валютаны екіншіге қайта есептеу коэффициенті болып табылады. Дегенмен, тауарларға, қызмет көрсетуге, инвестицияларға белгіленген бағалардың орташа ұлттық деңгейін көрсететін сатып алу қабілеттілігі валюталық бағамның құндық негізі болып есептеледі. Тауар өндірушілер мен сатып алушылар валюталық бағамның көмегімен ұлттық бағаларды өзге елдердің бағаларымен салыстырады. Сондай салыстырудың нәтижесінде сол елде қандай да бір өндірісті немесе сырт жерде инвестицияны дамытудың тиімділік дәрежесі айқындалады.
Капиталдардың халықаралық қозғалысының шұғыл көбеюіне байланысты валюталық бағамға тауарларға және қаржы активтеріне қатынасына қарай валютаның сатыпалуға қабілеттілігі әсер етеді.
Валюталық бағам мынадай факторлардың ықпалымен қалыптасады:

2 Төлем балансының ақша-несие және валюталық операцияларына талдау
2.1 ҚР төлем балансының экономикадағы алатын орыны
Төлем балансы - елдің белгілі бір уақыт ішінде шетелге шығарғандарынан түскен түсімдері мен сырттан әкелінетің тауарлары мен қызметтер үшін төленген төлемдер арасындагы шекті қатынасы.Еліміздегі төлем балансы мынадай бөлімдерді қамтиды:

2.2 Ақша-несие және валюталық операциялардың орындалуын-дағы заңнамалық негіздер
Заңға сәйкес туындайтын қаржы құралдарының барлық активтеріне қатысты құқықтар мен міндеттемелерді жүзеге асырады. Резидент жеке тұлғалар коммерциялық банктерде шоттар ашады.
Жеке тұлға жылжымайтын мүлікке меншік құқығын сатып алуға байланысты ақша төлемдерін және аударымдарын жүргізетін кезде жеке тұлғаға Ұлттық Банкке валюта операцияларын жүргізу туралы хабарлау қажет емес. Жеке тұлғаның көрсетілген ақша төлемдері және аударымдары туралы сәйкес уәкілетті органдарға хабарлайды. Резидент өз операциялары туралы хабарламаны қосымшаның 1,3 бөлімдерін толтыра отырып, осы ережеде белгіленген нысан бойынша Ұлттық Банкке ұсынады. Резиден хабарламада барлық қажетті ақпарат болған кезде осы ережедегі нысан бойынша белгіленген үлгідегі хабарлама туралы куәлікті алады.

2.3 2005-2007 жылдардағы төлем балансының ақша-несие және валюталық операцияларына талдау жасау
2004 жыл ішінде энергия тасымалдағыштарға бағаның серпінді өсуі мен әлемдік экономиканың жоғары өсу қарқынының сақталуы төлем балансындағы ахуалдың айтарлықтай жақсаруын және Қазақстанның сыртқы позициясының одан әрі күшеюін айқындайтын факторлар болды.
2004 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша республикаға валюталық түсімнің негізгі көздерінің бірі болып табылатын тауар экспорты 14 млрд. АҚШ долларынан асып кетті. Бұл өткен жылғы осындай кезеңдегімен салыстырғанда бір жарым есе көп. Тауар экспортының рекордтық көрсеткіштері резиденттердің ағымдағы операциялар бойынша жоғары қарқынмен өсіп отырған шығыстарын толық өтеді және тұтастай алғанда ағымдағы операциялар шоты бойынша оң балансты қамтамасыз етті. 2004-жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ағымдағы операциялардың оң сальдосы 232 млн. АҚШ долларынан астам болды.

3 Төлем балансының ақша-несие және валюталық операцияларында кездесетін мәселелер және оларды шешу жолдары
3.1 Төлем балансының ақша-несие және валюталық операцияларын жүргізуде кездесетін өзекті мәселелер
Ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығына жету, инфляциялық тежеу, қалыпты колма-қол ақша айналымын ұйымдастыру, елдің банк жүйесінің кызметін жақсарту, экономикалық өсімді қамтамасыз ету әрқашанда валюта саясатындағы басым бағыттар болды. Республика экономикасында жүргізілген реформалардың барысында Ұлттық банктің міндеттері алмасып, кеңейіп, құрамында валюта қатынасы да бар ақша-несие саласын реттеу әдістері мен тетіктері жетілді.

3.2 Төлем балансының ақша-несие және валюталық операцияларындағы кездесетін өзекті мәселелерді шешу жолдары
Бүгінгі күні Қазакстан экономикасы қос секторлы үлгі тәрізді жұмыс істейді. Бірінші секторда экспорттың төмен үлесіне ие кәсіпорындар, олар ішкі ресурстардың есебінен дамиды. Екінші секторға шет ел компанияларының меншігіндегі өндіруші салалардың зкспортқа бағдарланған кәсіпорындары жатады. Мұнда тікелей шетел инвестиция ағынының келуі табиғи. Өтпелі кезеңде бас тарту мүмкін емес. Экспорттық салалар таза өнімнің, ұлттық табыстың негізгі көздерімен алда келеді. Тікелей шетел инвестициянын, болмауы немесе кідірісі келешекте экономиканың да бір мезгілде жағымсыз әсеретуі мүмкін. Рецидент елдердің экономикалық тікелей шетел инвестициясына негіздеу - ішкі қорланымның болмауынан айрықша мәжбүрліктен туған шара. Осы арада ғаламдандырудың жетекшілері - шеткері аймақтар мен елдердің экономикалық мүдделерінің қарама-қайшылығы айқын көрінеді. Рецидент елдердегі тапшылық кезінде шетел капиталы ұтып, қабылдаушы жақтар барлық кезде пайдалы бола бермейтін жобаларды колдануға мәжбүр болады.

Қорытынды
Өтпелі экономикалы дамушы мемлекеттер мен елдердің қаржы банк жүйелері дағдарыстарының зардаптарын талдау осы елдер тобының экономикасына капитал қозғалысын ырықтандандыру мен ғаламдастырудың қарама-қайшы ықпалын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Бір жағынан, ішкі дамыту және халықаралық еңбек бөлісіне қатысуды активтендіру мүддесіне осы үдерісті пайдалану перспективасын ырықтандыру сол елдерге ашып береді. Екінші жағынан, осы мүмкіндікті жүзеге асыру оңтайлы ішкі макро жөне микроэкономикалық саясатты аймақтың және ғаламдық беталыстармен үйлестіру дәрежесіне, бұл жалпы қиын сыртқы осалдықты азайтуға шаралар қабылдауға, жұмылғыштығы жоғары және алыпсатарлық капиталдың жаппай ауыстырылуына тәуелді. Қарсы жағдайда сыртқы әлеммен өзара әрекетті кеңейту тұрақсыздықты күшейтудің, банктік валюта қаржылық борышқорлық дағдарыстың пайда болуының салмақты фактылары бола алады. Алайда реттеудің оңтайлы жүйесін құру, тежеу және қарсы салмақтың тізбекті саясатын жүргізу қатердің әсерінең аз шамаға дейін төмендетуге, елден капиталдың жылыстауының елеулі көбеюіне, валюта рыногінің тұрақсыздануына жол бермеуге мүмкіндік туғызады. Біздің ойымызша, осы салада реформаны одан әрі тежеу үлкен қауіп туғызады.