Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Жаратылыстану ғылымдары

Тип: Реферат

Объем: 13 стр.

Полный просмотр работы

Ақындар айтысы

Қазақтың ауыз әдебиетінде айтыстың бірнеше түрі бар:
1. Бәдік;
2. Жар-жар;
3. Жануарлар мен адамның айтысы;
4. Өлі мен тірінің айтысы;
5. Жұмбақ айтысы;
6. Салт айтысы – қыз бен жігіттің айтысы; ақындар айтысы;
7. Осы күнгі айтыстар.
Бұл айтыстардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі және өзіндік мәні бар.
Бәдік айтысы. Айтыстың бұл түрі – айтыс жырларының көне түрі. Ол адамның табиғаттың жұмбақ сырына түсінбеген кезінде, шаманизм дін нанымына байланысты туған. Адам өзі танып-білмеген күштердің бәріне табынған, солардың бәрінің өз иесі бар деп білген, жақсылық, жамандық атаулының бәрінің өз тәңірісі бар деп ұққан. Соларға құлшылық етіп жалбарынған, солардан медет тілеген.

Жануарлар мен адамның айтысы. Төрт түлік халық ауыз әдебиетінде ерекше орын алады. Онда жануарлар мен адамның айтысы да кездеседі. Мысал үшін иесі мен сиырының айтысын алайық.

Жұмбақ айтысы. Айтыстардың ішінде ерекше орын алатын түрі – жұмбақ айтысы. Жұмбақ айтысы халықтың өмір, табиғат құбылысын білсем деген арман-тілегінің елесі. Алуан өмір құбылыстарын түсіну, білу, білмегендерді соған жетектеу, әсіресе жастардың ойсанасын кеңейту тілегінен туады.

ОСЫ КҮНГІ АЙТЫСТАР
Кейінгі жылдардағы айтыстардың көпшілігінде бірсыпыра әлеуметтік мәселелер қозғалып, кейбір келеңсіз жайлардың сыналып ашық айтылуы бұл өнер түрінің халыққа берер тәлім-тәрбиелік мәні орасан зор екенін айқын сипаттайды. Айтулы оқиғаларға байланысты – Қазақстанның 60 жылдығына арналған, Кенен Әзірбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай өткізілген, Абайдың, Жамбылға 150 жылдығы арналып өткен республикалық айтыстардың орны бөлек болды. Мұнда өз өнерімен халықты риза қылған Қызылордалық Манап, Семейлік Қалихан, Көкшетаулық Көкен секілді жүйріктер ерекше танылып, халық көкейінен шыға білді. Сонымен бірге, енді ғана қанат жайып келе жатқан, тапқыр ой, тартымды сөздерімен көрінген талапкер жігіттер мен қыздарымыз белгілі бола бастады.

Бүгінде халықтың қалың ортасынан жарып шыққан, ел мен жердің тарихын, қадір-қасиетін терең ұғынып, жүрегіне тоқи білген талантты, дарынды жастарды танып, тауып тәрбиелеу ісі маңызды мәселелердің біріне айналуда.
Айтыс өнері – бүгінгі рухани мәдениетіміздің ажырамас бір бөлігі. Бұл өнер – ұрпақтан-ұрпаққа, буыннан-буынға ауысып өрісі ұлғайып ілгерлеп дами береді.
Нағыз айтыс ақынына тән қасиеттерді жинақтап төмендегідей үлгіде көрсетуге болады.