Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 56 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Құқықтық мемлекет


Жоспар
Кіріспе 3
І. Құқықтық мемлекеттің жалпы сипатары 6
1.1 Құқықтық мемлекеттің пайда болуы және дамуы туралы идеялар 6
1.2 Мемлекеттердің құқыққа қатысты жіктелуі 28
1.3 Құқықтық мемлекеттің ерекшеліктері 31
ІІ. Құқықтық мемлекеттің белгілері 40
ІІІ. Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекеттің құрылуы 48
Қорытынды 54
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 56

КІРІСПЕ
Мемлекеттік өз жұмысын заң негізінде іске асыратын ұйым ретіндегі ойлар адам баласының өркениетті дамуындағы алғашқы кезеңдерінде пайда бола бастаған. Жетілген және қоғам өмірінің адал нысандарын іздеу құқықтық мемлекет идеяларымен жалғанған. Ертедегі ғалымдар (Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Полибий, Цицерон) құқық пен мемлекеттік билік арасындағы қарым-қатынасты көрсетуге талаптанғандағы мақсаттары – сол дәуірдегі қоғамды қамтамасыз ететін қатынастарды болжау болатын.

І. Құқықтық мемлекеттің жалпы сипатары
1.1 Құқықтық мемлекеттің пайда болуы және дамуы туралы идеялар
Мемлекеттік өз жұмысын заң негізінде іске асыратын ұйым ретіндегі ойлар адам баласының өркениетті дамуындағы алғашқы кезеңдерінде пайда бола бастаған. Жетілген және қоғам өмірінің адал нысандарын іздеу құқықтық мемлекет идеяларымен жалғанған. Ертедегі ғалымдар (Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Полибий, Цицерон) құқық пен мемлекеттік билік арасындағы қарым-қатынасты көрсетуге талаптанғандағы мақсаттары – сол дәуірдегі қоғамды қамтамасыз ететін қатынастарды болжау болатын.
Қазіргі құқықтық мемлекеттің ерекше теориялық тұжырымдама және тиісті практика ретінде – ұзақ және сабақ болардың тарихы бар.

1.2 Мемлекеттердің құқыққа қатысты жіктелуі
Бұрын болған және қазіргі көптеген мемлекеттерді тану үшін оларды түрлі негіздер бойынша жіктейді. Солардың ішіндегі ерекше түрі этатикалық және құқықтық мемлекеттерге жіктеу. Оның негізі мемлекеттің құқыққа қатысынан, сонымен қатар қоғамды мемлекеттік басқарудағы пайдаланылатын нысандар мен әдістер жүйесіндегі құқықтың алатын орнынан тұрады.
Этатикалық мемлекеттер өздерінің қызметтеріндегі міндетті түрде орындауға есептелген қатаң және императивті өнімнің басымдылығымен есептеледі. Сонымен бірге аталмыш субьектілердің бостандығы мен дербестігі, мемлекетке қатысты автономдығы барынша шектелген.

1.3 Құқықтық мемлекеттің ерекшеліктері
Құқықтық мемлекет – көп өлшемді даму үстіндегі құбылыс.
Құқықтық мемлекет – көп өлшемді даму үстіндегі құбылыс. Қоғамдық прогрессте ол жаңа қасиеттерді бойына жинайды. Қоғамның дамуындағы белгілі жағдайлардың деңгейіне сай келетін жаңа мазмұндармен толығады.
Құқықтық мемлекет – бұл мемлекеттік билік қызметінің ұйымдасу нысаны, ол құқық нормаларының қарым-қатынастарымен бірге құрылады. Құқық алдыңғы рөлді тек сол кезде ғана атқарады, егер ол көпшіліктің және жеке адамдардың бостандық мөлшеріне сай болса, қызметтегі заңдар шын мәнісінде, халықтың және мемлекеттің мүдделеріне қызмет етсе, оларды пайдалану шындықтың іске асқандығы. Өткендегі тәжірибеге көңіл аударсақ, тоталитарлық мемлекеттерде құқықтық актілер үзілмей шығарылып тұрды, оларды іске асырудағы қаталдық қамтамасыз етілді, бірақ, мұндай құқықтық реттеу, құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаларына қарсы болды.

ІІ. Құқықтық мемлекеттің белгілері
Азаматтық қоғамның негізгі бағалылығы, айтылып өткендей – адам және оның құқығы, ал оны саяси іске асырушы – мемлекет. Ондай миссияны орындау кез келген мемлекеттің қолынан келмейді, тек принципі мен қызметі құқыққа сай келген, құқық үстемдік құратын мемлекеттің қолынан келеді. Ондай мемлекетті жалпы түрде, құқықтық мемлекет деп атайды.
Мемлекет пен құқықтың келіскен әрекеттестігін іздеу моделі, құқықты саяси биліктің негізін іске асыратын құрал ретінде тануы, ерте заманнан басталады. Соған сай идеялардың бастамасы ертедегі қытайлардың Легистерінде (Шан Ян – ІV ғ. б.э. дейінгі) заңды ғана сараптаған, құқықты мемлекеттің мәжбүрлеуінің нысаны ретінде емес, тек билікке оны орындаудың міндеттілігі ескертіледі.

ІІІ. Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекеттің құрылуы
Кеңестік Социалистік Республикалар одағы ыдырап, жойылуы нәтижесінде қазақ кеңестік Социалистік Республикасы (КазКСР-і ) дербес, егемен мемлекет болды. 1991 жылы тәуелсіздік жарияланған кезден бастап бес жыл ішінде Қазақстанда мемлекеттіліктің негізгі атрибуттарын қалыптастыру процесі жүргізілді.
Қазақстан Республикасының егемендігімен тәуелсіздігінің қалыптасуы – жай процесс емес деп жазды Г.Ганиев,- әрбір мемлекет басқа мемлекеттің егемендігін силауға, өзінің жеке аумағы шектерінде заң шығаруы, атқарушылық, әкімшілік және сот биліктерін жүзеге асыру құқығын сыйлауға міндетті.
Бұл 1970 жылы 28 қазанда қабылданған БҰҰ жарғысына сай мемлекеттер арасындағы достық қатынас пен ынтымақтастыққа қатысты халықаралық құқық қағидалары декларацияда өрбиді.

Қорытынды
Қорыта келе құқықтық мемлекет деген түсінік анықтамасы мен мәніне қайта тоқталып өткен жоқ.
Сонымен, құқықтық мемлекет – көпшілік саяси биліктік құқықтың нысанындағы құрылған қызметті, заңның жоғарлығына негізделген қоғамның жан-жақты заңға бағынышты актілерге қатысты нормативтік – құқықтық актілердің түрлері ретіндегі заң басымдығы мен ғана емес, қолданылып жүрген заңдар мен қоғам мүшелеріне бекілген құқықтар мен бостандықтың кен аясымен сипатталады. Құқықтық мемлекетте адам құқығын қандай болмасын шектеуге жол берілмейді.