Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық негізгі

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 24 стр.

Полный просмотр работы

Еңбек құқығының негіздері

ЖОСПАР
1 ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ 3
1.1. Еңбектік құқық қатынастары 3
1.2. Енбек шарттарының құқықтық реттелуі 5
1.3. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты 10
1.4. Жеке еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігі 13
1.5. Жалақы төлеу 15
1.6. Қызметкерлерді көтермелеу және жазалау шаралары 16
1.7. Еңбекті қорғау 17
1.8. Еңбек даулары 18
1.9. Әлеуметтік қамсыздандырудың құқықтық негіздері 20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 24

1 ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Еңбектік құқық қатынастары
Еңбек құқығы - еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Бұл қатынастар тараптардың әдетте жеке және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар және ҚР Конституциясына негізделген еңбек туралы заңдарымен реттеледі. Ең негізгісі 1999 жылдың 10 желтоқсанында қабылданған "Қазақстан Республикасының еңбек туралы" Заңы болып табылады.
Еңбек туралы нормативтік-құқықтық кесімдердің сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен Ережеге сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі) мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.

1.2. Енбек шарттарының құқықтық реттелуі
Қызметкерлер мен жұмыс берушілердің әлеуметтік-экономикалық мүдделерін реттеу үшін шарттық негіздер қолданылады. Негізгілері: келісімдер мен еңбек шарттары.
Келісімдерге Республикалық Бас келісімді атуға болады немесе әлеуметтік серіктестік - үштіктің: Үкімет, Кәсіподақтар және Жұмыс берушілер арасындағы келісім жатады.

13) Басқа жұмыстарға (21 бап, осы баптың 5 тармақшасы) ауысудан бас тартқан жағдайда.
14) Бұрын осы жұмысты орындап келген қызметкер сот шешімімен жұмысына қайта алынған жағдайда оңын орнына алынған қызметкермен еңбек шарты бұзылады.

Нормативтік құқықтық кесімдерде көзделген жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органдардың талап етуі бойынша, жұмыс беруші қызметкерді өз құзыреті шегінде, сол органдар жасаған қаулылар мен шешімдер негізінде жұмыстан шеттетуге тиіс. Мысалы, жол кауіпсіздігі ережесін бұзғаны үшін, белгілі бір уақытқа сот шешімімен фирма автомобиль жүргізушісінің транспортты жүргізу куәлігінен айырады. Сонымен қатар жұмыс беруші:

1.3. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты
Жұмыс уақыты деп еңбек шартына сәйкес, заңмен белгіленген тиісті жұмыс уақытын айтады. Оның қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс. Он төрт жастан он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін - аптасына 24 сағаттан, он алтыдан он сегіз жасқа дейін - аптасына 36 сағаттан, ал ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін - аптасына 36 сағаттан аспайтын, қысқартылған жұмыс күні белгіленеді.

1.4. Жеке еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігі
Жеке еңбек шартындағы басқа тарапқа материалдық зиян келтірген тарап оны сот шешімі негізінде, не ерікті түрде төлейді. Материалдық жауапкершілік жеке еңбек шартында арнайы нақтылануы тиіс.
Егер қызметкер өзінің еңбек міндеттерін атқаруына байланысты жұмыс берушінің кінәсынан жарақат алса немесе денсаулығына өзге де зиян келіп, соның салдарынан ол еңбек қабілетін толық немесе ішінара жоғалтса, жұмыс беруші оған келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық кесімдерінде көзделген тәртіп пен жағдайларда өтеуге міндетті. Мысалы:

Осы нормативтік кесімдерде, атап айтқанда, бір мерзімдік жәрдемақы төлеу тәртібі мен мөлшері, сондай-ақ денсаулығы бұзылған немесе қайтыс болған қызметкерге келтірілген зардаптың орнын толтыру көзделген.
Қызметкерлердің толық материалдың жауаптылық жағдайлары:
қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жазбаша шарт бойынша қызметкерге берілген мүлік пен басқа да құндылықтың сақталуын қамтамасыз ету үшін өзіне толық жауапкершілікке алуы;

1.5. Жалақы төлеу
Жұмыс беруші еңбек мәселелері жөніндегі құқықтық-нормативтік кесімдерге, жеке еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге міндетті және бүл ақы мерзімдік, келісімді түрде немесе. еңбекке ақы төлеудің өзге де жүйелері бойынша іске асырылады. Қызметкердің жалақысы орындалатын жұмыстың саны мен сапасына, күрделілігіне қарай белгіленеді.
Жалақының мөлшерін жұмыс беруші дербес белгілейді және ол ҚР заңдарында белгіленген ең төменгі төлеудің төмендегі қағидалары бойынша жүзеге асырылады:

1.6. Қызметкерлерді көтермелеу және жазалау шаралары
Жұмыс беруші қызметкерге енбектегі табыстары үшін көтермелеудің әр алуан түрлерін қолдануға құқылы. Көтермелеудің түрлері мен тәртібі жеке еңбек, ұжымдық шарттармен және жұмыс берушінің актілерімен белгіленеді.
Еңбек тәртібін бұзғаны үшін, яғни қызметкердің кінәсінен оған жүктелген еңбек міндеттерінің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін жұмыс беруші тәртіптік жазалардың мынандай түрлерін қолдануға қуқылы:

1.7. Еңбекті қорғау
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұлттық саясаттың еңбек саласындағы басты бағыттарының бірі болып табылады. Енбекті қорғау қайғылы жағдайлардан және өндірісте жарақат алудан алдын ала сақтандыруға, қауіпті және залалды өндірістік факторларды мейлінше азайтуға бағытталған басты принциптер, меншік нысандарына қарамастан, шаруашылық кызметі мен кәсіпорындардың бәріне бірдей белгіленген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы "Еңбек қоғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңында айқындалған.

1.8. Еңбек даулары
Еңбек даулары тараптардың келісімі бойынша немесе сот тәртібімен қаралады. Сотқа дейін еңбек дауларын келісім комиссиясы қарай алады. Ол комиссия тараптардың бірлескен шешімі бойынша жұмыс берушілер мен қызметкерлердің саны тең өкілдерінен тепе-тең негізде құрылып, қызметкерлердің өкілдері ұйымның жалпы жиналысында сайланып, жұмыс берушінің өкілдерін ұйым басшысы тағайындайды.

1.9. Әлеуметтік қамсыздандырудың құқықтық негіздері
Конституцияның 28-бабында "Қазақстан Республикасының азаматына жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айрылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшеріне, әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі.

Мысалы, Орталықтан жасына байланысты толық зейнетақы төлемдері қазіргі кезде еркектер - 63 жасқа, әйелдер 58 жасқа толғанда тағайындалады, бірақ олардың еңбек стажы 1998 жылдың 1 қаңтарында еркектерде - 25, әйелдерде 20 жыл болуы тиіс.
Зейнетақымен қамсыздандырудың басты принциптері:

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Административное право. Оқулык, жауапты редак¬торы А. А. Таранов. Алматы, 1998 ж.
2. Ағыбаев А. Қылмыстық құқық. Окулық. Жалпы бөлім. Алматы, 2001 ж.
3. Алауханов Е. Қылмыстык кұкық. Оку кұралы. Ерекше бөлім. Алматы, 2001 ж.
4. Айымханова Н. Қазакстан Республикасының еңбек құқығы. Оқу құралы. Алматы, 2002 ж. .
5. Баққұлов С. Құкык негіздері. Оку құралы. ҚазМСҚА. Алматы. 2001 ж.
6. Байжанов Н. Неке және отбасы. Алматы, 1997 ж.
7. Жамбылова P. Заң терминдерінін казақша-орысша, орысша-казакша аныктамалык сөздігі. Алматы, 2001 ж.
8. Найманбаев С. Салықтык құкық. Оқу күралы. Алматы, 1996 ж.
9. Сапарғалиев F., Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Оку кұралы. Алматы, 1997 ж.
10. Сапарғалиев F. Зан терминдерінін түсіндірме сөздігі. Алматы, 1995 ж.
11. Сапарғалиев F. Қазақстан Республикасының Конституциялық құкығы. Оқулық. Алматы, 1997 ж.
12. Төлеуғалиев F. Қазакстан Республикасының азаматтық күкығы. Окулық. Алматы, 2001 ж.
13. Худяков А. И. Финансовое право Республики Казахстан. Алматы, 2001 ж.
14. Хаджиев А. X. Земельное право Республики Казахстан. Алматы, 2001 ж.
15. Шайбеков К. Трудовое право Республики Казахстан. Алматы, 1996 ж.