Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарихы

Тип: Реферат

Объем: 5 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Ұлы отан соғысы жылдарындағы Қазақстан

Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің, біздің әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын күллі әлемге танытқан қасиетті соғыс болса, Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың сол ұлы ерлігін мәңгілік ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке.
Осыдан 65 жыл бұрын дүние жүзі тарихындағы ең сұрапыл да қырғынды соғыс аяқталды. 1945ж. 9-мамырда Герман милитаризмі жеңілгенін ресми түрде жариялады.

Қазақстандық әр бір отбасы соғыс ауыртпалығын өз басынан өткерді. Егер соғыс алдында Қазақстанда 6 млн. 200 мың адам тұрса, соғыс жылдары майданға бүкіл халықтың төрттен бірі аттанды. Бұл 1 млн. 700 мың қазақстандық. Олардың жартысынан астамы соғыстан оралмады.
Қазақстандық құрамалардың жауынгерлік жолы 1941 жылғы қаһарлы шақта Мәскеу түбінен басталып, 1945ж.көктемде Берлинде аяқталды. Олар Ленинградты қорғады, Сталинград түбінде, Курск иінінде шайқасты. Украинаны, Беларусияны, Молдаваны, Балтық елдерін азат етті, Еуропа халықтарын да фашистік езгіден құтқарды.

Экономиканы соғыс жағдайына көшіруде және майдан тапсырмаларын орындаудағы табыстарға ерен күш - жігер мен жанқиярлық еңбектің арқасында қол жетті. Алайда, таңдаулы ұлдары майданға аттанған республикада жұмыс қолы жетіспеді. Сол кезде олардың аналары мен қарындастары станоктарға тұрып, тракторларға отырды.
1941 ж. маусымнан қарашаға дейін Қазақстанға зауыттар мен ондаған мың жүмысшылар және олардың отбасылары, майдан шебінде қалған өлкелер мен облыстардың халықтары эвакуацияланды, олар қазақстандықтармен бірге майданның қуатты арсеналын қалыптастырды.