Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктегі бухгалтерлік есеп

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 28 стр.

Полный просмотр работы

Қаржылық есеп беру тұжырымдамасы

Жоспар
1 Қаржылық есеп беру тұжырымдамасы 3
1.1 Мақсаттары, сапалық сипаттамалары және рұқсат ету 3
1.2 Қаржылық есеп беру элементтері және олардың түрлері 7
1.2.1 Қаржылық жағдай туралы есеп беру (баланс) 9
1.2.2 Қаржылық нәтиже туралы есеп беру 14
1.2.3 Ақша қозғалысы туралы есеп беру 20
Әдебиеттер 28

1 Қаржылық есеп беру тұжырымдамасы
1.1 Мақсаттары, сапалық сипаттамалары және рұқсат ету
Банктің қаржылық есептілігі - пайдаланушыға бухгалтерлік есепте жинақталған, өңделген банк қызметі жөніндегі экономикалық ақпаратты мерзімдік ұсынудың маңызды әдісі. Ол шаруашылық субъектісі және халық тарапынан, әсіресе Орталық банктің несиелік - қаржылық жүйеге сенімін қолдауы керек.
Қаржылық есеп беруге дайындық қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына негізделіп жүргізілуі тиіс. Олар қаржылық есеп берудің дайындалуы мен ұсынылуы негізінде алынған қағидаларды анықтайды. Принциптілік қаржылық есептің сапалы сипаты мен элементтері, сондай-ақ тұжырымдамалар мен капиталды қолдау принциптері қаржылық есептің негізгі міндетіне тікелей қатынаса алады.
Қаржы есебі келесі қағидалар арқылы жүргізіледі:

1.2 Қаржылық есеп беру элементтері және олардың түрлері
Қаржылық есеп беру (отчетность) банктің қаржылық жағдайын бағалауға тікелей қатысы бар келесі элементтерден тұрады:
- активтер - бұл жасалған әрекет нәтижесінде пайда болған және келешекте компания экономикалық пайда алуды жоспарлаған әрекеттерінің нәтижесінде қалыптасқан компанияның бақылауындағы ресурстар;

1.2.1 Қаржылық жағдай туралы есеп беру (баланс)
Ол бухгалтерлер жасайтын орталық есеп берудің бірі болып табылады. Бір жағынан активтерді, ал екінші жағынан пассивтерді бейнелейтін, белгілі бір уақыт мерзіміндегі банк жағдайын көрсететін оны субъектінің фотосуреті деп қарауға болады. Банктің бухгалтерлік балансы - қаржылық есеп берудің басты нысаны (формасы). Баланстық есеп беру (бухгалтерлік баланс) банкті меншікті капиталдар мең міндеттемелер көзіне тең активтер ресурстарын ұстаушы ретіңде көрсетеді (1-қосымша).

Сөйтіп, бухгалтерлік баланс банктің қаржылық жағдайын көрсетеді. Ол банктің қаржылық жағдайын айқындайды және оған барлық капиталды қарсы қояды. Оны келесі теңдеу арқылы көрсетуге болады:
Экономикалық ресурстар = Пайда болу көздері (1)
Экономикалық ресурстар бұл - активтер, ал пайда болу көздері меншікті және қарызға алынған болып бөлінеді және баланста жеке капитал мен міндеттеме ретінде бейнеленеді, сондықтан келесі теңдеу шығады:
Активтер = Меншікті капитал + Міндеттеме (2)
Батыс ғалымдарының тұжырымдарына сәйкес кез келген активтің үш түрлі маңызды сипаттамасы бар:

1.2.2 Қаржылық нәтиже туралы есеп беру
Бұл есеп беру банк қызметтерін талдауға көмектеседі, ол пайданың қалай қалыптасатындығын көрсетеді. Банк қызметінің басты қағидасы пайдалы шаруашылық болғандықтан, бұл әсіресе маңызды болып табылады. Банктік пайда - бұл шаруашылық нәтижесінде капиталды көбейтетін, табыс пен шығыс арасындағы айырмашылықты көрсететін банк қызметінің қаржылық нәтижесі.

Сондай-ақ пайыздық табыс пен пайыздық шығын арасындағы банктік маржаны айыра білу қажет. Ол тартылған ресурстарды банк қаншалықты тиімді пайдаланып жатқанын көрсетеді.
Кезең ішіндегі табыс пен шығын туралы ақпарат табыстар мен шығындар есебінде бейнеленеді (2-қосымша).

1.2.3 Ақша қозғалысы туралы есеп беру
Таяу уақытқа дейін ақша қозғалысы туралы есеп құрылған жоқ, ал шетелдерде ақша қаражатының жеткіліктілігін анықтау мақсатында қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы есеп қолданылды. Ол ағымдағы активтер мен ағымдағы қарыздар — пассивтер арасындағы айырмашылық ретінде есептелген айналыс қаражаттары позициясынан құрылды, сонымен қатар, жеке айналыс қаражаттарының пайда болу көздерін және олардың пайдаланылуын көрсетеді.

Ақша қозғалысы туралы есеп беру - бұл банктің есепті қаржылық жағдайындағы өзгерістерді бағалауға мүмкіндік беретін мерзімде операциялық, инвестициялық және қаржылық қызмет мөлшерінде ақша қаражатының келуі немесе кетуі бойынша ақпаратпен қамтамасыз етуші есеп беру түрі болып табылады (1-сурет).

Әдебиеттер
1. Маркова О.М., Сахарова Л.С., Сидоров В.П. Коммерческие банки и их операции. — М.: ЮНИТИ «Банки и биржи», 1995.
2. Мэтьюс М.Р., Перера М.Х.Б. Теория бухгалтерского учета. — М.: Аудит, 1999.
3. Мюллер Г., Гернон X., Миик Г. Учет: международная перспектива. - М.: Финансы и статистика, 1996,
4. Нидлз Б., Андерсон X., Колгуэлл Д. Принципы бухгалтерского учета. — М.: Финансы и статистика, 1996.