Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктегі бухгалтерлік есеп

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 25 стр.

Полный просмотр работы

Банктегі есеп және есеп беру негіздері

Жоспар
1 Банктегі есеп және есеп беру негіздері 3
1.1 Бухгалтерлік есептің мақсаты, қағидалары мен нысандары 3
1.2 Екіжақтылық принципі 6
1.1.1 Екіжақтылық принципі 6
1.1.2 Ақшалай өлшем принцип 6
1.1.3 Үздіксіздік принципі 7
1.1.4 Өзіндік құн принципі 7
1.1.5 Сақтық принципі 7
1.1.6 Материалдылық принципі 8
1.1.7 Сатып - өткізу принципі 8
1.1.8 Сәйкестілік принципі 9
1.2 Бухгалтерлік есеп ақпарат жүйесі ретінде ақпаратты пайдаланушылар 13
1.3 Банктегі қаржылық және басқару есебі 16
1.4 Бухгалтерлік есепті реттеу: заңдар, стандарттар, нормалар 20
Әдебиеттер 25

1 Банктегі есеп және есеп беру негіздері
1.1 Бухгалтерлік есептің мақсаты, қағидалары мен нысандары
Қазіргі қоғамда бухгалтерлік есептің мәні өте зор. Ол тек бухгалтерлік кітапты жүргізуді ғана емес, сонымен қатар банктің қызметіне қатысты барлық қаржылық ақпараттарды талдау, қаржылық есеп беруді өңдеу, бухгалтерлік есептің жүйесін құру, салық салу мәселелерімен бірге жоспарлар мен болжаулардың жасалынуын қамтиды. Ақша-несие саясатын анықтау және соған байланысты шешім қабылдау банктік операцияларды бейнелеуге және бірінші кезекте банк басқармасына, одан кейін пайдаланушыларға ақпараттар ұсынуға негізделген бухгалтерлік есептің жүйесін ұйымдастыру сапасы мен деңгейіне тікелей қатысты, себебі, сапалы ақпараттарды неғұрлым үлкен экономикалық пайда алу үшін тиімді пайдалану қажет.

Бухгалтерлік есептің жағдайы, жеке пайдаланушылардың айырықша қажеттілігін қанағаттандыру үшін емес, айтарлықтай көп санды пайдаланушылар мүддесіне жауап беретін, жалпы мақсаттағы ақпараттарды анықтау болып табылады.
Халықаралық стандартпен белгіленген мақсаттар мыналар:

Калькуляция — шығындарды топтастыруды қамтамасыз ететін және өзіндік құнды анықтайтын бухгалтерлік рәсімдеу элементі.
Бухгалтерлік рәсімдеу элементтері арасында қабылдануы қиын және түсінуде ауыртпашылық туғызатын элементтер бар, ондай элементтер шоттар және оларда шаруашылық операцияларының екіжақты сипатталуы.

1.1.1 Екіжақтылық принципі
Бұл төмендегі ережелерге сүйенеді: шаруашылық субъектісінің қаржысы оның міндеттемелері мен капиталының сомасына тең.

1.1.2 Ақшалай өлшем принцип
Ақшалай сипаттағы мәліметтер бухгалтерлік жазбада көрініс табады. Бухгалтерлік есеп шаруашылық операциясы өлшемінің нақты шаруашылық бірлігіне эсер етуімен байланысты.

1.1.3 Үздіксіздік принципі
Бұл принцип бойынша банк өз кызметін үздіксіз жалғастырады, яғни келешекте де қызметін жүзеге асыра береді. Ол жойылуға немесе операциясын қысқартуға міндетті емес.

1.1.4 Өзіндік құн принципі
Кәсіпорын қаңдай да бір құралдарды сатып алғанда, оларды сатып алуға кеткен, бухгалтерлік есепте көрсетілетін шығыстар және осы құралдардың өзіндік құны болып аталады.

1.1.5 Сақтық принципі
Сақтық принципіне сәйкес активтер мен пассивтер есепте айтарлықтай сақтықпен бағаланады және көрсетіледі, себебі банктің қаржылық жағдайына төніп тұрған қауіпті тәуекелді келесі кезеңге аударып жібермеуге тырысады. Демек:

1.1.7 Сатып - өткізу принципі
Сатып - өткізу принципі табысты қай кезде есепке алу керектігін анықтайды. Ол бойынша өткізуден түскен табыс ақшаны алған кезде емес, өткізу жүзеге асырылған кезде, яғни қызмет көрсету жүзеге асқан сәтте және тұтынушыға өнімді жеткізген кезден есептеледі.

1.2 Бухгалтерлік есеп ақпарат жүйесі ретінде ақпаратты пайдаланушылар
Бухгалтерлік есеп шаруашылық - қаржылық қызмет пен шешім қабылдаушы адамдар арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Қаржылық-шаруашылық қызметін ол туралы мәліметтерді, келешекте пайдалану үшін тіркеу жолымен өлшейді, қажет уақытқа дейін сақтайды, одан кейін тиімді ақпарат алу үшін олар¬ды өңдейді және есеп беру арқылы ақпараттарды оларды шешім қабылдау үшін пайдаланушыларға береді. Шаруашылық қызметі туралы мәлімет, бухгалтерлік есеп жүйесіне кіруді білдіреді, ал шешім қабылдаушы тұлғалар үшін пайдалы ақпарат одан шығу жолы болып табылады.

Жанама қаржылық мүдделігі бар пайдаланушы. Кейінгі уақытта қоғам тұтастай, үкімет қызметкерлері және қоғамдық топ тұлғалары, бухгалтерлік ақпараттарды маңызды пайдаланушылар болып табылады (1-сурет).

1.3 Банктегі қаржылық және басқару есебі
Есеп қаржылық және басқару есептері болып бөлінеді. Басқару есебі басқарушылардың ішкі пайдалануы үшін өлшеніп, өңделіп берілетін есеп ақпараттарының барлық түрін қамтиды. Қаржылық есеп банктің ішіндегі басшылықтан тыс, сырттағы қажет етушілер пайдаланатын есептік ақпаратты қамтиды.

Мысал:
Өндіріс циклында келесідей кезеңділік бар: алу — өндіру — сату - жеткізу — пайда. Әрбір циклдің өтуі бизнесті өткізілген пайда сомасына арттырады. Несиеге сату немесе сатып алу тиімділігі алудың немесе төлеудің кешіктірілуі болып табылады. Пайданың нақты өткізілуі тек толық төленген жөне тиесілі ақшаны қолма-қол алған кезде жүзеге асады.

2.4 Бухгалтерлік есепті реттеу: заңдар, стандарттар, нормалар
Бухгалтерлік есеп реформасының бастапқы үдерісінде Ұлттық банкте және екінші деңгейлі банктердегі бухгалтерлік есеп сұрақтарына байланысты банк жүйесінде нормативтік базаның тұрақты жетілдірілуі жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес заңды тұлға болып табылатын банктер бухгалтерлік есепті бағыныштылығы мен меншік формасынан тәуелсіз Ұлттық банктің нұсқаулары мен талаптарына сәйкес, сондай-ақ Қаржы министрлігі қабылдаған негізгі құжаттар мен нормативтік актілер талабына сәйкес жүргізеді. Банкте бухгалтерлік есептің заңдылық базасы келесі құжаттардан тұрады:

Қазақстанда бухгалтерлік есеп жүйесін реттеудің төрт деңгейлі жүйесі бар деп санауға болады (2-сурет).

Әдебиеттер
1. Бухвальд Б. «Техника банковского дела». -М.:, 1994.
2. Дробозина Л.А. Финансы. Денежное обращение. Кредит. — М.: ЮНИТИ «Финансы», 1997.
3. Ефимова Л.Г. Сборник образцов банковских документов. - М.: Кодекс, 1995.
4. Емчиков В.К. Учет и операционная техника в банках. — М., 1998.
5. Жуков Е.Ф. Банки и банковские операции. - М.: ЮНИТИ «Банки и биржи», 1997.
6. Козлова Е.П., Галанина Е.Н. Бухгалтерский учет в коммерческих банках.
7. - М.: Финансы и статистика, 1996.
8. Колесников В.И., Кроливсцкая Л.П. Банковское дело. — М.: Финансы и статистика, 1999.
9. Лаврушин О.А. Банковское дело—М: Финансы и статистика, 1999
10. Макеев А.В., Савенков В.Н. Вексель - практическое пособие по применению. - М.: Банковский деловой центр, 1997.