Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Өнертану

Тип: Реферат

Объем: 22 стр.

Полный просмотр работы

Бейнелік шығармалар мен мүсіндік композициялар

Соғыстан кейінгі жылдары бізде мүсін өнері де пайда болғанын айта кету қажет. Онымен әуелі шеттен келгендер айналысса, содан соң өзіміздің мүшелер шықты. Соның алдыңғы қатарында Исаак Иткинд де болды. Оның жұмыстарының арасында «Шалдың басы. Философ» (1959) деген де бар. Онда ойға сүңгіген ақсақалдар бейнесі шамамен алғанда шығыс адамының тағдыры мен мінезінің портреті сияқты. Иткинд бастың формасын оның құрамына, құрылысына қарай мүше-мүшеге жіктейді: биік маңдайды жайлаған әжімдер, ой мен мүлгіген қабақ астындағы көз, «қожалақтау» ықшамдалған бет-әлпеті, алмастыра қажырылған формасы, бір мезетте қиюласқан мәдениет пен табиғаттың материалы (мүшесі баз ағаштың қабығын қалдырып отырған қажет деп санаған кезде),- бәрі бірлесіп бір шекте қатар тұрған қозғалыс пен тыныштықтың ұмтылмас образын жасайды.

60-шы жылдары портреттік кескіндеме Кәмилә Шаяхметованың «Балықшы Сауле» (1962) жұмысы ерекше хош иісті леп әкелді. Қараторы және алғызыл жүзді көңілді де, албырт жас әйелдің үстіндегі қызық кофта мен қара комбинезонына әсем үйлескен ақ орамал Сталиннің жеке басына табыну әшкереге айналғаннан кейінгі бақытты заман туатындығына сенген шат өмірге икемделудің өзінше символы сияқты. Алтынбай Молдабековтің «Қыз портреті» (1969) де соншалықтықайратпен салынған. Қараторы жүзіндегі тұңғиыққа тартқандай мөлдіреген елік көздері, шынтақшаға, орындыққа сүйенген шынтақтары, көкірегіне имене қойылған қолдары, ашық сары кофтасы мен үлкен ақ бантигі. Осының бәрінен батылдығы мен қорқақтығы үйлескен жасөспірімнің тартымды келбеті туындайды. Модельдің нақты қасиеттерін зерттей отырып суретші бір уақытта өз бағдарын жинақтауға және жас замандастың типтік бейнесін жасауға ұмтылады. Өз қызын бейнелей отырып суретші ол жұмысын «Қыз портреті» деп атайды. Ал Шаймардан Сариев керісінше жасайды: типтік образдағы қызға «Тұрар» (1967) деп ат қояды. Еркін Мергеновтің «Метис» (1961) мүсіндік портретінде және Павел Зальцманның «Шолпандар» (1962) акварель бетінде де типтік образды іздеу байқалады.

60-шы жылдардың ортасында біздің өнерімізде ұлттық бейнелеу тілін іздестірудің жаңа толқыны басталды. Салихитдин Айтбаетың тұсындағы буын картиналардың образды арқауына халық өмірін енгізгеді. «Жас қазақтар» (1968) және «Мейман келді» (1969) еңбектерінде түстердің сінділігі мен фигуралардың түзу ырғақтағы контурлары тоғысқан. Алайда, портреттік кескіндеме тіпті бұл суретшілер күрделілеу түстер мен ырғықты шешімдерді пайдаланады. Бұл субъект-модельге рухани өмірінде жатқан өзіндік болмысын сақтауға мүмкіндік береді.

Суретші, өзінің түпкі мақсатының композициялық түйінін тауып, сол арқылы тақырып негізі мен картинаның мән-мағынасын ашуға тырысады. Бұл өте күрделі жұмыс. Оған суретші бар шеберлік машығы мен іс-тәжірибесін, шабытын жұмсайды, қаншама уақытын сарп етеді.
Болашақ шығарма жазу жайлы нақтылы бір ой, елестету пайда болғанда эскиз жасау басталады. Көп толғанып, ізденудің арқасында ойлаған тақырыбыңыз біртіндеп тереңдей береді. Картина салуда, композиция негізі мен колорит шешуші орын алады. Эскиз жасау үстінде негізгі ойды қалай ашуға болатынына баса көңіл бөлінеді. Көріністерді, адамдарды, пейзажды, т.б. орналастыруда алғашқы бөліктердің мағынасын ашпай-ақ басты ойды іздестіру шарт. Сонымен қатар түстің құрылыстарын, дақтарды, олардың ара қатынасын ойластырады. Кейде кейбір заттар картинадағы жарық пен көлеңке, өң-түс қалай болатынын анықтайды.

Пейзаж, натюрморт, сәндік эскиз, интерьер жасағанда да әр бөлікті ой елегінен сан қайтара өткізіп, жөндеп, түзетумен ғана табысқа қол жеткізуге болады. Салып отырған затының өзіне қарап, салыстырып, ұқсамаған жерлерін түзетіп, қайта жөндеумен суретші өзінің шығармасын аяқтайды.
Композиция жасағанда, заттың өзіне қарап көп жұмыс істеуді дағдыға айналдырған дұрыс. Көре білу, көргенді есте сақтау қабілеттерін шындай отырып, қоршаған ортаның сұлу келбетін, әсерлі сәттерді бейнелей білу үлкен талант. Талант, талап бар да, оның қайнар көзін ашып, үнемі үзбей шыңдау, машықтандыру, ұштау бар. Талай іздену, көп оқып, ой-өрісті кеңейту, дүниетанымды арттыра, рухани жан дүниені байыту ғана киелі өнер жолында мұратқа жеткізбек. «Өнердің қолын ұста, өнегелінің жолын ұста»,- дегендей, ата-баба кәсібінен нәр алған, өмірдің ыстығы мен суығына, тәттісі мен ащысына дәмін татқан атамекенінен алыс жүрсе де Өмірзақ Рыстанұлы қазақ ұлттық өнерін өрбітуге айырықша үлес қосты. Монголия елінде туып, Батыс Еуропа Германия елінде көркем академиялық жоғары білім алған.