Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Өнертану

Тип: Реферат

Объем: 5 стр.

Полный просмотр работы

Бейнелеу өнері арқылы жастардың патриоттық сезімдерін қалыптастыру

Жалпы адам баласында рухани және материалды байлық деген бар. Соның ішінде адамды адам етіп, ұлтты ұлт ететін – рухани байлық. Рухани байлықтың қайнар көзі - өнерде. Соның ішінде тоқталып өтетініміз бұл – бейнелеу өнері. Бейнелеу өнерінің адамға сыйлар рухани байлығы ұлан-ғайыр.
Ерте кезден бастап ата-аналарымыз осы бейнелеу өнеріне өте жақын, сонымен бірге біте қайнасып келе жатыр десек артық айтпаспыз. Әжелеріміз кезінде киім-кешек, үйдің іші-сыртын безендіруге керемет-керемет оюлар ойлап тауып, аталарымыз сонау ерте заманды айтпағанда киіз үй мен ер-тұрман, зергерлік бұйымдардың неше түрін ойлап тауып, соларды әшекейлеуі тіптен керемет. Осы ата-бабаларымыздың ер-тұрманына, сырмағы мен текеметіне, сандығы мен кебежесіне қарап өнердің нағыз өресі болғанын білеміз.

Бейнелеу өнерінің тағы бір сыры, құдіретті салынған картина, ондағы бояулардың түсі, картинадағы композиция адам жанына тікелей әсер етеді. Мысалы, кейбір картинаны көргенде адамды өзінен өзі қуаныш билеп, жаны жадырап сала береді. Кейбірі тұңғиық ойларға жетелейді, тіпті кейбір картина ауырған адамның ауруынан айығуына, көңілінің әрдайым көтеріңкі болуына көмектеседі.

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының былтыр 26 мамырда біздің университетке келіп жастарға арнап оқыған лекциясында айтқандай «кез келген адам, кез келген маман иесі тіпті еден жуушы болсын өз ісінің нағыз шебері, маманы болуларың тиіс және әркім қолынан келген істі жақсы атқаратын болсаңдар алдағы мақсаттарыңа жетесіңдер» [1] деген.