Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Баяндама

Объем: 5 стр.

Полный просмотр работы

Қылмыскер тұлғасының ұғымы

Қылмыстылық – адамның мінез-құлқы нысандарының бірі, ал қылмыс – адамның саналы түрде жасаған әрекеті, нақты қылығы. Адамның тұлғасын сипаттайтын қасиеттердің бәрін біліп алмай жеке адам қылмысының себебін немесе жалпы қылмыс себебін біліп-түсіну мүмкін емес.
Криминологиялық ғылым адам қылмыскер болып тумайды, қылмыскерлік тұлғаның қалыптасу кезеңіндегі жайсыз жағдайлардың салдарынан пайда болады деп пайымдайды. Алайда, жайсыз жағдайдың бәрі бірдей және әр уа¬қыт¬та қылмыстық мінез-құлық тудырады деп ойлауға болмайды. Адам іс жүзінде өзінің психологиялық табиғатына сай келетін шарттар мен фактор¬лар¬ды таңдап алып және оны белгілі бір дәрежеде игереді.

Қылмыскер тұлғасының ерекшеліктерін теріске шығару осы ұғымның өзін ғана теріске шығарып қоймайды, ең бастысы қисынды түрде адамды кез келген сәтте қылмыс жасайтындай сыртқы күштер мен жағдайларға тәуелді етіп қояды. Қылмыстық құқық тұрғысынан алғанда қылмыскер (қылмыс субъектісі) – іс жүзінде заңмен көзделген кінәлі түрде қоғамға қауіпті іс-әре¬кет жасаған белгілі бір жасқа толған адам. Сондықтан қарастырылып отыр¬ған категория қылмыс жасалған уақыттан бастап қылмыстық жазаны өтеген¬ге дейін сотпен «куәландырылған» уақытша шеңберге ие болады. Жазасын өтеп шыққаннан кейін адам енді қылмыскер емес. Мұндай жағдайда қыл¬мыс¬кердің тұлғасы турасында емес, қоғамға қауіптілік тудыратын тұлға туралы сөз болады.

Жалпы алғанда қылмыстың тұлғасын қоғамға жат көзқарасының, қо¬ғам¬дық мүддеге теріс қарауы мен өзінің қоғамға қауіпті жолдарды жүзеге асыру ойы және теріс нәтиже болдырмау жолындағы әрекетсіздігі кесірінен қылмыс жасаған адамның тұлғасы арқылы анықтауға болады.
Сонымен бірге қылмыскердің тұлғасын зерттеу диалектикалық катего¬рияларға сәйкес негізгі үш деңгейде жүзеге асырылады: 1) жалпы; 2) ерекше; 3) жеке.